Рационал сандар тарихынан

Сабақ жоспары Математика Рационал сандар

Тақырыбы

Рационал сандарға арифметикалық амалдарды қолдану тақырыбын қайталау.

Мақсаты

  • Оқушылардың рационал сандарға амалдар қолдану тарауы бойынша алған білімдерін тиянақтау.
  • Есеп шығару барысында рационал сандардың таңбасына көңіл бөлудің маңызын ұғындыру.

Күтілетін нәтиже

  • Рационал сандарға амалдар қолдануда жылдам әрі дәл есептей алады.
  • Модульмен берілген теңдеулердің шешімін табуда мұқият болады.

Сабақтың кезеңдері

Әр кезеңде мұғалім әрекеті, оқушы әрекеті, дифференциация және бағалау тәсілдері көрсетіледі.

I. Ұйымдастыру бөлімі

2 минут

Мұғалім әрекеті

Психологиялық тренинг өткізеді: «Көтеріңкі көңіл күй». Оқушылар парталас көршісіне гүлге жақсы тілектер жазып, бір-біріне ұсынады. Гүлдің түсіне қарай топқа бөледі.

Оқушы әрекеті

Тренингке қатысады, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Топтарын анықтап, топқа ат қояды.

Дифференциация / құндылық

Қызығушылыққа негізделген топтастыру арқылы ынтымақтастық қалыптастырады.

II. Қызығушылықты ояту

2 минут

Мұғалім әрекеті

«Рационал сандар» сөзінің бастапқы әріптері арқылы оқушылардан өздерінің жақсы қасиеттерін айтуды сұрайды. Сабақтың тақырыбын нақтылайды.

Оқушы әрекеті

Өз қасиеттерін атайды. Күнді, тақырыпты дәптерге жазады.

Бағалау

Ауызша мадақтау, белсенділік бойынша қысқа кері байланыс.

III. Мағынаны тану

негізгі бөлім

«Тарих — тамырымыз»

Рационал сандардың шығу тарихы

2 минут

Әр топтан бір оқушы тарихи мәліметтерді қорғайды.

1-топ

Рационал сандар туралы.

2-топ

Рационал сандарға қолданылатын амалдар туралы.

3-топ

Рационал сандарды салыстыру және модуль туралы.

Топ мүшелері ақпаратты плакатқа түсіріп, тақтада бір оқушы таныстырады.

«Білімдіге өріс кең»

Үй тапсырмасын тексеру және қысқа жазылым

3 минут (жазу) 2 минут (қорғау)

Оқушылар қысқаша тапсырманы орындайды, әр топ өз жауабын қорғайды.

«Математикалық жәрмеңке»

Деңгейлік тапсырмалар (оқулықпен жұмыс)

20 минут

A деңгейі

  • №1606
  • №1609
  • №1612

B деңгейі

  • №1610
  • №1611
  • №1613

C деңгейі

  • №1617
  • №1618 (1–4)
  • №1619 (1–2)

Жұмыс форматы

Топтық жұмыс, өзара тексеру, мұғалімнің жедел кері байланысы.

«Ойнайық та, ойлайық»

Қызықты логикалық есептер

5 минут
  1. 1) Бөлменің төрт бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар?

    Жауабы: 4 мысық.

  2. 2) Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады: біреуі алдында, екеуі артында; біреуі артында, екеуі алдында; біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек?

    Жауабы: 3 үйрек.

  3. 3) Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек, әрі 1 алма корзинада қалуы тиіс. Қалай жүзеге асырамыз?

    Жауабы: соңғы қызға алманы корзинасымен бірге беру керек.

  4. 4) Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрқайсысының 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?

    Жауабы: 6.

  5. 5) Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастасақ, неше бұрыш қалады?

    Жауабы: 5.

  6. 6) Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?

    Жауабы: 2 кг.

  7. 7) Екі қолда 10 саусақ. 10 адамда неше саусақ болады?

    Жауабы: 100.

  8. 8) Әсем пойыздың басынан санағанда 7-вагонға отырды. Марина пойыздың соңынан санағанда 7-вагонға отырды. Екеуі бір вагонда болды. Пойызда неше вагон болған?

    Жауабы: 13.

  9. 9) Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, әрқайсысы неше сағат ойнаған?

    Жауабы: 2 сағат.

  10. 10) Сәуледе 6 сақина бар: 5-еуінің массасы бірдей, 1-еуі жеңіл. Таразыны екі-ақ рет қолданып, жеңіл сақинаны қалай табуға болады?

    Нұсқаулық: 2–2–2 етіп үш топқа бөлеміз. Алдымен 2 сақинаны 2 сақинамен өлшейміз. Тең болса, жеңілі қалған үшінші жұпта. Тең болмаса, жеңіл жақтағы жұптан бір сақинаны екіншісімен өлшеп, жеңілін анықтаймыз.

«Тез есепте»

Ауызша есептер

3 минут
  • −3,5 + (−9)
  • −1,3 − (−0,1)
  • 39,7 + (−12,8) + (−65,3)
  • 6,2 · (−0,5)
  • (−0,25) · (−7) · 4
  • −7 : (−14)
  • 7,2 : (−9)

Ескерту: таңбаларды дұрыс қою және амалдардың орындалу ретін сақтау.

Қорытындылау

2 минут

Үй тапсырмасы

  • III тарауды жалпылама қайталау (сынаққа дайындық).
  • №1619 (3, 4) және №1619 (5, 6).

Рефлексия

«Бүгінгі сабақтан қандай қорытынды жасадыңдар? Не үйрендіңдер?»

Бағалау

2 минут

Оқушылар жинаған жетондары (алмалары) бойынша жеке және топтық бағалау жүргізіледі:

«3» бағасы

2–3 жетон

«4» бағасы

4–6 жетон

«5» бағасы

7 және одан көп жетон

Оқушылар өз мүмкіндігін бағалауға және нәтижесіне жауапкершілікпен қарауға дағдыланады.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!