Халқымыздың қолөнері түрлерімен таныстыңдар
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр селосы
М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназия
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Даулетбаева Нағима Қожабайқызы
Тақырып: «Халқымның ұлттық өнері» (4-сынып)
Мақсаты
- Қазақ халқының қолөнер түрлерімен таныстыру.
- Оқушылардың белсенділігін арттыру.
- Қол еңбегіне икемділік пен шеберлікті қалыптастыру.
- Ұлттық қолөнерді қадірлеуге, көркемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі және әдісі
Көрнекілігі: слайд, ұлттық киім киген ұл мен қыздың суреті бар плакат, қолөнер бұйымдары.
Әдісі: сайыс сабақ.
Сабақтың басталуы: «Шаттық шеңбері»
Балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, шаттық шеңберін жасайық:
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық бүгін күн,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Орындарыңызға отыра қойыңыздар.
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы — «Қазақтың ұлттық қолөнері». Тәрбие сағаты сайыс түрінде өтеді.
Топқа бөліну
Алдымен төрт топқа бөлінеміз. Ол үшін карточка суырып, жазуды оқып, тиісті партаға отырыңыздар.
1) Зергерлер
Әшекей бұйымдар
2) Шеберлер
Ағаштан жасалатын бұйымдар
3) Ұсталар
Темір бұйымдар, ер-тұрман
4) Тігіншілер
Ұлттық киім, тігін
Кіріспе: ұлттық қолөнердің мәні
«Өнер — таусылмас азық, жұтамас байлық», — дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де өзіне тән бітім-қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен және ғасырлар сүзгісінен өткен талғамымен бағалы қазына болып қалыптасты. Бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі — ұлттық қолөнер.
Қолөнер түрлері
Қолөнер иелері және құралдары
Ісмерлер (тігіншілер)
Ұлттық киімдер мен үйге қажетті бұйымдарды тігумен айналысады.
Еңбек құралдары:
- ине-жіп
- оймақ
- қайшы
- тігін машинасы
Ұсталар
Ер-тұрман, сауыт-сайман жасап, темірді балқытып соғу арқылы бұйымдар дайындайды.
Еңбек құралдары:
- төс
- бұрғы
- егеу
- қашау
Ағаш шеберлері
Ағаштан сандық, көне ыдыстар және ұлттық аспаптар сияқты бұйымдар жасайды.
Еңбек құралдары:
- қашау
- бұрғы
- сүргі
Зергерлер
Қазақ халқының бағалы әшекей бұйымдарын жасайды.
Еңбек құралдары:
- төс
- біз
- қысқыш
Ою-өрнек — ортақ тіл
Осы аталған шеберлердің бәрін біріктіретін ортақ құндылық бар — ою-өрнек. «Ою-өрнек» сөзі латынның ornament — «әшекейлеу, әсемдеу» деген мағынаны білдіреді. Ертеде халық тұтынған бұйымдардың көбі оюмен безендірілген.
Экранға назар аударайық: қолөнер шеберлерінің бұйым жасап жатқан сәттерін бейнеролик арқылы тамашалау (видео-слайд).
Сайыс құрылымы
I бөлім
Сөзжұмбақ шешу
II бөлім
Шығармашылық жұмыс
III бөлім
«Ғажайып қапшық»
Әр дұрыс жауап берген топқа ою үлестіріледі. Сайыс соңында ою саны бойынша жеңімпаз анықталады.
I бөлім: сөзжұмбақ
Әр топқа сөзжұмбақ беріліп, шешімі бүгінгі тақырыпқа қатысты сөзді шығарады. Сұрақтар:
- 1.Ұлттық киім мен бұйымдарды тігетін адамдар қалай аталады?
- 2.Қазақ қыздарының киетін ұлттық бас киімі.
- 3.Зат сақтауға арналған әжеміздің қазынасы.
- 4.Қазақ батырлары киетін бас киім түрі.
- 5.Аң терісінен жасалған ер адамның киімі.
- 6.Жүн басу арқылы оюлап жасалған төсеніш түрі.
- 7.Мата қалдықтарынан тігілетін бұйым атауы.
- 8.Теріден жасалған, сусын құятын ескі ыдыс түрі.
- 9.Ұста құралы.
- 10.Бас киім атауы.
- 11.Тоқылып жасалған зат салғыш бұйым.
- 12.Әшекей бұйым жасайтын адам.
- 13.Ағашты ойып, түрлі бұйымдар жасайтын адам.
«Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көр ойланам.
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям»,
— деп Б. Момышұлы айтқандай, қолөнер сайысына кезек берейік.
II бөлім: шығармашылық жұмыс
Зергерлер
Әшекей бұйымдардың суретін салады.
Шеберлер
Сандықтың суретін салып, ою-өрнекпен өрнектейді.
Ұсталар
Ермексазбен ою-өрнек бейнелейді.
Тігіншілер
Матадан ою-өрнек қиып жасайды.
Ән:
«Қазақстан»
III бөлім: «Ғажайып қапшық»
Мақсаты: қолөнер шеберлерінің еңбек құралдарын тану, есте сақтауға үйрету.
Зергерге қандай құралдар қажет?
- ине
- біз
- төс
- қысқыш
Ағаш шеберіне қандай құралдар қажет?
- қашау
- бұрғы
- қайшы
- сүргі
Ұстаға қандай құралдар қажет?
- төс
- бұрғы
- егеу
- сүргі
Тігіншіге қандай құралдар қажет?
- ине
- оймақ
- қайшы
- балға
Әр дұрыс жауапқа ою үлестіріледі. Сайыс аяқталған соң оюлар саналып, жеңімпаз топ анықталады.
Қорытынды
Әр топ бүгінгі сабақтан түйген ойымен бөліседі. Бүгін сіздер халқымыздың қолөнер түрлерімен таныстыңыздар. Алған білімдеріңізді өмірде қолдана аласыздар деп сенемін.
Негізгі ой
Біз — қазақ жастары. Ең әуелі қазақ болып туғанымызды мақтан тұтайық. Ұлттық құндылықтарымызды бағалайық, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық өнерімізді дамытуға күш салайық. Біз өзгелерден ою-өрнегіміз бен ұлттық өнеріміз арқылы ерекшеленеміз. Ендеше осы өнерді үйреніп, кейінгі ұрпаққа да үйретіп, әрдайым қадірлеп жүрейік.
Ашық тәрбие сағатымыз осымен өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!