Әңгіменің мазмұнын баяндау
Сабақтың тақырыбы
О. Бөкей — «Тортай мінер ақ боз ат»
Сабақтың мақсаты
Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығымен танысу. Әңгіменің мазмұнын талдай отырып, көркем шығармаға қызығушылықты арттыру.
Сабақтың түрі
Жаңа оқу материалдарын меңгерту сабағы.
Сабақтың әдістері
- ДЖИГСО-1
- Топтастыру
- Еркін жазу стратегиясы
Көрнекілігі
О. Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар, әңгімелер тақырыптарына сай суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың міндеттері
1) Мазмұнға байланысты
Әңгіменің мазмұнымен танысып, кейіпкерлерге мінездеме береді; мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады.
2) Сыни ойлауды дамыту
Ойталқыға қатысып, өзара пікір алмасады; іс-әрекеттерін талдайды.
3) Топтық жұмыс
Өз ойын дәлелдеп қорғауға үйренеді; бір-бірін тыңдайды; достық пен өзара сыйластық нығаяды.
Бағалау
Ойды еркін әрі жүйелі жеткізе алу қабілетіне қарай бағаланады.
Сабақтың құрылымы
Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Ой ашар
- Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- С. Мұратбеков — «Жусан иісі».
- Өткен шығарма мазмұны бойынша құрастырылған сөзжұмбақты шешу.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- «Жусан иісі» — прозалық жанрдың қай түрі? (Әңгіме)
- Аян халық ауыз әдебиетінің қай түрін шебер айтушы еді? (Ертегі)
- Шығарманың басты кейіпкері кім? (Аян)
- С. Мұратбеков қай өңірде дүниеге келген? (Талдықорған)
- Аян сауаттанғаннан кейін не істеді? (Хат жазды)
- Аянның ұстазы кім? (Иманжанов)
- Оқиға қай жерде болды? (Жусандытөбе)
- «Жусан иісі» шығармасының авторы кім? (Мұратбеков)
- Аян Асылбек қартқа аяғын салдырғанда қандай қасиет көрсетті? (Төзім)
- Аянның досы кім? (Есікбай)
- Аянға көмек көрсеткен кім? (Асылбек)
- Балалар кімнің үйінің қасына жиналып, ертегі айтушы еді? (Бапай)
Ерекше торкөзден шыққан сөз:
Оралхан Бөкей
Мағынаны тану
Бүгін Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығымен, сондай-ақ «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесімен танысамыз.
Топтық жұмыс: деректерді жинақтау және қорғау
Тақтадағы О. Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған деректермен танысып, әр топ ақылдаса отырып мәліметтерді жинақтайды. Уақыт берілген соң, әр топтан 2 оқушы шығып қорғайды.
Қорғауды толықтыру үшін слайд материалдары көрсетіледі.
ДЖИГСО-1: мәтінмен жұмыс
Әңгіменің мазмұны 3 бөлікке бөлініп, үш топқа таратылады. Оқушылар бір-бірінің ойын жалғап, пікір алмаса отырып мәтінді толықтырады. Тақтаға әңгіменің мазмұнына байланысты суреттер ілінеді.
Тапсырма
Бас кейіпкерлерге мінездеме беру: Ораз, Тортай.
Ой толғаныс
Талқылау сұрақтары:
- Бүгін нені үйрендік, нені білдік?
- Әңгіме неге «Тортай мінер ақ боз ат» деп аталған?
- Тортай қандай бала? Сеніңше, жағдайы болып оқыса, өскенде кім болар еді?
- Ораштың орнында болсаң, сен не істер едің?
- Шығарманың сен үшін тәрбиелік мәні қандай болды?
Бағалау
Оқушылар жауаптарының мазмұндылығы мен ойды жүйелі жеткізуіне қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Оралхан Бөкей туралы деректер жинау.
- Әңгіменің мазмұнын баяндау.
- «Баяғыда бір жетім бала болыпты…» деп Тортай туралы ертегіні жалғастырып жазу.