Қызыл кітапқа кіретін, сирек кездесетін өсімдіктер
Барысы
Бұл интеллектуалды ойын сабақтастық пен қызығушылықты біріктіріп, оқушылардың пәндік білімін, ойлау жылдамдығын және бірлесіп жұмыс істеу дағдысын дамытуға бағытталған.
1-кезең. Ұйымдастыру
«Жүректен – жүрекке»
Шаттық шеңбері түрінде (музыкамен) оқушылар бір-біріне жылы лебіз айтып, ойынға жағымды көңіл күймен кіріседі.
2-кезең. Математика әлемі
Жеке тапсырма
МақсатыОқушылардың мәтін есеп шығару деңгейін анықтау.
Бауыржанның гербарийінде 74, Айжанда 48 өсімдік бар. Ал Маликаның гербарийіндегі өсімдіктер саны Бауыржан мен Айжандағы өсімдіктердің жалпы санынан 12-ге кем. Маликаның гербарийінде неше өсімдік бар?
Топтық тапсырма
МақсатыМатематикалық ұғымдар мен терминдерді ажырату деңгейін анықтау.
Сәйкестендір
Төмендегі атаулар мен мысалдарды сәйкестендіріп жазыңдар.
Сергіту сәті
Музыка ырғағымен қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.
3-кезең. Полиглот
Жеке тапсырма
МақсатыЖұмбақтарды шешіп, жауабын 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазу және айту.
- Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау.
- Еңкейсем еңкейеді, шалқайсам шалқаяды.
- Керемет бір ит болады: үй бағады, үрмейді; аяғы жоқ, жүрмейді; темір салсаң, сөйлейді.
Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер
Орыс тіліндегі тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қазақ тіліне аударып сәйкестендіріңдер.
Орысша
- Родина жарче огня.
- Не имей сто рублей, а имей сто друзей.
- Что посеешь, то и пожнешь.
- Без ножа зарезать.
- Перегибать палку.
- Делать из мухи слона.
Қазақша
- Түймедейді түйедей қылу.
- Шаш ал десе, бас алу.
- Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
- Отан оттан да ыстық.
- Не ексең, соны орасың.
- Мақтамен бауыздау.
Топтық тапсырма
МақсатыСөз таптарын ажыратып, берілген сөздер мен сөз тіркестерін сөз таптарына талдау.
Талдауға берілгендер
4-кезең. Қоршаған орта
Жеке тапсырма
МақсатыҚазақстан Республикасы туралы білімдерін тексеру.
Сұрақтар
- Қазақстан Республикасының Әнұранының авторлары кімдер?
- Қазақстанның жер аумағы қанша?
- Тудың өлшемі қандай?
- Ата Заң қай жылы қабылданды?
- Тудың авторы кім?
- Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
Топтық тапсырма
МақсатыЭкология және Қызыл кітап туралы білімдерін байқау. «Табиғатты қорғау» слайды бойынша талқылау жұмысы жүргізіледі.
Талқылау бағыттары
- Қызыл кітапқа кіретін сирек кездесетін жануарлар.
- Қызыл кітапқа кіретін сирек кездесетін құстар.
- Қызыл кітапқа кіретін сирек кездесетін өсімдіктер.
Сөздік қор (іріктеу және топтастыру)
5-кезең. Қорытынды
Мақсаты
Сайысты қорытындылап, жеңімпаз топты және белсенді оқушыларды марапаттау.
Марапаттау
- Топтық нәтиже бойынша: I, II, III орын.
- Жеке номинациялар: «Жас математик», «Ең үздік полиглот», «Жас патриот».