Қызықты сұрақтар кезеңі
Сыныптан тыс іс-шара: «Білімді бестік» сайысы
Бұл сайыс оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, биология пәніне қызығушылығын арттыруға және ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.
Көрнекіліктер
- Интербелсенді тақта
- Презентация
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Түседі бүгін білім жарысына,
Жеңсеңдер қол соғамыз табысына.
Талапкердің талабы таудай екен,
Аямас тиіп кетсең намысына.
Осылай деп, сайыскерлерімізге қошемет көрсетейік. Сайысқа төрелік ететін қазылар алқасы сайланады.
Қатысушылар және жалпы ереже
Жарысқа 2 топ қатысады. Әр топ өзін таныстырады: «Сұңқар» және «Құлагер».
Мұғалімнің мотивациялық сөзі
Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты — еңбектеніп, жалықпау.
Сәт-сапар тілеп бәріңізге, сайысты біз бастайық,
Өнерлеріңізді көрсетіп, жасқанбай алға шығайық.
Бағалау туралы
Әр кезеңнің ұпайы алдын ала белгіленеді. Нәтиже қазылар алқасының қорытындысымен шығарылады. Сайыс барысында жылдамдық, нақтылық және ой ұшқырлығы бағаланады.
Сайыс кезеңдері
I кезең: «Өзіңді-өзің сына»
Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
-
1) Жасушаның құрылысы мен химиялық құрамын зерттейтін ғылым?Жауабы: цитология.
-
2) Тірі организмдердің ең кіші құрылымдық бірлігі?Жауабы: жасуша.
-
3) Г. Мендельдің үшінші заңы?Жауабы: тәуелсіз тұқым қуалау.
-
4) Адамда омыртқа жотасының саны?Жауабы: 33–34.
-
5) Митоздың фазалары?Жауабы: интерфаза, профаза, метафаза, анафаза, телофаза.
-
6) Фагоцитоз құбылысын ашқан ғалым?Жауабы: И. И. Мечников.
-
7) Балықтарды зерттейтін ғылым?Жауабы: ихтиология.
-
8) Қазақстанда «Қызыл кітап» алғаш рет қашан жарық көрді?Жауабы: 1978 жылы.
-
9) Жылықанды жануарлар?Жауабы: сүтқоректілер мен құстар.
-
10) Қанның ядросыз қызыл түсті жасушалары?Жауабы: эритроциттер.
II кезең: «Сандықшада не бар?»
10 ұпай1-топқа тапсырма
XVI ғасырдың бас кезінде Педро де Леон есімді 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол жерде жергілікті халықтың бір тағамды жиі тұтынатынын байқайды. Перуліктер оны «папа» деп атайды екен. Күнге кептірілген түрін «чуньо» дейді. Француздар — «жер алмасы», итальяндықтар әуелде — «тартуфоль» деп атаған. Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады, ал оның кең тарауына III Петрдің еңбегі зор делінеді.
2-топқа тапсырма
Бұл металл күміс тәрізді жарқыраған ақ түсті және өте жеңіл. Одан түрлі ыдыс-аяқ пен тұрмыста жиі қолданылатын бұйымдар жасалады. Әсіресе, оның басқа металдармен қорытпасы өте құнды: берік әрі жеңіл болғандықтан, ұшақтар мен ғарыш кемелерін жасауда кеңінен пайдаланылады. Таза күйінде XIX ғасырдың басында өндіріле бастады. Алғашқы кезде балқыту өте қиын болғандықтан, ұзақ уақыт сирек әрі қымбат саналды: тіпті Франция королінің отбасында одан жасалған пышақ пен шанышқы алтыннан да бағалы бұйым ретінде қолданылған.
III кезең: «Қызықты сұрақтар»
10 ұпайӘр топқа 2 сұрақтан беріледі.
1) Шай қайнатып шағала, бәрін шайға шақырды. Келді тоғыз шағала. Неше шағала шай ішті?
Жауабы: 10.
2) Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр. Әр мысықтың қасында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4.
3) Жаңбыр құйып тұр. Қарлығаш қандай ағашқа қонады?
Жауабы: су ағашқа.
4) 1 кг тас ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма?
Жауабы: екеуі де тең.
IV кезең: «Құпиялы ағаш»
10 ұпай1-топқа сұрақ
Халық арасында мынадай аңыз бар: бұл жерде аң көп болған. Айналасы жиі тұманданып тұрады екен. Аңға барған адам бұл жерден қайтпайды дейді. Бұл қай жер?
2-топқа сұрақ
Халық арасында мынадай аңыз бар: ерте кезде қазақтар көшіп-қонып жүрген тұста биік шыңда тау бүркіті өмір сүріпті. Ол сұлтандардың жағымсыз қылықтарына қырағы көзін тігіп отырады екен. Сұлтандар оны атпақ болса — оқ ұясына жетпейді, ал ұясына өрмелеп шықпақ болса — шыға алмайды дейді. Бұл қай жер?
V кезең: Ораторлық өнер («Егер мен…»)
30 ұпайСөз сөйлеу шеберлігіне негізделген кезең. Қатысушылар ұсынылған тақырып бойынша қысқа, мазмұнды әрі нанымды ой айтуы тиіс.
А нұсқасы
Егер мен биология пәнінің мұғалімі болсам…
Б нұсқасы
Егер мен газ құбырының басшысы болсам…
VI кезең: Қорытынды
Қазылар алқасы ұпайларды есептеп, нәтижені жариялайды. Жеңімпаздар марапатталып, қатысушылардың белсенділігі мен командалық жұмысы атап өтіледі.