Құрметті қонақтар, балалар
Тәрбие сағаты: «Қош келдің, Наурыз!»
Наурыз — көктемнің, жаңарудың және берекенің мерекесі. Бұл тәрбие сағаты балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға, жүйелі сөйлеуге баулуға, мерекелік көңіл күй қалыптастыруға және салт-дәстүрді құрметтеуге бағытталған.
Мақсаты
- Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.
- Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.
- Жүйелі, сауатты сөйлеуге үйрету және мерекелік көңіл күй қалыптастыру.
- Елге сүйіспеншілікке, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Наурыз мерекесіне арналған суреттер
- Интерактивті тақта
- Киіз үй, шарлар
- Дөңгелек үстел, бесік
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар және қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Наурыз!» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар, міне, Наурыз да келді. 22 наурыз — жыл басы. Наурыз — үлкен мейрам, көптен күткен берекелі той.
Өлең шумақтары
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп, міне жатыр маңайды!
Мал біткеннің бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқым сүйген ырыс қой,
Көңілдердің күмбірлеген тынысы ғой.
Аман ба деп мал-жан сұрап әр адам,
Бірін-бірі құшақтасып табысады ғой.
Құттықтау
Барлығымыз орнымыздан тұрып, бір-бірімізді құшақтап, жақсы тілектер айтып, Наурыз мерекесімен құттықтайық!
Наурыз — Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ-береке, молшылық әкелсін!
II. Әңгімелесу: Наурыз туралы
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жылдың басы деп саналады. 21–22 наурызда күн мен түн теңеледі. «Наурыз» сөзі «нау» — жаңа, «руз» — күн деген ұғымдардан шығып, «жаңа жыл» мағынасын білдіреді.
Бұл күнге адамдар алдын ала дайындалады: үйді, аула мен көшені тазалап, арықтарды аршиды, ағаш пен гүл отырғызады. Үйлерде дастархан жайылып, ән айтылып, би биленіп, ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
Ізгі тілек
Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі. Ол өмірге нұр, көңілге гүл сыйлайтын қастерлі күн.
Енді кішкентай бүлдіршіндеріміз Наурыз мерекесіне дайындаған тақпақтарын ұсынады.
III. Тақпақтар
1-бала
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
2-бала
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Тәрбиеші түсіндірмесі
Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, гүлдер шыға бастайды. Олар — көктемнің алғашқы гүлдері: бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. (Интерактивті тақтамен жұмыс)
3-бала
Түрлі-түсті әсем боп,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызығып ылғи барамын,
Қырға шықтым ойнап.
4-бала
Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасын,
Жүздер шуақ құйылсын.
5-бала
Кіргізіп көркін даланың,
Бәйшешек қырда қаптады.
Қызығып ылғи барамын,
Үзуге бірақ батпадым.
6-бала
Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа бөленеді,
Соны тойлар ел енді,
Жаңа жылға кенеледі.
7-бала
Наурыз тойы — салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз,
Береке тілеп баршамыз.
Көктем туралы
Көктем — жыл мезгілінің ең әдемі кезеңдерінің бірі. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күннің шуағы молайып, қар еріп, жылғалардан су аға бастайды. Көктем — көңілді мезгіл. (Интерактивті тақтадағы суреттер көрсетіледі)
8-бала
Сансыз көкек сыңқылдап,
Көктем келді еркелеп.
9-бала
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп.
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті ырысын.
10-бала
Қар су болып жөнелді,
Қалды дала жалаңаш,
Күн нұрына кенелді.
11-бала
Келді көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.
12-бала
Сүті көп те, көмірі аз,
Болады ғой, Наурыз!
13-бала
Дастарханды дәніміз,
Жайдары боп бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!
14-бала
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда
Құстар әні төгілді.
15-бала
Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді — жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн,
Мейрамы ғой халықтың.
16-бала
Балалар-ау, балалар,
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.
IV. Жұмбақ
Жұмбақ
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
Бұл не?
Дұрыс жауап: дастархан.
Дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? Осы орайда дастархан басындағы әдеп, асқа қатысты тыйымдар мен ырымдар туралы Жазира апай таныстырып өтеді.
V. Ұлттық салт-дәстүрлер
Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қадірлеген. Сондықтан халқымыздың той-думандары көп болған. Соның бірі — бесікке салу.
Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл-қалжың құрып, ұлттық ойын ойнап, көңіл көтерген. Бұл дәстүрдің ырым-жоралғыларын көрсетіп, түсіндіріп беру үшін сөз Шолпан апайға беріледі.
Ал бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап жүре бастағанда тұсау кесер тойы өткізіледі. Бұл дәстүр туралы Әсел апай әңгімелейді.
VI. Ұлттық ойын: Арқан тартыс
Наурыз мейрамында халық қуанып, ұлттық ойын түрлерін ойнап, көңіл көтерген. Солардың ішінде көкпар, қыз қуу, арқан тартыс сияқты ойындар кең тараған. (Интерактивті тақтамен жұмыс)
Ойынның шарты
- Балалар екі командаға бөлінеді.
- Командалар арқанды өз жағына қарай тартады.
- Арқанды бірінші болып өзіне қарай тартып алған команда жеңімпаз атанады.
1, 2, 3 — бастаймыз!
Ойын аяқталған соң: «Рақмет! Отырамыз!»
VII. Қорытындылау
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі — бата-тілек. Ата-бабаларымыз сөз арқылы жақсылықты шақырып, жақсылыққа ықпал етуге болады деп түсінген.
«Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді»,
«Баталы құл арымас» — деген нақылдар арқылы кейінгі ұрпаққа ақ ниет білдіріп, бата беруді дәстүрге айналдырған.
Бата туралы Батима апайдың әңгімесін тыңдайық.
Тәрбиеші оқитын өлең
Жаз келер, қысты күні қысым кетіп,
Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рақым етіп.
Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай,
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп.
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды, олар да өсіп.
Сұрақ-жауап
Балалар, сендер білесіңдер ме? Наурыз мейрамы — жыл басы, яғни жаңа жыл. Ал жаңа жылдың иесі кім?
Дұрыс жауап: Қоян. Жаңа жылдың иесін қарсы алайық!
Қоянның сөзі
Қыс келеді ақ тонды…
Оян бәрің!
Орындалсын көксеген ой-арманың!
Қоян деген момақан мақұлық қой,
Ескер, бірақ Ақтабан қоян барын!
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, қонақтар! Енді Наурыз мейрамына арналған шағын концертімізді тамашалаңыздар.
VIII. Ән, би, өлең
Өнер көрсету
Оқушымыз Еркінова Диляраның өнерін ұсынамыз.
Өлеңдерді мәнерлеп оқу
Бай өлкеммен мақтанам,
Жырға қосып шаттанам.
Жерімнің бар байлығын,
Тәуелсіз ел сақтаған.
Абай атамыздың өлеңдерінен
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа:
Алдың — жалын, артың — мұз,
Барар едің қай жаққа?
Би
0 «Ж» даярлық тобының орындауында «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар!
Осымен, құрметті қонақтар, Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рақмет! Сау болыңыздар!