Тілге құрмет. Сайыстың мақсаты

Танымдық сайыс

Тәуелсіздік – ел тұғыры

Бұл материал тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындырып, оқушылардың білімін, ойлау мәдениетін және тілдік дағдыларын дамытуға арналған танымдық сайыстың мазмұнын ұсынады.

Мақсаты

  • Қазақстан туралы жинақталған білімді жүйелеу және кеңейту.
  • Танымдық қабілетті арттыру, ойлау мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Өз ойын дәл әрі мәдениетті жеткізуге, ізденуге баулу.
  • Туған жерді, Отанды қастерлеуге және сүюге тәрбиелеу.

Ұраны

«Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет».

Ш. Уәлиханов

Ұйымдастыру

Көрнекіліктер
Слайдтар, шарлар, күй дискілері, буклеттер және т.б.
Пәнаралық байланыс
Қазақстан тарихы, музыка, әдебиет.
Өтетін орны
Химия кабинеті.

Кіріспе сөз: Тәуелсіздіктің мәні

Тәуелсіздік — қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Ол сан ғасырлар бойы бабаларымыздың асыл арманы болды. Тәуелсіздік ақ қанатты періштедей халқымызға бақ болып қонды.

1995 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Алматы қаласында Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Монумент авторлары тобының жетекшісі — Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.

Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы Республика алаңында, Қ. Сәтбаев пен К. Байсейітова көшелерінің қиылысында орналасқан. Монумент орналасқан алаң кеңістігі 180 метрге жуық аумақты қамтиды.

Монумент композициясы: бейне мен мағына

Монументтің өзегінде Маңғыстаудың бедерлі құлпытастарына ұқсас оюлы Сынтас бейнесі бар. Сол Сынтастың үстінде биіктігі алты метрлік қанатты барысқа мінген Алтын адамның мүсіні асқақтайды.

Бұл бейне ойдан құрастырылмаған: негізінде Есік қорғанынан табылған әйгілі Алтын адам бейнесі алынған. Оның сән-салтанаты мен зергерлік әшекейлері дүниежүзілік деңгейдегі өнер туындысы ретінде бағаланады. Зергерлік бұйымдардың айшықтылығына қарағанда, бұл тұлға ханзада болғаны аңғарылады. Егер ол патшаның ұлы болса, онда оның әкесі билеген мемлекеттің болғаны да айқын.

Осы тұста ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген жолдары еріксіз ойға оралады.

Сынтастың түбінде төрт қырынан мүсіндер тобы орналасқан: Ақыл-ой иесі — Абыз, Жер-Ана, тайға мінген қыз бала мен ұл бала. Төрт мүсіннің болуы да тегін емес: қазақ «төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді. Яғни төрт тараптың тұтастығы — берекенің нышаны.

Тайға мінген балалар — жаңадан қалыптасып келе жатқан тәуелсіз мемлекеттің символы. Олардың келешегі алда: біз адамзат өркениетінің игілікті істеріне атсалысамыз, білім мен бәсекеде өз орнымызды табамыз деген ойды білдіреді.

Батыр ханзаданың бас киіміндегі тәж, кеудесіндегі қалқан, белбеу және барыстың қанаты алтынмен апталған. Тәуелсіздікті ақ сұңқарға теңесек, оны «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» әлпештеп, ардақтай білейік. Отанымыз бәйтеректей асқақтап, көркейе берсін.

Сайыс мазмұны

1-кезең: Таныстыру

Әр топтың жетекшісі топтың атауын, ұранын таныстырып, қатысушыларды қысқаша таныстырады.

2-кезең: «Әріптер сөйлейді»

Экранда әріптер көрсетіледі. Қатысушы әріпті таңдаған соң сұрақ беріледі. Жауап сол әріптен басталуы немесе жауаптың ішінде сол әріп кездесуі тиіс.

Әріптер қатары

А Ә Б В Г Ғ Д Е Ё Ж З И Й К Қ Л М Н Ң О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Һ Ц Ч Ш Щ Ъ Ы І Ь Э Ю Я

