Кім жылдам сайысы

Сайыс сабағы

«Компьютердің озат меңгерушісі» — үздік информатик сайысы

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер. «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген ұстанымды берік ұстап, білімімізді сынап, ой-өрісімізді кеңейтейік.

Тақырыбы

Үздік информатик сайыс сабағы

Негізгі ой

Компьютерлік сауаттылық, тапқырлық және топпен жұмыс

Кештің мақсаты

  • Оқушылардың информатикадан алған білімдерін жетілдіру және толықтыру.

  • Компьютерлік сауаттылықты арттыру, пәнге қызығушылықты ояту.

  • Ұйымшылдыққа тәрбиелеу және ұжымдасып жұмыс істей білуге баулу.

Сайыстың кезеңдері

1) Таныстыру

Топтардың өздерін таныстыруы

2) Бәйге

Сұрақ-жауап, ұпай жинау

3) «Кім жылдам?»

Терминдер жарысы

4) «Сиқырлы қалам»

Жұмбақ шешіп, сурет салу

5) «Жасырын сөз» (топ жетекшілеріне)

Жауапты үш тілде айту: қазақ, орыс, ағылшын

1-кезең: Таныстыру

Алдағы бағытымыз айқын. Озат екендеріңізді тағы бір дәлелдеп, информатика әлеміне қадам басайық — компьютер тілінде жарысайық!

1-топ

Компьютер

2-топ

Интернет

3-топ

Ақпарат

2-кезең: Бәйге

Бағалау: 1 сұрақ = 10 балл

Информатика болашаққа бастайды, ал компьютер ортаға сұрақ тастайды. «Бисмилла» деп, бәйгені бастайық — нақты жауап беріп, ұпай жинайық.

1) Алғашқы есептеу құралы

Жауап: саусақ

2) Қандай құрал?

Жауап: лупа

3) Қандай құрылғы?

Жауап: принтер

4) Компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы

Жауап: пернетақта

5) Қандай құрал?

Жауап: өшіргіш (кетіргіш)

6) Paint бағдарламасы не үшін қолданылады?

Жауап: дөңгелек фигура салу үшін

7) Қандай құрал?

Жауап: диск

8) Компьютермен жұмыс істегенде қандай қашықтықта отыру керек?

Жауап: 50–70 см

9) Компьютердің «миы»

Жауап: процессор

3-кезең: «Кім жылдам?»

Бағалау: 1 сөз = 5 балл

Нақты жауап беріп, сапалы шешім ұсыныңдар. Қатысушылар М, П және К әріптерінен басталатын информатика терминдерін жазады.

М әрпі

  • Монитор
  • Мышка

П әрпі

  • Пернетақта
  • Принтер

К әрпі

  • Компьютер
  • Клавиатура

4-кезең: «Сиқырлы қалам»

Топ болып жұмбақтардың шешуін тауып, жауабына сәйкес сурет салыңдар.

Жұмбақ 1

Көзіменен көрсетеді, сөйлемей-ақ айтар бәрін. Алдына оның келсе, теңі.

Жауап: монитор

Жұмбақ 2

Білмейсің өлі-тірісін. Қолыңа алсаң әпсәтте, бітірер жылдам бар ісің.

Жауап: тышқан

Жұмбақ 3

Компьютерден енеді, қағазға басып береді.

Жауап: принтер

Көрермендерге: «Ойлан, тап!»

Үш отау ауылдың шетінде орналасқан, сол ауылды басқарады. Бірінші отаудың есігін қақсаң — ауыл түгел оранып жатады. Екіншісін қақсаң — жайылып, қалпына келеді. Үшіншісін қақсаң — есіктерін тіпті тас қылып жауып алады. Жұмбақтың шешімін кім табады?

Жанкүйерлерге тапсырма

Әріптердің орнын ауыстырып, информатикаға байланысты сөзді табыңдар.

5-кезең: «Жасырын сөз» (топ жетекшілеріне)

Жауап 3 тілде: қазақша · орысша · ағылшынша

Келесі турда ұяшықтарды біртіндеп ашып, асықпай ұпай жинаймыз. Тілдік білім мен информатика терминдерін қатар көрсететін кезең.

Ұяшықтар

20 балл

Қатныш

20 балл

Нимотор

20 балл

Тернпри

30 балл

Формаинкати

30 балл

Терпьюком

30 балл

Тапертақне

Мүмкін болатын жауаптар (үлгі)

Тышқан

мышь · mouse

Монитор

монитор · monitor

Принтер

принтер · printer

Информатика

информатика · informatics

Компьютер

компьютер · computer

Пернетақта

клавиатура · keyboard

Қорытынды

Өрбіген ойлар ойда қала берсін, білім мен сана таластап жана берсін. Енді әділқазылар алқасын ортаға шақырып, сайыскерлерге әділ баға берейік.

Бүгінгі «Компьютердің озат меңгерушісі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар!