Гидросфера қабаты қандай қабат

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән

Биология, 9-сынып

Тақырып

§ 66. Биосфера – тіршілік қабаты

Сілтеме

9-сынып оқулығы

Мұғалім

Атшыбаева К.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға тіршілік үдерістерінің біртұтастығын және биосфера шегіндегі тіршіліктің сан қырлы үдерістерін түсіндіру. Төменгі сыныптарда меңгерген білімдерін кеңейте отырып, биосфераның құрылымы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар биосфера туралы білімдерін толықтырады.
  • Биосфераның негізгі қасиеттерін сипаттай алады.
  • Биосфераның ластану жолдарын және алдын алу, қорғану шараларын түсіндіреді.

Ресурстар

Интерактивті тақта Слайдтар Электрондық оқулық

Сабақтың өту әдістері

Оқыту тәсілдері

  • Диалогтік оқыту
  • Топтық оқыту
  • «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі
  • АКТ қолдану

Ұйымдастыру кезеңі

Уақыты: 3 минут

  1. Сәлемдесу, сыныпты түгендеу.
  2. Түсті қағаздар арқылы оқушыларды топтарға бөлу.
  3. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Деңгейлік тапсырмалар

Оқушылар топтарға бөлініп, берілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Тапсырмалар А, В, С, Д деңгейлері бойынша ұсынылады.

1-топ: Атмосфера

  • А деңгейі

    Атмосфера қабаты және оның химиялық құрамы.

  • А

    Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?

  • В

    Тіршілік үшін атмосфералық ауаның маңызы қандай?

  • С

    Атмосфераның негізгі қызметтерін атаңыз.

  • Д

    Атмосфераның түзілуі қалай жүрген?

2-топ: Гидросфера

  • А

    Гидросфера қабаты қандай қабат?

  • А

    Гидросфераның құрамы қандай?

  • В

    Гидросфера қабатында тіршілік қалай таралған?

  • В

    Мұхит түбіндегі тіршілік туралы не білесіз?

  • С

    Су көздерінің ластануының негізгі себептері қандай?

3-топ: Литосфера және топырақ

  • А

    Литосфера және оның қабаттары.

  • А

    Литосфера қабатының құрамы неден тұрады?

  • В

    Топырақ дегеніміз не?

  • В

    «Топырақ — тіршіліктің тірегі» дегенді қалай түсінесіз?

  • С

    Литосфераның бүгінгі экологиялық жағдайы туралы не айта аласыз?

4-топ: Биосфера

  • А

    Биосфера дегеніміз не? Оның басты қасиеттері қандай?

  • А

    Биосфераның алуан түрлілігінің себебін қалай түсіндіресіз?

  • В

    Биологиялық өнімділік дегеніміз не?

  • В

    Биомасса деген не?

  • В

    Биосфераның қай қабаттарында биологиялық өнімділік жоғары?

  • С

    Биосфераның тұрақтылығына қауіп төндіретін қандай факторларды атар едіңіз?

Үй тапсырмасын тексеру

Қызығушылықты ояту

«Сәйкестендіріңіз» тапсырмасы арқылы өткен тақырыпты еске түсіру және жаңа сабаққа кіріспе жасау.