VII қысқы Азия ойындары туралы мәлімет беріп өту
Сабақ жоспары
Пән
Әдебиеттік оқу
Тақырып
«Ақ қыс» (Төлеген Айбергенов)
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Өлеңді түсініп, саналы түрде меңгерту.
- Автор туралы қысқаша мағлұмат беру.
- VII қысқы Азия ойындарының маңызы мен қорытындыларын ескере отырып, қыс мезгілінің ерекшеліктерін аңғарту.
Тәрбиелік
- Азия ойындары туралы мәліметтерді сабақта қолдана отырып, оқушыларды спортты сүюге тәрбиелеу.
- Отанымыздың мақтанышы болған спортшылардың жетістіктерін үлгі ету.
- Шыдамдылық пен төзімділікке баулу.
Дамытушылық
- Шығармашылық әлеуетін дамыту.
- Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
- Сөздік қорын молайту.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту сабағы
- Сабақтың түрі
- Ойын элементтері кіріктірілген сабақ
- Технология
- ДОТ
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, ой қозғау, эвристикалық, салыстыру, талдау
- Көрнекіліктер
- Суреттер, слайдтар, сөзжұмбақ, геометриялық фигуралар
Сабақтың барысы
I кезең
Қызығушылықты ояту
1) Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Оқушылардың қатысуын және құрал-жабдықтарын түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.
- Психологиялық дайындық.
Балалар, бүгінгі әдебиеттік оқу сабағымызға жуырда қос астанамыз — Астана мен Алматыда өткен Азия ойындарының бойтұмары, бас кейіпкері — Ирби қонаққа келді. Ол өзімен бірге қызықты тапсырмалар алып келіпті. Біз оларды сабақ барысында орындаймыз.
2) Жаңа сабаққа дайындық (ой қозғау)
Жыл мезгілдерін еске түсірейік:
- Көктем, жаз, күз, қыс.
Сұрақ
Қазір қандай жыл мезгілі?
Қыс.
Сұрақ
Қыстың сәні не?
Қар, аяз, әсем табиғат көрінісі.
Тапсырма
Қысқы табиғат құбылыстарын ата
Боран, қар, бұршақ, шық, мұз және т.б.
Талқылау
Осы қыс айларында елімізде қандай ірі іс-шара өтті?
VII қысқы Азия ойындары.
Қазақстан бұл ойындарда нешінші орын алды?
1-орын.
Ирбидің 1-тапсырмасы
«Қыс» сөзінің әр әрпіне сын есімдер жаз
Қ
қаһарлы, қызықты
Ы
ызғарлы, ылғалды
С
суық, салқын
Ұран
Азия ойындарының ұраны
«Мақсаты бірдің — рухы бір».
Біздің ұранымыз
Оқып-білу, тәрбиелі болып, жақсы азамат атану.
II кезең
Жаңа мағынаны тану
1) Жаңа тақырып
Тақырып: «Ақ қыс» (Т. Айбергенов).
2) Автор туралы мәлімет
Төлеген Айбергенов (1937 ж. 8 наурыз) — қазақтың көрнекті ақындарының бірі. Ол Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында дүниеге келген.
Ақынның алғашқы жыр жинағы 1961 жылы «Жас дәурен» атауымен жарық көрді. Кейін «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен саған ғашық едім», «Бір тойым бар» жинақтары жарияланды.
1987 жылы ақынның таңдамалы өлеңдері орыс тілінде «Мир созвездий» деген атпен басылып шықты.
Төлеген Айбергенов қазақ поэзиясында көптеген жас ақындарға, оның ішінде Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахым және т.б. қаламгерлерге өнеге көрсете білді.
Патриоттық рух пен адам бойындағы асыл қасиеттерді жырлаған талантты ақын 1967 жылы Қарақалпақстанның астанасы Нүкіс қаласында өмірден өтті.
Ақын дүниеден өткеннен кейін «Құмдағы мұнаралар» атты жыр жинағына 1974 жылы әдебиет, өнер және сәулет саласы бойынша «Қазақстанның Ленин комсомолы» сыйлығы берілді.
3) Өлеңді оқу
Өлең мәтіні мәнерлеп оқылады, негізгі бейнелеу құралдары мен көңіл күйі анықталады.
4) Сөздік жұмысы
Рояль — пернелі музыкалық аспап, фортепьяноның бір түрі.
5) Өлең мазмұны бойынша жұмыс
- Ақын қысты қалай суреттеген?
- Қар бетіндегі адам іздерін неге ұқсатады?
- Қысқы далада қандай дыбыстар естіледі?
6) Жұмбақ
Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.
Жауабы: Қар
7) Жаңылтпаш
Ақ қыс, қағаз, аққу — ақ,
Ақ тіс, ақ бу, ақ бұлақ.
Аппақ дейін, ақ дейін.
Ақ емес, бірақ ақтиін.
Қарға қара,
Қар ақ...
Қар жамылған дала ақ.
Дарақ та ақ,
Тал ақ,
Тағы не ақ?
Санап, жаңылысты Қанат.
8) Сөйлеу тапсырмасы
Өзің тұратын қаланың қысын сипаттап айтып бер.
9) Сөзжұмбақ
Төмендегі сұрақтар бойынша сөзжұмбақ шешіледі:
- Қап-қараңғы.
- Табиғат қандай?
- Жазғы табиғат құбылысы.
- Аспан мен жердің шекарасы.
- Қай уақыттағы шық?
- Үскірік…
- Жыл маусымы.
Ирбидің 2-тапсырмасы: «Адасқан әріптер» ойыны
Тақтадағы орындары ауысқан әріптерден қыс мезгіліне және Азиадаға қатысты сөздер құрастыр:
| Берілген | Дұрысы |
|---|---|
| АААДИЗ | АЗИАДА |
| ЕККОХЙ | ХОККЕЙ |
| ИРИБ | ИРБИ |
| УАҚЫР | ҚЫРАУ |
| ТАСАНА | АСТАНА |
| АЛАҚҚА | АҚҚАЛА |
| ЗҰМ | МҰЗ |
| ЖҢАА ЛЖЫ | ЖАҢА ЖЫЛ |
| АЛЫТМА | АЛМАТЫ |
| ЫҒҢАШ | ШАҢҒЫ |
| ДЬАЕМАЛ | МЕДАЛЬ |
| АНША | ШАНА |
Сергіту сәті
Берілген геометриялық фигуралардан аққала құрастырылады. Фигуралардың ішінде артықтары да болады.
III кезең
Ой толғаныс
«Жалғастыр» тапсырмасы
Өлеңнің алғашқы екі жолы беріледі. Сол үлгі бойынша өлеңді жалғастырып көр:
-
Ақпан айы келіп жетті,
Шымшып алды аяз бетті. -
Қыс келді борандатып,
Өрнек салып терезеге. -
Жылт-жылт қары құбылып,
Боранда суық шұбырып.
Үй тапсырмасы
- Өлеңді жаттау.
- «Көңілді қыс» тақырыбында эссе жазу.
Бағалау
Оқушылар фишкалар арқылы бағаланады.