Еуразияның солтүстіктегі және оңтүстңк шеткі нүктесі

Еуразия материгінің географиялық орны, қоныстануы және зерттелу тарихы (7-сынып география)

Бұл сабақта оқушылар Еуразия материгінің географиялық орнына жалпы шолу жасап, қоныстануы мен ашылуы және зерттелу тарихын түсінеді. Топтық жұмыс барысында өз ойларын еркін жеткізуге, дәлелдеуге және шығармашылық қабілетін дамытуға дағдыланады.

Сабақтың мақсаты

  • Еуразия материгі туралы түсінікті қалыптастыру (географиялық орны, қоныстануы, зерттелу тарихы).
  • Оқушылардың пікірін еркін, жүйелі жеткізу дағдысын дамыту.
  • Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық пен шығармашылық қабілетті жетілдіру.

Сабақтың форматы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Тарих, биология

Сабақтың әдістері

«Ыстық орындық» Сұрақ-жауап ДЖИГСО Географиялық диктант «Тұлғаны тап» Картамен жұмыс Сөзжұмбақ

Қажетті көрнекіліктер мен құралдар

  • Еуразияның физикалық картасы
  • Атлас
  • Кескін карта
  • Стикерлер
  • Қима қағаздары

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Еуразия материгінің географиялық орнына шолу жасап, ашылуы мен зерттелу тарихының негізгі кезеңдерін түсіндіреді; топта талқылап, қорытындыны нақты әрі дәл жеткізеді.

Жаңа сабақ жоспары

Білу (сұрақ-жауап)

  1. Еуразия қандай екі дүние бөлігінен тұрады?
  2. Дүниежүзіндегі ең ірі материк қайсы?
  3. Еуразияның солтүстіктегі және оңтүстіктегі шеткі нүктелері қандай?
  4. Батыс және шығыс шеткі нүктелері қандай?
  5. Рока мүйісі мен Дежнев мүйісінің арақашықтығы қанша?

Түсіну (мәтінмен жұмыс)

Әр топ өз атауына сәйкес зерттеушіге байланысты мәтінмен жұмыс жасап, Еуразияны зерттеу тарихындағы негізгі еңбектер мен нәтижелерді анықтайды. Нәтижені қысқаша тезис түрінде ұсынады.

1-топ

Н. М. Пржевальский

2-топ

П. П. Семенов–Тянь-Шанский

3-топ

Ш. Уәлиханов

Қолдану (географиялық диктант)

Төмендегі тұжырымдарды дәптерге жазып, дұрыс/бұрыстығын анықтаңыз (немесе бос орындарды толықтырыңыз).

  1. Еуразиядағы жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің қосқан үлесі зор.
  2. XIX ғасырдың басында ғана Орталық Азия табиғатын зерттеуге бағытталған жүйелі экспедициялар құрыла бастады.
  3. Орталық Азияда 15 жыл болып, шамамен 33 мың км жол жүрген ғалым — Н. М. Пржевальский.
  4. Н. М. Пржевальский Орталық Азияға жасаған бесінші сапарының бас кезінде қайтыс болды.
  5. Орталық Азия табиғатын зерттеуде орыс ғалымы П. П. Семенов–Тянь-Шанский зор үлес қосты.
  6. П. П. Семенов–Тянь-Шанский Хантәңіріне шыққан.
  7. Орталық Азияның ұзақ уақыт жұмбақ болып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасаған ағартушы-ғалым — Ш. Уәлиханов.