Құрметті балалар, қош келдіңдер зертханаға
Жалпы мәлімет
Қарағанды облысы, Приозерск қаласы «Айналайын» бөбекжайының тәрбиешісі: Күлмағамбетова Ж. Ж.
Тақырыбы
Су — өмірдің нәрі
Білім саласы
Таным. Экология негіздері
Мақсаты
- Балаларға су және оның маңызы туралы түсінік беру.
- Судың тіршілік көзі екенін, пайдасы мен қасиеттерін танытып, білімдерін кеңейту.
- Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық дағдыларын дамыту.
Көрнекіліктер
Слайд; тәжірибеге арналған заттар; су құятын стақан; сүт; қант; құм; коктейль түтігі; мұз; топырақ; сулық (майлық).
Алдын ала жұмыс
- Қандай суды ішуге болмайды?
- Қандай суды ішуге болады?
Әдіс-тәсілдер
- Су тақырыбына әңгімелесу.
- Судың қасиеттерін анықтау және тәжірибелік жұмыстар.
- Су туралы тақпақтар, ырымдар, тыйым сөздер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері»
Өлең жолдары
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жайнай түсті даламыз. Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз.
Үш тілде амандасу
Қайырлы таң, балалар! Доброе утро всем нам, Доброе утро всем гостям. Good morning, good morning, Good morning to you.
(Қонақтармен үш тілде амандасу, балаларды орындарына отырғызу.)
Қызығушылықты ояту: жұмбақ
Жұмбақ 1
Кескен болам — кесілмейді, кесілсе де бөлінбейді.
Жауабы: Су
Жұмбақ 2
Аяғы жоқ, қолы жоқ, бірақ тыныш тұрмайды. Санамасаң — қорын тек, барша тіршілік қурайды.
Жауабы: Су
Әңгімелесу: су туралы не білеміз?
Мақал-мәтелдер
- Сусыз өмір жоқ.
- Судың да сұрауы бар.
Судың қасиеттері (сұрақ-жауап)
- Су «сөйлей» ала ма? Сылдырлайды, ағады, сарқырайды, құйылады.
- Қандай күйге ауысады? Мұз болып қатады, теңіз болып толқиды, бу болып ұшады.
- Дәмі бар ма? Жоқ, су дәмсіз.
- Иісі бар ма? Жоқ, су иіссіз.
- Түсі қандай? Түссіз, мөлдір.
Зертхана орталығы: тәжірибелер
Балалар «зертханаға» шақырылады: бүгін біз бақылап, зерттеп, судың қасиеттеріне тәжірибе арқылы көз жеткіземіз.
1-тәжірибе
Су мөлдір
Екі шыны ыдыстың біріне су, екіншісіне сүт құйылады. Екеуіне де қасық салынып, қасықтың көрінуі бақыланады: су құйылған ыдыста қасық көрінеді, ал сүтте көрінбейді.
Қорытынды: су — мөлдір.
2-тәжірибе
Суда дәм жоқ
Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді және судың дәмсіз екенін байқайды.
Қорытынды: су — дәмсіз.
3-тәжірибе
Судың иісі жоқ
Балалар суды иіскеп көреді де, иісінің жоқ екенін анықтайды.
Қорытынды: су — иіссіз.
4-тәжірибе
Мұз — қатқан су
Ыдыстағы мұздың біртіндеп еріп, суға айналуы бақыланады.
Қорытынды: мұз бен қар — судың қатты күйі.
5-тәжірибе
Су сұйық болғандықтан ағады
Балалар суы бар стақаннан суды екінші бос стақанға төкпей-шашпай құйып көреді. Су аға ма? Неліктен?
Қорытынды: су — сұйық, сондықтан өзенмен де, краннан да ағып шыға алады.
6-тәжірибе
Кейбір заттар ериді, кейбірі ерімейді
Екі стақан су алынады: біріне құм салынып араластырылады, екіншісіне қант салынып араластырылады. Қайсысы ериді?
Қорытынды: қант суда ериді, құм ерімейді. Сондықтан қантты шайға қосқанда тәтті дәм береді.
7-тәжірибе
Су сіңгіш
Топырақ салынған ыдысқа графиннен су құйылады. Су сіңе ме? Балалар құм мен топырақтың суды жақсы сіңіретінін байқайды.
Қорытынды: су құмға да, топыраққа да сіңеді.
Тәжірибе соңында балалар қолдарын сулықпен сүртеді.
Қайталау
Біз судың мөлдір, дәмсіз, иіссіз екенін; мұзға айналатынын; сұйық болғандықтан ағатынын; кейбір заттарды ерітетінін және құм мен топыраққа сіңетінін анықтадық.
Судың айналымы және үш тілде қайталау
Күн қатты ысығанда су буға айналып аспанға көтеріледі, бу бұлтқа айналады. Бұлттан жаңбыр жауады. Демек, жаңбыр да — судың бір көрінісі.
Жаңбыр
Жаңбыр — дождь — rain
Су
Су — вода — water
Ойын: «Бұлт пен тамшылар»
Тәрбиеші балалардың назарын «аспан түнеріп, тамшылар мен бұлт көрінгендей» жағдайға аударады: біз «Жаңбыр патшалығына» келдік. Тәрбиеші — Бұлт анасы, балалар — тамшылар.
1-кезең
Жай жаңбыр
Балалар саусақ қимылдарымен жаңбырдың баяу тамшылауын көрсетеді.
2-кезең
Жаңбыр күшейеді
Саусақ қимылдары жиілеп, жаңбырдың күшейгені бейнеленеді.
3-кезең
Нөсер жаңбыр
Саусақ қимылдарына аяқтың жеңіл тарсылы қосылып, нөсер жаңбыр көрсетіледі.
Күн ашылып, күн шапағымен жаңбыр басылады, кемпірқосақ пайда болады. «Бұлт анасы» тамшыларын өзіне жинап, ойын аяқталады. Соңында балалар қонақтармен қоштасады.