Өлеңге талдау жасау
Сабақ форматы және құрылымы
Өту әдістері
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Топтау, ой жинақтау
- Көрнекіліктермен жұмыс
- Талдау
Пәнаралық байланыс
- Тарих
- Қазақ тілі
- География
Өту барысы
- IҰйымдастыру бөлімі
- IIҮй тапсырмасын тексеру
- IIIЖаңа сабақ түсіндіру
- IVҚорытындылау
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жерлес ақиық ақынымыздың өмірі мен шығармашылық жолы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық
Тіл байлығын, шығармашылық қабілетті және ізденімпаздық деңгейін дамыту; туған жерді қадірлеп, сүйе білуге бағыттау.
Тәрбиелік
Абайша айтқанда, «толық адам» тәрбиелеу: ар-намысты биік қоятын, ішкі жауапкершілігі берік тұлға қалыптастыру.
Ұйымдастыру және үй тапсырмасы
Ұйымдастыру бөлімі
- 1Амандасу, сыныпты түгелдеу.
- 2«Шаттық шеңберін» құру, ой сергіту.
- 3Топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырма: Қасым Аманжоловтың «Дауыл» өлеңі бойынша эссе жазу.
Жұмыс форматы
- Топ ішінде талқылау
- Үздік эссені ортаға салу
- Екі топтың бір-бірін «Бағдаршам» әдісімен бағалауы
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары
- Қ. Аманжолов қандай ақын?
- Оны қалай дәлелдейсің?
- Дауыл қандай құбылыс?
- Өлеңнің мазмұны қандай?
Жаңа сабақ: ар-ұят туралы
Сабаққа кіріспе сұрақтар
- Бүгін қандай мереке?
- Көрісу айт мерекесін Қазақстан түгел тойлай ма?
- Батыс өңірінен шыққан ақын-жазушыларды білесіңдер ме?
Осы ойларды байланыстыра отырып, бүгінгі сабақтың авторы — Жұбан Молдағалиев. Негізгі тақырыпты ашу үшін өсиет әңгімені тыңдап, «Ар-ұят туралы» ой қозғаймыз.
Жұбан Молдағалиев туралы қысқаша дерек
Ақын 1920 жылғы 5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданындағы Жыланды ауылында дүниеге келген. Қазақ рухын асқақтатқан «Мен қазақпын» дастаны — ұрпаққа қалған өлмес мұра.
Шығармалары
«Жесір тағдыры», «Айттым сәлем», «Қыран дала», «Сел», «Байқоңыр баспалдақтары» және басқа да том-том туындылары.
Біз Жұбан ағамызды тек марапаттары үшін ғана емес, біртуар ірі қазақ болғаны үшін ардақтаймыз.
Түйін ұғымдар: ар, ұят, намыс, ождан
Ар, ұят, намыс, ождан — адамның ішкі өлшемі, мінезі мен таңдауының таразысы. Осы ұғымдарды қалай түсінесіңдер? Ойды нақтылау үшін мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді еске түсіреміз.
Әрлі болғанша, арлы бол.
Ұялмаған арын жейді.
Ұлдың ұяты — әкеге, қыздың ұяты — шешеге.
Арыңды жасыңнан сақта.
Өлімнен ұят күшті.
Өлеңмен жұмыс және талдау
1) Мәнерлеп оқу және ойлану
Өлеңді мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтаймыз. Одан кейін «Ойлан, талқыла» кезеңінде мазмұн мен идеяға талдау жасаймыз.
Үзінді
Ұятпен надандық өлшенеді,
Ұятпен адалдық өлшенеді,
Ұятпен арамдық өлшенеді.
«Ажалдан әркім-ақ бір өлер,
Ұяттан бір емес, күнде өлер.
Ұят ол — өлімнен күшті», — деп
Ұятқа ежелден түнеді ел.
2) Өлең құрылысы мен көріктеу тәсілдері
-
Тармақ — өлең жолы.
-
Бунақ — тармақтың ырғаққа бөлінуі; оны буын жасайды.
-
Шумақ — тармақ санына қарай құралатын бөлік (қазақ өлеңі көбіне 4 тармақтан тұрады).
-
Ұйқас — тармақ соңындағы дыбыстық үндестік.
-
Анафора — жол басында сөздің немесе сөз тіркесінің қайталануы.
-
Эпифора — жол соңында сөздің немесе сөз тіркесінің қайталануы.
3) Кітаппен жұмыс
Ар-ұят ұғымына Жұбанша анықтама беріп, мәтіннен дәлел келтіреміз.
4) Постер қорғау
Топпен «Ар-ұят» тақырыбында постер жасап, ойды дәлелмен қорғаймыз.
5) Қорытынды сұрақтар
- Өлеңнің мазмұны не туралы?
- Жігіттің өзінен үлкен адаммен айтысуы дұрыс па?
- Қандай адамгершілік қасиеттерді білесіңдер?
- Жігіт дөрекі сөз қолданған ба?
- Сендер үлкен адаммен айтысар ма едіңдер?
Естелік және ақынға тағзым
Ескерткіш туралы дерек
1991 жылы мамыр айында Құрайлысайда Ж. Молдағалиевке ескерткіш орнатылды. Ашылу салтанатына Қадыр Мырзалиев, Ақұштап Бақтыгереева, ақынның жұбайы Софья апай және ұлдары Қуандық пен Азамат қатысты.
Арнаулардан үзінді
Қадыр Мырзалиев
Тебіреніп тобылғы мен тораңғы,
Туған жердің шуағына орандың.
Азамат боп кетіп едің бір кезде,
Ауылыңа ескерткіш боп оралдың!
Ақұштап Бақтыгереева
«Халқым, өмірге Жұбанша биіктен қараңдар, үлкендерді Жұбанша сыйлаңдар, Жұбандай әулие ұрпақ өсіріңдер!»
Сағынтай Бисенғалиев
Болады бүгін қалай жырым мұңды,
Бейнеңе қарап тұрып сыр ұғындым.
Өлеңнің өлкесінде қыран едің,
Тауыпсың туған жерде тұғырыңды.
Қорытынды, тапсырма және бағалау
Қорытынды әңгіме
- Бүгін Жұбан Молдағалиевтің ар-намыс, ар-ұят туралы ой-толғамымен таныстық.
- Түйін: елді сүйіп, жақсы оқып, үлгілі болу — азаматтық өлшем.
Үйге тапсырма
- Ар-ұят туралы шағын әңгіме жазу.
- Үзінді жаттау.
Бағалау
«Білім ағашы» тәсілі арқылы бағалау жүргізіліп, оқушылардың пікірі тыңдалады.
Дәйексөз
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,
Анық төмен болмай ма хайуаннан?
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.
Дәйексөз
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап —
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.