Математикадан алған білімдерін қолдану дағдысын жетілдіру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру

Математикалық регата

Математикалық регата — оқушылардың математикадан алған білімін қолдану дағдыларын жетілдіруге, логикалық ойлау қабілетін арттыруға және теориялық білімді практикада тиімді пайдалануға бағытталған топтық жарыс.

Мақсаты

  • Математикадан алған білімді қолдану дағдысын жетілдіру.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту және есептеу дағдыларын нығайту.
  • Топта жұмыс істеуге, өзара қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Тақырыбы жазылған плакат.
  • Нақыл сөздер.
  • Карточкалар.
  • Лото тастары немесе конфеттер.
  • Түрлі түсті қағаздар.

Жоспары

  1. 1 Кіріспе
  2. 2 Топтармен жұмыс
  3. 3 Қорытынды

I. Кіріспе

Регата ұғымы

Регата — итальян тілінен шыққан сөз. Ол белгілі бір уақыт аралығында желкенді, ескекті және моторлы кемелердің арасындағы жарысты білдіреді. Кеңес Одағы кезеңінде де желкенді кемелердің апталық жарыстары ұйымдастырылып отырған.

Әрбір жарысқа қатысатын кемеде адамдар тобы бірлесіп жұмыс істейді. Осы қағида математикалық регатаға да тән: мұнда да тапсырмалар топпен орындалып, командалар өзара жарысады.

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Харькин ОЖББМ — Иманғалиева Бекзат