Округтік приказдың құрамы

Тарих пәні мұғалімі

Дулат Абдуллаев

Қазақстан тарихы · 8-сынып

Сабақтың тақырыбы

Семей ішкі округінің құрылуы

Сабақтың мақсаты

Қорытындылау сабағы

Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлері мен ізгі қасиеттерін, инабаттылық пен іскерлік дағдыларын, салт-дәстүрлерді және сол кезеңдегі саяси-экономикалық ахуалды түсіндіріп, олардың санасына сіңіру.

Білімділік

Қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері, қазақтардың саяси-экономикалық жағдайы туралы кең көлемде мәлімет беру.

Дамытушылық

Ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика-эстетикалық талғамын және ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Жан-жақты білімді болуға, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, сондай-ақ саяси-экономикалық жағдайларды құрметтеуге және сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Баяндау
  • Иллюстрациялық түсіндіру
  • Сипаттау
  • Талдау
  • Интерактивті жұмыс
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Интерактивті тақта
  • Слайд

Жаңа сөздер

Міндеткерліктер

Жергілікті халық міндетті түрде атқаратын қызмет түрлері.

Жол жөндеу салығы (ремонт салығы)

Шекара шебінен өткен жағдайда төленетін алым түрі.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

2 минут
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Қатысушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

15 минут

Тақырып 1

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

Тақырып 2

Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары

Тақырып 3

Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері

Әр топ сұрақтарға жауап береді. Интерактивті тақтадағы кластерлер бойынша жануарлардың пірлерін атайды.

1-топ: Жануарлар пірлері

  • Түйе Ойсылқара
  • Қой-ешкі Шопан ата
  • Сиыр Зеңгі баба
  • Жылқы Қамбар ата

2-топ: Ойын-сауық түрлері

Көкпар

Ер адамдар арасында кең тараған ойын. Екі топ ат үстінде серкенің терісін тартысып, белгіленген шеңберге жеткізген команда жеңіске жетеді.

Қыз қуу

Ер жігіт пен қыз бала атпен жарысады. Ер жігіт қызды қуып жетсе, бетінен сүюге тиіс.

3-топ: Әдет-ғұрып ұғымдары

Бауырға басу (асырап алу)

Туыстардың бір-бірінің баласын өз қамқорлығына алып, тәрбиелеуі.

Тамыр болу

Мәңгілік достық пен татулыққа ант беру дәстүрі.

Оқушылар белсенді қатысады. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен әдет-ғұрыптарын қайталап, қонақжайлылық және өзара көмек көрсету дәстүрлері бойынша қысқа талқылау жүргізіледі. Өткен сабақ қорытындыланып, жаңа тарау басталатыны хабарланады.

III. Жаңа сабақ

20 минут

Тақырып: Семей ішкі округінің құрылуы

Сабақ жоспары бойынша оқушылар округтік приказдардың құрамын сызба арқылы дәптерге түсіреді.

Семей ішкі округі туралы деректер

  • 1854 жылғы 9 мамырда Семей облысын басқару туралы Ереже қабылданды.
  • Аумағы Омбы бекінісінен Өскеменге дейін созылды: ұзындығы шамамен 800 шақырым, ені 300–400 шақырым.
  • Жаңа округ Томск губерниясы аумағында құрылып, Семей облысының құрамына енгізілді.

Қазақтардың ішкі округке өту тәртібі

  • Үкіметке тікелей салық төлемеді.
  • Өздерінің жеке басқару құрылымы болмады.
  • Даладағы басқа қазақтармен араласуға тыйым салынды.
  • Шекара шебінен өткен жағдайда жол жөндеу (ремонт) салығын төледі.

Округтік приказдың құрылуы және басқару ерекшелігі

Құрамы

  • Әскери бастық
  • Аға сұлтан
  • Үш орыс және бір қазақ заседатель

Әкімшілік бөлініс және сайлау тәртібі

  • Округ → болыс → ауыл
  • Басқару жүйесі әскери сипатта болды

Сот билігі және міндеткерліктер

  • Дәстүрлі билер соты және Ресей заңдары негізіндегі тәртіп (билер қызметі округтік приказда бекітілді).
  • Жасақ төлеу: 15 сом күміс ақшамен үстеме.
  • Жол салу міндеті.
  • Келген шенеуніктерді киіз үй және отынмен қамтамасыз ету.

1868 жылы Семей ішкі округі жойылып, оның аумағы Семей облысының Павлодар және Өскемен уездерінің құрамына қосылды. Тақырыпты бекіту барысында оқушылардың тарихи үдерістер логикасын түсінуі үшін тематикалық кестелер, ал білімін бақылау үшін карта қолданылады.

Талқылау

Жаңа тақырып түсіндірілген соң, қорытынды сұрақтар арқылы негізгі ұғымдар мен деректер бірлесіп талданады.

IV. Қорытынды

3 минут

Оқулықтың 182-бетіндегі сұрақтар бойынша жауап беріп, талқылау жүргізіледі.

Сұрақ 1

Қазақтар Ертістің оң жағалауына қай кезден бастап көшіп-қонып жүрді?

Сұрақ 2

Семей ішкі округі қай жылы жойылды?

Округ жабылғаннан кейін оның аумағы Павлодар және Өскемен уездеріне қосылғаны қорытындыланып, округтің не себепті құрылғаны және қандай міндеттер жүктегені нақтылап түсіндіріледі.

V. Бекіту

2 минут

Семей ішкі округінің құрылу себебі: сол кезеңде Ертістің оң жағалауындағы қазақтардың саны жыл сайын арта түскендіктен, басқару мен бақылауды жүйелеу қажеттілігі туындады. Бұл тұжырым оқушылармен бірге талқыланады.

VI. Үй тапсырмасы

2 минут
  • §27 «Семей ішкі округінің құрылуы» тақырыбын оқу және мазмұнына дайындалу.
  • 182-беттегі кестені толтыру (сұрақтардың 10-тапсырмасы бойынша).

VII. Бағалау

2 минут

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен жауаптарының мазмұнына қарай бағаланады.