Тәуелсіздік тірегім
Тақырып
Тәуелсіздік — тірегім.
Мақсаты
- 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен таныстыру, тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ жастарының ерлігіне құрмет қалыптастыру.
- Балалардың бойында патриоттық сезімді, Отансүйгіштік қасиеттерді дамыту.
- Ұлтты сүюге, қастерлеуге, елдік құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Құттықтау сөз
Құрметті қонақтар! Сіздерді еліміздің тәуелсіздік алғанына 23 жыл толу мерекесімен шағын орталық тобының балалары атынан құттықтаймыз!
Тәуелсіздік — ата-бабамыздың мыңжылдықтардан жеткен арманы, үміті мен сенімі. Ол — егемендік пен дербестіктің ерен белгісі, азаматтың алтын шуағы. Ол — ұлтымыздың ешкімге, ештеңеге айырбастамайтын ең қымбаты, ең асылы, ең аяулысы.
Балалар, бүгін біз «Мен қазақпын» деп еркін айтуға мүмкіндік берген тәуелсіздігіміздің 23 жылдық мерейлі белесін атап өтудеміз. Қазақстан Республикасы — біздің туған жеріміз, қасиетті Отанымыз. Қазақ халқы мал өсіріп, жер игеріп, елін жаудан қорғап, ата қонысын келер ұрпаққа мұра етіп қалдырды.
Еркіндікке жету жолында халқымыз талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Солардың бірі — 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. 16 желтоқсан — ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет қатар өрілген, әрі жарқын, әрі қаралы күн. Бұл күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат секілді мыңдаған өрімдей жастың тағдырын қиды.
Желтоқсан туралы өлең жолдары
Шектеліп ана тіліміз, Оқылмай өлең-жырымыз. Жабылып жатса мектептер, Жадырар қалай күніміз?
Тартылып жатса жаламыз, Қайтіп біз тыныс аламыз? Қақымыз жоқ айтуға — Әділетті қайдан табамыз?
Желтоқсан айы, естесің, Дауыл боп бұрқап ескенсің. Азаттық күні қашаннан Көкейін елдің тескенсің.
Тәуелсіздік алаңы — Түнек басты даланы, Демін ішке алады. Жандар жатыр жаралы, Ақ қарға қан тамады — Тәуелсіздік алаңы.
Бұрқ етті қазақ баласы, Кеудеде өршіп наласы. Алаңға қарай ағылды, Таусылып барлық шарасы.
Озбырлық күшпен тұншығып, Үміттің оты өшкен күн. Жанына таппай бір шындық, Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Шықты тарап ой данадан, Бері қарады жұлдыз беті. Өзі қалап сайлап алған — Елімнің бар Президенті.
Бостандық құтты болсын, ерікті ел, Айдын көл, көк майсалы көрікті жер. Бостандықты аңсаған батырлардың Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — әрбір азаматтың міндеті.
Рәмізім — елдігімнің белгісі, Білу керек баладағы ең кіші. Рәміздерім — әнұран, ту, елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Мемлекеттік Ту
Мемлекеттік ту — көгілдір түсті тікбұрышты мата. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Көгілдір түс — ашық аспан мен тыныштықтың нышаны. Алтын күн — баршаға ортақ нұр, ал қыран — ерлік пен биік мұраттың белгісі. Сол жақтағы ұлттық өрнек — халқымыздың мәдени мұрасы.
Желбірейді шалқып Қазақстан жалауы. Көкте қыран қалықтап, Қанат қағып барады.
Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен-тек — Елдің ашық қабағы.
Мемлекеттік Елтаңба
Елтаңбада көгілдір түсті аядағы шаңырақ бейнеленген, ал айналасына күн сәулесіндей уықтар тарайды. Бес бұрышты жұлдыз — болашаққа жол көрсететін нышан. Қанатты тұлпар — еркіндік пен қуаттың белгісі, бидай масақтары — тоқшылық пен молшылықты меңзейді. Төменгі бөліктегі «Қазақстан» жазуы — еліміздің әлемге танылғанын айғақтайды. Елтаңба авторлары: Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
Елтаңбасы елімнің — Неткен айбат, әдемі! Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі.
Құт-береке — шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ Екі жақтан көмкерген.
Әнұран
Мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы — әнұран. Әнұран — мемлекеттің салтанатты әні, ол ел бірлігін, рухын көтереді.
- Сөзі
- Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
- Әні
- Шәмші Қалдаяқов
- Орындау
- Хор
Өнер бөлімі
Өлең
Қой демейді ешкім де, Шаршамаймыз дөңгелеп. Достарым бар қуанып, Тамашалар кештерде. Талшыбықтай бұралып, Биші болам өскенде.
Би
Испан биін орындайтын — Жаухазын.
Көрініс: «Қайсар рухты қазақ»
Судья
Бұрынғы алаңдағы оқиғаға байланысты Қайрат Рысқұлбековке ауыр айып тағылып, кісі өліміне қатысты деп танылсын. Сондықтан оған ең жоғарғы үкім — ату жазасы кесілсін.
Сөз Қайрат Рысқұлбековке беріледі.
Қайрат
Азамат судья, халайық! Мен кінәлі емеспін. Ешкімді өлтіргенім жоқ. Бәрі — жалған. Бұл — жала.
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Алам десең — алыңдар! Қайрат деген атым бар. Еркек тоқты — құрбандық, Атам десең — атыңдар!
Бірлік пен достық
Біздің Отанымызды тек қазақ халқы ғана емес, елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері де мақтан тұтуы керек. Қазақстан — бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан ортақ үй.
Хор: «Достық»
Қорытынды
Бақыт құсы әр адамға қонып бір. Уа, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр! Бүгін, міне, тәуелсіздік, ағайын — әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.
23 жылдық торқалы той құтты болсын!
Тәрбие шарасына уақыт бөліп қатысқандарыңызға мың алғыс! Балалар, сендер де белсенділік таныттыңдар — көп-көп рақмет! Осымен тәрбиелік шарамыз аяқталды.