Мажор және минор тональностері
Солфеджио
1-сынып
Мұғалім: Тілекина Ш.
Сабақтың тақырыбы: 3/4 өлшемі
Бұл сабақта оқушылар 3/4 өлшемінің құрылымын, үлестердің күшті және әлсіз бөлінуін, санау тәсілін және бастапқы дирижерлық схеманы меңгереді.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушының сабақты толық әрі сапалы меңгеруіне ықпал ету.
Тәрбиелік
Жаттығуларды орындау барысында таза интонациямен айтуға баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық
Жаттығулар мен гаммаларды бірігіп айтуға үйрету, ноталардың ұзақтықтарын ажырата білу дағдысын дамыту.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
- Оқушыларды сыныпқа кіргізіп, сабаққа қажетті құралдарын дайындау: дәптер, сызғыш, қалам, қарындаш, өшіргіш.
- Оқушылардың назарын сабаққа аударып, жұмыс тәртібін еске салу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма
Ля минор гаммасын әртүрлі ұзақтықтармен айту. №365 жаттығу.
Ля минор туралы қысқаша
- Тоникасы:
- ля
- Қарама-қарсы тональдылығы:
- до мажор
- Қозғау белгісі:
- жоқ
Дыбыстардың тұрақтылығы
Тұрақты дыбыстар
ля, до, ми
Тұрақсыз дыбыстар
соль, си, ре, фа
Минор гаммасының құрылымы
1 тон, 1/2 тон, 1 тон, 1 тон, 1/2 тон, 1 тон, 1 тон.
3) Өткенді қайталау (сұрақ-жауап)
Өткен тақырыптар бойынша негізгі ұғымдарды еске түсіру:
- 1 Нота деген не?
- 2 Такт және такт сызығы деген не?
- 3 Өлшем деген не?
- 4 Пауза деген не?
- 5 Қозғау белгілері деген не және қандай қызмет атқарады?
- 6 Мажор және минор тональдылықтары.
- 7 Екпін деген не? Ол неше топқа бөлінеді?
- 8 Затакт деген не?
- 9 Реприза дегеніміз не?
- 10 Кіріспе дыбыстар деген не және олар қай басқыштарға жатады?
4) Жаңа сабақты меңгерту: 3/4 өлшемі
Негізгі түсінік
3/4 өлшемінде әр такт ішінде үш үлес болады: 1 үлес — күшті, ал 2 және 3 үлес — әлсіз.
Санау тәсілі
Бір такт ішінде санау: 1-и, 2-и, 3-и.
Еске сақтауға
Күшті үлес — музыкалық фразаның тірегі. Ән айту кезінде 1-үлесті анық, жинақы орындау маңызды.
Дирижерлық схема
3/4 өлшемінің бастапқы дирижерлық схемасы мұғалімнің көрсетуімен түсіндіріліп, оқушылармен бірге қайталанады.
5) Қорытынды (бекіту жұмысы)
Оқушыларға үлестірмелі материалдар таратылады. Әр оқушыға бір конверт беріледі: ішінде 3/4 өлшемінің схемасы және қосымша ноталық ұзақтықтар болады. Тапсырма — берілген ұзақтықтарды дұрыс санап, схемаға сәйкес орналастыру.
6) Бағалау
Сабақ барысында белсенділік, жауаптардың дәлдігі және практикалық тапсырманы орындау сапасы бойынша бағаланады.
7) Үй тапсырмасы
- 3/4 өлшемі туралы оқып келу және санау үлгісін қайталау.
- Өткен сабақтағы тапсырмаларды жүйелі түрде қайталау.