Хан батыры атағын алған батыр

«Қызықты саяхат» — 6-сынып оқушыларына арналған зияткерлік ойын. Ойын оқу үдерісін жандандырып, білімді шапшаң қолдануға, өз мүмкіндігін әділ бағалауға және әлсіз тұстарын түзетуге бағыттайды.

Ұраны

Жас күнің — білім іздеу, нақты дер шағың; халқыңның ойлап берші оңар жағын.

Мақсаты

  • Пәнге қызығушылықты арттыру, ізденіс дағдысын күшейту.
  • Таным деңгейін көтеру, білімді байланыстыра қолдануға үйрету.
  • Өзін-өзі бағалауға, әлсіз тұстарын сын көзбен қарауға дағдыландыру.
  • Жетістікке жетудің жолын көріп, өз бетімен ізденуге ынталандыру.

Өткізу форматы

Оқушылар топтарға бөлінеді. Саяхат бойындағы «аялдамаларда» тапсырмалар орындалып, ұпай жиналады. Соңында ұпай саны бойынша жеңімпаз анықталады.

Ойын барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім ойынның мақсаты мен шартын түсіндіреді. Қатысушылар топтарға бөлінеді, ұпай жинау тәртібі таныстырылады.

II. «Саяхат» кезеңі

Саяхат барысында бірнеше аялдама болады. Әр аялдамада берілген тапсырмаларды орындап, ұпай жинайсыздар.

Аялдама: «Зеректер елі»

Шарты: белгі беріп, жылдам жауап беру.

  1. 1) Көлемі жағынан ең үлкен мұхит Жауабы: Тынық мұхит
  2. 2) Жердің су қабығы Жауабы: гидросфера
  3. 3) «Хан батыры» атағын алған батыр Жауабы: Қабанбай
  4. 4) Түркі тайпаларының басшысы Жауабы: қаған
  5. 5) Өсімдік және жануар жасушасында кездесетін органоид Жауабы: ядро
  6. 6) Абылайдың лақап аты Жауабы: Сабалақ
  7. 7) Тірі ағзаларға қажетті газ Жауабы: оттегі
  8. 8) Қазақстандағы ең биік тау шыңы Жауабы: Хан-Тәңірі
  9. 9) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен Жауабы: Ніл өзені
  10. 10) Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл Жауабы: йод

Аялдама: «Тіл өнері елі»

Шарты: бірден жауап беріп, орысшаға аудару.

1) Аузы жаман елді былғайды, аяғы жаман төрді былғайды.

Тапсырма: мағынасын айтып, орысшаға аударыңыз.

2) Құлагер шешең — сұңқар, әкең — тұлпар, соғып ең дөненіңде сегіз арқар.

Тапсырма: бос орынды толтырып, орысшаға аударыңыз.

3) Кестенің сыры түрінде, кілемнің сыры түгінде.

Тапсырма: мағынасын айтып, орысшаға аударыңыз.

4) Аузы жесе — ұялар, көз көрсе — ұялар.

Тапсырма: бос орынды толтырып, орысшаға аударыңыз.

5) Ел аш болса, «тоқпын» дегенің — өтірік.

Тапсырма: мағынасын айтып, орысшаға аударыңыз.

Аялдама: «Жаратылыс елі»

Шарты: жұмбақты тыңдап, дұрыс жауапты таңдаңыз.

1) Арғы тегі жағынан адамға жақын келетін, мәңгі жасыл орманда, Африкада өмір сүретін аса үлкен маймылды кім атайды айбынды?

A) шимпанзе    Ә) горилла

2) Сирақтары сырықтай, мойын деген құрықтай. «Шөк» десең шөкпейді, мойны жерге жетпейді.

A) зебра    Ә) керік

3) Жер бетінің кескінін түрлі түспен көрсеткен. Болса да өзі құрметті, тиіпті орын ең шеттен.

A) атлас    Ә) шартты белгі

4) Құмдары да теп-тегіс, кең жазықтан әр түрлі. Керегіңді көресің, бар әлемді табасың, өзің таң боп қаласың.

A) карта    Ә) белгі

5) Сұм жүзді, құралай көзді, киікше секіреді, бура санды, жолбарыс тонды.

A) құрбақа    Ә) кесіртке

6) Адам мен жануардан бөлінеді, өсімдіктің «торына» ілінеді.

A) көмірқышқыл газы    Ә) су

7) Аяғыңның астында жататын зат, тау болып та үйіліп, қатып қалатын зат.

A) ізбес    Ә) құм

8) Машина мен трактордың «жаны», қара металлургияның «наны».

A) темір    Ә) алтын

Аялдама: «Суретшілер елі»

Шарты: «көзжұмбақ» арқылы жетіспейтін мүшені тауып, суретін салу.

  • Берілген суреттен жоқ бөлікті анықтап, толықтырып салу.
  • Бос қатысушылардан сүйікті ісі (хоббиі) туралы қысқаша сұхбат алу.

Қорытынды

Ойын соңында жиналған ұпайлар есептеліп, жеңімпаз (немесе жеңімпаз топ) анықталады. Әділқазылар алқасына сөз беріліп, қатысушылар марапатталады.