Түлкі бауырсаққа

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасы

Тәрбиеші: Сахитжан Индира Нағашыбайқызы

Тақырыбы: «Дәмді бауырсақ»

Мақсаты

Слайдтағы суреттер арқылы ертегілерді еске түсіріп, тұзды қамырдан бауырсақты қалай жасау керектігін түсіндіру. Мүсіндеу әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, алақан арасында домалақтау. Қолдың, алақанның ұсақ саусақ бұлшық еттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру
  • Жасап көрсету
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Сары түсті тұзды қамыр
  • Тақтайша
  • Сүрткіш
  • Алжапқыш
  • Ертегі кейіпкерлері

Іс-әрекет кезеңдері

Мотивациялық кезең

Шаттық шеңбері

Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.

Балалардың әрекеті: жиынға белсенді қатысу.

Ұйымдастырушылық-ізденімпаздық кезең

Әңгіме және бағыттау сұрақтары

  • 1 Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • 2 Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде бауырсақты мүсіндейміз.
  • 3 Бауырсақ дегеніміз не?
  • 4 Сендер бауырсақты жақсы көресіңдер ме?
  • 5 Сендерге бауырсақты көбіне кім пісіріп береді?

Балалардың ықтимал жауабы: «Бауырсақ — майға пісірілетін, домалақ, дәмді нан тағамы».

Тақтамен жұмыс

— Балалар, тақтадан не көріп тұрсыңдар?

— Иә, бұл — бауырсақ. Оның түсі сары, пішіні домалақ.

Кілтті ұғымдар: түсі — сары, пішіні — домалақ, мүсіндеу — алақан арасында домалақтау.

Ертегі: «Бауырсақ»

Баяғы өткен заманда ата мен әже болыпты. Бір күні ата әжеден бауырсақ пісіріп беруін сұрайды. Үйде ұн болмайды. Сонда әже қаптың түбін қырып алып, қаймаққа илеп, майға пісіріп, терезе алдына суытып қояды.

Әбден шаршаған бауырсақ төмен түсіп, жолға шығып кетеді. Жолда келе жатып қоянға кездеседі. Қоян: «Бауырсақ, мен сені жеймін!» дейді.

Бауырсақтың өлеңі:

Мені қаптың түбінен қырып алды,
Қаймаққа илеп алды,
Майға пісірді,
Терезе алдына суытты.
Мен атадан да қаштым, әжеден де қаштым,
Енді сенен де оңай құтыламын!

Бауырсақ қашып кетеді. Кейін қасқырға, аюға, түлкіге жолығады. Түлкі айлаға басып: «Құлағым дұрыс естімейді, мұрныма шығып айтшы», — дейді. Сол сәтте түлкі бауырсақты жеп қояды. Сөйтіп, бауырсақ түлкіге жем болады.

Талқылау сұрақтары

  • Ертегі не туралы?
  • Бауырсақты соңында кім жеп қояды?

Мүсіндеу: бауырсақты қалай жасаймыз?

  1. Тұзды қамырдың бір бөлігін аламыз.
  2. Қамырды сол жақ алақанға саламыз.
  3. Оң жақ алақанмен жауып, алақан арасында домалақтаймыз.
  4. Домалақ, тегіс пішін шыққанша айналдырамыз.

Нәтиже: бала домалақтау қозғалысын меңгеріп, саусақ бұлшық еттерін дамытады.

Өлең айту (сергіту және көңіл-күй көтеру)

1) Әжем келді ауылдан,
Алақай-ау, алақай.
Әжем бәрі жақсы ғой,
Қуанышы балақай.

2) Жан қалтасын ақтарып,
Қос қолымен уыстап.
«Базарлығым, балам!» деп,
Төгіп жатыр бауырсақ.

Балалардың практикалық жұмысы

Балалар тұзды қамырдан бауырсақ мүсіндейді.

Ескерту: жеке балалармен қосымша бағыттау жұмысы жүргізіледі.

Рефлексиялық кезең

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не жасадық?
  • Қандай ертегі тыңдадық?

Мадақтау және кері байланыс

Балалардың жауаптары тыңдалып, белсенді қатысқандары үшін мадақталады. Сабақ қорытындыланады.

Күтілетін нәтиже

Білуі

Бауырсақ жасаудың жолын білу.

Игеруі

Ертегінің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап бере алу.

Меңгеруі

Тұзды қамырмен жұмыс істеу дағдысын меңгеру.