Сан алуан шығармашылығын үйрену оны өскелең ұрпақтың санасына құю, әсіресе қара сөздерінің мәнін түсіндіру мәселесі күн тәртібінен түспек емес
Абай қара сөздері (мультимедиялық электронды оқулық)
Ерлан Шарапиев
•
Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы, Достық ауылы, №18 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Хәкім Абайдың қара сөздерін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау — бір сәтке де тоқтаусыз жалғаса беретін маңызды іс. Ақынның сан қырлы шығармашылығын танып-білу, оны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру, әсіресе қара сөздерінің терең мәнін түсіндіру мәселесі күн тәртібінен түскен емес.
Осы мультимедиялық оқу құралы Абайдың қара сөздерін тез жаттап, дұрыс ұғынып алу үшін мектеп оқушыларына және өзге де қызығушыларға жеңіл әрі тиімді жолдармен ұсынылады.
Негізгі мақсат
Қара сөздердің мазмұнын оқушыға түсінікті етіп жеткізу, жаттауды жеңілдету және ойды терең ұғынуға мүмкіндік беру.
Тез жаттау
Терең түсіну
Қызығушылықты арттыру
Оқу үдерісін жеңілдету
Игілігіңізге жаратыңыз!