Өсімдіктердің жануарлар әлемінде алатын орны жайлы әңгімелеу

Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктердің адам және жануарлар тіршілігіндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты

  1. Өсімдіктердің адам мен жануарлар тіршілігіндегі орны туралы мағлұмат беру.
  2. Ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту.
  3. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу, өсімдіктердің көптүрлілігін бағалауға үйрету.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Сөзжұмбақ
  • Жануарлар туралы кітапша

Оқыту әдістері

  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап
  • Саралау

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1, 2, 3 — жинап алдық күш.
4, 5 — отырамыз тез!

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Өсімдік» ұғымына қатысты мысалдарды талқылау:

  • Үй өсімдігі
  • Көкөніс өсімдігі
  • Жеміс өсімдігі
  • Демалыс орны (саябақ) өсімдіктері
  • Дәрілік өсімдіктер

III. Жаңа сабақ

Кіріспе бөлім

Оқушылармен сұрақ-жауап арқылы өсімдіктердің алуан түрлілігі және адамдар мен жануарлардың өсімдіктерді не үшін пайдаланатыны жайлы әңгіме өткізу.

Бақылау күнделігімен жұмыс

  • Бүгінгі күнді белгілету.
  • Ауа райы туралы мәлімет беру.
  • Өлі және тірі табиғаттағы өзгерістерді бақылату.

Сергіту сәті

Күн ұйықтайды. Күн оянады. Жел соғады. Жаңбыр жауады. Бұлт гүрілдейді. Күн ашылады. Жел басылады.

Негізгі бөлім

Жұмбақ шешу

  1. Апан-апан, ескі шапан.
    Иір қобыз, жарық жұлдыз.
    Жауабы: түйе.
  2. Үстінен тоны түспеген,
    Сонда да араз қыспенен.
    Жауабы: аю.

Талқылау сұрақтары: Бұл жануарлар немен қоректенеді? Өсімдіктердің жануарлар әлеміндегі орны және адам тіршілігіндегі маңызы туралы қорытынды жасау.

Суретпен жұмыс

Берілген суреттер бойынша оқушылар өсімдіктердің пайдасын көрсетіп, дәлел келтіреді.

Сызбаны сәйкестендіру

«Кім немен қоректенеді?» тапсырмасы арқылы өсімдік–жануар байланысын анықтау.

Оқулықпен жұмыс

65–67-беттер: мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар

  • Суреттен қандай құстардың ұясын көріп тұрсың?
  • Ұяның неден жасалғанын әңгімелеп бер.
  • Суретке қарап, мына өсімдіктермен қандай жануарлар қоректенетінін айт. Көмек сөздер: қоян, тиін, түлкі

Дәптермен жұмыс

Бақылау дәптеріндегі тапсырмаларды орындату.

Дидактикалық ойын: «Ой қозғау»

Өсімдіктің әртүрлі бағытта пайдасы бар екенін дәлелдету (ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын және т.б.).

VI. Сабақты бекіту

  • Қай жануарлар өсімдікпен қоректенеді?
  • Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы қандай?
  • Өсімдіктен нелер дайындалады?

VII. Сабақты қорытындылау

«Біз бүгін не туралы білдік?» сұрағы бойынша негізгі ойларды жинақтау.

Тест тапсырмаларын тарату

VIII. Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасын беру, оқу жетістігін бағалау.