Ұйқы - ажал ағайыны
Ажалды жылан, жол үстінде жатады.
Ажал ажарға қарамайды.
Ажал келмей жан шықпас,
Қысыр сөзден мән шықпас.
Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.
Ажал ажарыңа да қарамайды,
Базарыңа да қарамайды.
Біреудің ажалы оттан,
Біреудің ажалы судан.
Аңшының ажалы аңынан.
Тәуекел ет те тас жұт,
Ажал жетпей өлмек жоқ.
Қырық жыл қырғын болса да,
Ажалды өлер.
Ажалды киік ашыққа қашады.
Сынбайтұғын шөлмек жоқ,
Ажал жетпей өлмек жоқ.
Ажалдан ақша беріп құтылмас.
Ажалдан ақырет артық.
Ажалдан басқаға араша көп.
Түлкінің ажалына құйрығы кінәлі.
Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.
Ұйқы — ажал ағайыны.
Атқыштан ажал қашады.
Кездейсоқ ажалды
Аңғырттық шақырады.
Жауынгердегі қол күрек
Ажалды алыстату үшін керек.
Ажал ақмақ үшін алтау.
Ақылды үшін біреу.
Ажал алқымдағанда безгекке зар боларсың.
Ағайынды болсаң да,
Ажалды екеніңді ұмытпа.
Ажал қия бастырмайды.
Ажал жолы шілдің қадамынан да қысқа.
Жыл ұлық емес,
Ажал – ұлық.
Амалын тапқан ажалдан құтылады.
Жеті қайқы, бес жүйрік әнші, жыршы, күйші, ақын, композитор - бойына бірнеше өнер тоғыстырған жеті өнерпаз, бес жүйрік туралы
Абай (Ибраһим) Құнанбай ұлы. Абай шығармалары тілінің лексикасы
Көркем прозадағы психологиялық талдау
Абай өнегесі
Көркем прозадағы психологиялық талдау жайлы
Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары
Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз
Қазақ әңгімелеріндегі заман шындығы
Көркем шығармадағы түс көру ұғымы
Қорқыт ата жыры және қазақ әдебиеті
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Қыста аңдар қысқа ұйқыға кетеді
Кешкілік одан басқа қуыршақ солдаттардың бәрін қорапшаға қайта салып, адамдар қалың ұйқыға шомды
Қамбаға бас сұқса - ақ мысық бас салып, ажалға тап бола берген соң, тышқандар оңаша бір қуысқа жиналыпты да кеңес құрыпты
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде, Ұйқыдағы сәбидің келбетіне
Айкезбе - аспандағы ай толысқан кезде кейбір сезімтал адамдардың өз - өзінен мазасынданып ұйқысы келмей, түн ішінде ұйқысырап тұрып кезіп жүріп кететін аурудың атауы
Түнгі ұйқыңызды төрт бөліп мәпелеп тәрбиелегеніңіз үшін рахмет айтамын анашым
Ұйқы келтіретін дәрі
Ажалдан құтқарған асыл сөз
Бір тамақтың қамын жеп, Ұйқылы - ояу жатқан шақ