Ілгіш сөзіне дыбыстық талдау жасату

Сабақтың тақырыбы

І дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

  1. Білімдік: І дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру, сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, сөз құрамында І әрпінің орнын анықтау.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту; озық ойлы оқушы болуға баулу.
  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, зеректікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Саяхат сабақ

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Сабаққа қатысты суреттер
  • Әріптің жазу үлгісі
  • Кеспе әріптер
  • «Сиқырлы әріптер» электронды оқулығы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Сабаққа психологиялық дайындық

II. Өткен сабақты пысықтау

Сұрақтар:

  • «Ж» дыбысы қандай дыбыс?
  • Сөздің қай жерінде жазылады?
  • Сөздерді тізбектей оқыту
  • «Ж» әрпі бар сөздерге сөйлем құрату

III. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

IV. Жаңа сабақ (саяхат сюжетті тапсырмалар)

Балалар, сендер «Дара» мультфильміндегі саяхатшы қызды білесіңдер ме? Бүгін біз Дарамен бірге орманға саяхатқа шығамыз. Жолымызда бірнеше кедергіден өтуіміз керек.

1-кедергі

Көлден өту (көпір үстіндегі иттің тапсырмасы)

Сұрақ-жауап:

  • Сен сырт киіміңді қайда қоясың? — Ілгішке іліп қоямын.
  • «Ілгіш» сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр? — І дыбысы.

Демек, бүгінгі жаңа сабағымыз: І дыбысы мен әрпі.

  • Электронды оқулықпен жұмыс
  • І дыбысы — дауысты дыбыс
  • Сөздер айту, сұрау, буынға бөлу

«Ілгіш» сөзіне дыбыстық талдау

І

Дауысты, жіңішке

Л

Дауыссыз, үнді

Г

Дауыссыз, ұяң

І

Дауысты, жіңішке

Ш

Дауыссыз, қатаң

Сурет бойынша әңгіме құрау

  • Ірімшік сүттен алынады.
  • Ілгішке киімімді ілдім.
  • Ілебай — үздік оқушы.

Ормандағы оқиға

Дараның ормандағы достарын біреулер торға қамап қойыпты. Оларды босату үшін аюдың табанының астындағы кілтті алуымыз керек. Аю — қауіпті жыртқыш аң, сондықтан оның тапсырмаларын мұқият әрі қатесіз орындайық.

  • Мәтінді оқып беру
  • Мазмұнын түсіндіру