Қазылар алқасын сайлау

Сайыс сабағының мазмұны

Тақырыбы

Ойлы болсаң, озып көр

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Мақсаты

  • Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған құнды тәжірибесі мен тәлім-тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын бойға сіңіру.
  • Сөздік қорды молайту, ойлау қабілетін дамыту.
  • Оқушылардың әр пән бойынша алған білімін пысықтап, тексеру.
  • Болашаққа өз үлесін қоса алатын ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Топ атаулары жазылған қағаздар, қима қағаздар, интерактивті тақта.

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, топтастыру, ой қозғау.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі Математика Қазақ тілі Дүниетану

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі: қатысушыларды ойын шарттарымен таныстыру.
  2. 2 Қазылар алқасын сайлау.
  3. 3 Қорытынды бөлім: ұпайларды есептеу, жеңімпазды анықтау, марапаттау.

Құрметті оқушылар мен қонақтар! «Өнерлімен дос болсаң, қиялыңды қозғайды» демекші, бүгінгі «Ойлы болсаң, озып көр» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл ойын әртүрлі тапсырмалар арқылы білімді тереңдетіп, алған білімді пысықтауға бағытталған. Сайыс топтық форматта өтеді.

Қатысушылар мен бөлімдер

Топтар

  • 1-топ: Талапкер
  • 2-топ: Алғырлар

Сайыс бөлімдері

  1. 1.Ұшқыр ой
  2. 2.Қызықты төрттік
  3. 3.Сөз құрастыру
  4. 4.Полиглот

Қазылар алқасы

«Әділдікпен баға берер сендерге, әділдікпен қара қылды қақ жарар» — ең алғыр топты анықтау үшін қазылар алқасын сайлайық.

Таныстыру және бастау шарты

Әр топ өз атауы мен ұранын таныстырады.

Кейін әр топқа сөздер жазылған қағаз таратылады. Қай топ берілген сөздерден бірінші болып сөйлем құрастырса, сол топ сайысты бастайды.

Құрастырылған сөйлем: «Ұлт болашағы – білімдінің қолында.»

1-бөлім: Ұшқыр ой

Әр топқа 10 сұрақ қойылады. Мақсат — жылдам әрі нақты жауап беру.

1-топ: «Талапкер» сұрақтары

  1. 1.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады? (16 желтоқсан, 1991 жыл)
  2. 2.Қазақ батырларын ата. (Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек, Қабанбай, Абылай)
  3. 3.Ұзындық өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)
  4. 4.Өлі табиғатқа нелер жатады? (су, аспан, жер, ауа, тас)
  5. 5.Әр адамның шағын қоғамы? (отбасы)
  6. 6.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған кім? (Абай)
  7. 7.«Дарабоз» атанған батыр кім? (Қабанбай)
  8. 8.Қай құс ерте келеді? (қарлығаш)
  9. 9.Басты байлық не? (денсаулық)
  10. 10.Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

2-топ: «Алғырлар» сұрақтары

  1. 1.Мемлекеттік туымызда нелер бейнеленген? (күн, бүркіт, ою-өрнек)
  2. 2.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
  3. 3.Уақыт өлшем бірліктерін ата. (жыл, ғасыр, апта, секунд, минут, ай, тәулік, күн)
  4. 4.Иіс сезу мүшесін ата. (мұрын)
  5. 5.Елордамыз қай қала? (Астана)
  6. 6.Абылай ханның шын есімі кім? (Әбілмансұр)
  7. 7.Қазақстанның тауларын ата. (Көкшетау, Ұлытау, Алатау)
  8. 8.1 жұмыртқа 5 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минутта)
  9. 9.Судың үш күйін ата. (қатты, сұйық, газ)
  10. 10.Абайдың әжесі кім? (Зере)

2-бөлім: Қызықты төрттік

Төрт пән бойынша әр топқа 5 сұрақтан беріледі: Ана тілі, Математика, Қазақ тілі, Дүниетану.

Ана тілі

1-топ

  • «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?
  • «Дала жұлдызы» деп кімді айтамыз?
  • Құрманғазының шәкірті кім?
  • Рейхстагқа ту тіккен кім?

2-топ

  • «Күлпаш» әңгімесін кім жазған?
  • «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесі кім туралы?
  • Үш биді ата.
  • Ы. Алтынсарин кім? Оның қандай шығармаларын білеміз?
  • Желтоқсанда құрбан болған қыздарымыз кімдер?

Математика

1-топ

  • Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
  • Шаршы дегеніміз не?
  • 1 ғасырда неше жыл бар?
  • 9 бен 4-тің көбейтіндісі нешеге тең?
  • Ең кіші төрт таңбалы сан?

2-топ

  • 1 мүшел 12 жас десек, 3 мүшелде неше жас бар?
  • Бөлу амалының атаулары қандай?
  • Геометриялық фигураларды ата.
  • 2 жылда неше ай бар?
  • 1 км-де неше метр бар?

Қазақ тілі

1-топ

  • Мәтіннің түрлерін атаңдар.
  • «Батыр» сөзіне мәндес сөздерді тап.
  • Жұрнақ дегеніміз не?
  • Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?
  • Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?

2-топ

  • Зат есімнің жіктелуі дегеніміз не?
  • Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Барыс септігінің жалғаулары қандай?
  • Жалғаудың қызметі қандай?
  • «Әдемі, сұлу, келбетті» — қандай сөздер?

Дүниетану

1-топ

  • Қазақстан жері қанша км² аумақты құрайды?
  • Заттың көлемін кішірейтетін санды не дейміз?
  • Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата.
  • «Қара алтын» деп нені айтады?
  • Адамның ішкі мүшелерін ата.

2-топ

  • Қазақстандағы тұзды теңіздер мен көлдерді ата.
  • Адам денесінің тірегі не?
  • Жерге жақын тұратын және күндіз көрінетін жұлдыз қалай аталады?
  • Картада таулар қандай түспен боялған?
  • Қалталы аңды ата.

3-бөлім: Сөз құрастыру

Әр топқа конверт беріледі. Конверттен шыққан сөздің әріптерін пайдаланып, 1 минут ішінде мүмкіндігінше көп сөз құрастыру керек.

1-топқа берілетін сөз

Қызғалдақ

2-топқа берілетін сөз

Бауырсақ