Әріп Сұрақ / жауап үлгісі
АЕліміздің оңтүстік астанасы — Алматы.
ӘАбылай ханның шын есімі — Әбілмансұр.
БАстана қаласының символы — Бәйтерек.
В1993 жылғы 15 қараша — валюта енгізілген күн.
Г«Тарихтың атасы» — Геродот.
ҒН. Назарбаевқа берілген атақ — «Ғасыр адамы».
ДАлла тарапынан берілген әмір, міндет, тыйымдар жиынтығы — дін.
ЕАлтын адам Есік қаласы маңынан табылған.
ЁМемлекеттік рәміздер 1992 жылғы 4 маусымда бекітілді.
Ж«Мен қазақпын» поэмасының авторы — Ж. Молдағалиев.
ЗСиырдың пірі — Зеңгі баба.
ИЕлбасының мамандығы — инженер-металлург.
ЙАлаш сыйлығын алған жазушы, қажы — Халифа Алтай.
КҚазақтың соңғы ханы — Кенесары.
ҚЖ. Баласағұнның XI ғасырдағы еңбегі — «Құтты білік».
Л1959 жылы М. Әуезовке «Абай жолы» үшін берілген сыйлық — Лениндік сыйлық.
ММәдениет және ақпарат министрі — Мұхтар Құл-Мұхаммед.
НКүйші-сазгер, дирижер, домбырашы — Н. Тілендиев.
Ң1993 жылы белгіленген орден — «Даңқ» ордені.
ОҚазақстанның бұрынғы астанасы — Орынбор.
ӨТүсті металлургия орталығы — Өскемен.
ПЖоғарғы заң шығарушы орган — Парламент.
Р1995 жылы энциклопедияға енген тұлға — Р. Бағланова.
ССүтке араластырып желінетін тары тағамы — сөк.
ТҚазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел — Түркия.
УМалдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті — уыз.
Ұ1999 жыл — «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы».
ҮЖыл мезгілдерін Үркер жұлдызына қарап болжаған.
ФЕкінші ұстаз атанған ғұлама — әл-Фараби.
Х2009 жылы 25 ақпан–6 наурыз аралығында — халық санағы өтті.
ҺТәуелсіздік жолындағы еңбегі үшін берілетін атақ — «Халық қаһарманы».
ЦАстананың бұрынғы атауы — Целиноград.
ЧҚазақтың жазба әдебиетінің негізін салған ұлы ақын — Абай.
ШКөрнекті сазгер — Ш. Қалдаяқов.
ЩТәуелсіздікке 18 жыл (мәтіндегі нұсқа бойынша).
Ъ«Семей полигоны» кітабының авторы — К. Бозтаев.
ЫҚазақтан шыққан кескіндемеші қыз — Г. Ысмайылова.
І«Көшпенділер» трилогиясының авторы — І. Есенберлин.
ЬҚазақстанның ең биік тауы — Тянь-Шань.
ЭСалт-дәстүрді зерттейтін ғылым — этнография.
ЮҚолданбалы өнердің бір жетістігі — ою-өрнек.
ЯКеңес Одағының Батыры атанған қазақ қызы — Әлия.

3-кезең: «Сөз мәйегі»

Бұл бөлімде мақал-мәтелдердің жалғасын табу ұсынылады.

  • Тіл тас жарады —
  • Бал тамған тілден —
  • Тауды, тасты жел бұзар, —
  • Жақсы сөз —
  • Шебердің қолы — ортақ, —
  • Өнер алды —
  • Айтылған сөз —
  • Жылы-жылы сөйлесең, —
  • Басқа пәле —
  • Тілге құрмет —

Музыкалық үзіліс

Ән: «Көк тудың желбірегені»

4-кезең: «Тапқырлық»

Сұрақтарға мүмкіндігінше жылдам әрі нақты жауап беріледі.

  1. ҚР мемлекеттік тілі — қазақ тілі деп Ата заңның қай бабында жазылған?
  2. Төл теңгеміз қашан айналымға енгізілді?
  3. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
  4. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға қашан мүше болды?
  5. Отан, жер туралы мақал-мәтел айт.
  6. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата.
  7. Жеті атаңды білесің бе?
  8. Жаңылтпаш айт.
  9. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
  10. Көп тілді білетін адам қалай аталады?
  11. Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін қашан алды?
  12. Әнұранның авторларын ата.

5-кезең: «Жылдар жемісі»

Әр жылға қатысты қандай тарихи оқиғалар болғанын еске түсіріп, қысқаша түсіндіру ұсынылады.

1991 1992 1993 1994 1995 1998 2006

6-кезең: «Елші»

Жұмбақтың жауабын тауып, оны үш тілде айту тапсырмасы беріледі.

1) Асқар тауда қара орман

Шашволосыhair

2) Қимылдаса қос шебер, қыруар-қыруар іс өнер

Қолрукаhand

3) Жүзіне салсаң көзіңді, көрсетеді өзіңді

Айназеркалоmirror

4) Бетін адам ашады, білім нұрын шашады

Кітапкнигаbook

7-кезең: «Қазақ елі – менің Отаным»

Әр топ Отан, жер, тәуелсіздік тақырыбын әртүрлі жанрда ашады.

I топ

Отан, жер туралы ән.

II топ

Отанға, жерге байланысты мақал-мәтелдер.

III топ

Отанға, жерге, тәуелсіздікке арналған өлең жолдары.

IV топ

Отанға, жерге байланысты жұмбақтар.

8-кезең: Шығармашылық жұмыс

Оқушылар өз қиялындағы жобаны дайындап, қорғап ұсынады.

1) «Біздің қиялымыздағы рәміз»
2) «Біздің сынып»
3) «Біз таңдаған мамандық»
4) «Менің Отаным – Қазақстан»

Музыкалық үзіліс

Ән: «Елім менің» (сөзі: Н. Назарбаев, әні: Б. Тілеуханов)

Қорытынды

Сайыс соңында әр топтың ұпайы есептеліп, жеңімпаздар марапатталады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Сендер — тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңге жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақсыңдар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!