Шығарады апайымыз Венера, Математика есебінің барлығын

Ақтөбе қаласы • №2 жалпы білім беретін мектеп-гимназия

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Картбаева Баршагүл Отановна ұсынған «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынның 11-сыныптың соңғы қоңырау кешіне арналған сценарийі.

Салтанатты кештің кіріспе сөзі

Армысыздар, ардақты ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер!

Он бір жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына сіңіріп, ұстазын анасындай көріп еркелеген, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің алтын ұя мектебімен қоштасу сәтіне қош келдіңіздер! Бұл — әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаз бен шәкірттің ең толқынысты әрі ең қастерлі мерекесі — Соңғы қоңырау.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын именіп аттаған ұл-қыздарымыз бүгінде ойы толып, бойы өсіп, мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн — мектеп тарихында да, мектеп бітіруші түлектердің жүрегінде де мәңгі өшпес естелік болары анық.

Жас жүректің өмірлік құштары — гүл,
Бағбан-ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Осы орайда, алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге қанат қағатын мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз.

Түлектерді сахнаға шақыру

11 «А» сынып

Жігіттерін шақырамыз.

11 «А» сынып

Қыздарын шақырамыз («Қазағымның арулары»).

Сынып жетекшісі

11 «А» сынып жетекшісі — ұстазын шақырамыз («Ұстазым менің»).

Жүргізуші сөзі және музыкалық бөлім

Жүргізуші

Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түрікті жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер әнұран.

Әнұран

Орындау.

Вальс

Би нөмірі.

«Қағаз кеме»

Көркемсөз/ән нөмірі.

Жүргізуші

Ажырамай халықтан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.

Тілек сөз

№2 ЖОББМГ директоры Данишева Сания Шағиқызына сөз беріледі.

Ескерту

Мәтінде кейбір мұғалімдердің аты-жөні бос орынмен берілген. Қажет болса, сол бөліктерді нақты деректермен толықтырып, марапаттау реті мен музыкалық нөмірлердің уақытын бағдарламамен сәйкестендіруге болады.