АТФ банкі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мұғалім

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп-бала бақшасы бастауыш сынып мұғалімі — Мухтарова Гульмира Таңжарбаевна.

Тақырып

Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты

Дамытушылық

  • Өткенді есте сақтауды күшейту, ойлау қабілетін арттыру.
  • Теориялық білімді бекіту, шапшаң есептеу дағдысын дамыту.
  • Ақыл-ой ұшқырлығын қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
  • Бірлесіп жұмыс жасау арқылы ұйымшылдық пен адамгершілікке баулу.
  • Патриоттық сезімді ояту.

Білімдік

Сандарды ондық пен бірлікке жіктей отырып, есептеу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі
Білім-іскерлік дағдысын қалыптастыру
Сабақтың типі
Қайталау – ойын сабақ
Сабақтың әдісі
Ойын элементтері, практикалық жұмыс
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, дүниежүзі картасы, мемлекеттер тулары, ребустар, Қазақстан қалалары мен банктерге қатысты карточкалар, әртүрлі жеміс-жидек суреттері, ҚР теңгелері және т.б.

Сабақ барысы (қадамдар)

  1. 1) Ұйымдастыру

    Сыныпқа кіріп, амандасу. Оқушылардың дайындығын тексеру. Оқушыларды үш топқа бөлу және әр топқа банк атауын беру: І топ — Халық банкі, ІІ топ — АТФ банкі, ІІІ топ — Темір банк. Әр банкке бастапқы салым енгізіліп, ойын ережелері түсіндіріледі.

  2. 2) Үй тапсырмасын тексеру

    Сұрақтарға жауап беру арқылы әр салымшы өз банкінің есепшотына қаржылай пайда әкеледі. Әр дұрыс жауап — 200 теңге.

    Сұрақтар

    1. Азайғыш пен айырманың мәні белгілі болса, азайтқышты қалай табуға болады?
    2. 35 + 4 = ?
    3. Қосындының мәні және бірінші қосылғыш белгілі болса, екінші қосылғышты қалай табуға болады?
    4. 100 − 7 = ?
    5. Азайтқыш пен айырманың мәні белгілі болса, азайғышты қалай табамыз?
  3. 3) «Жәрмеңкеге қош келдіңіз!» (аукцион-сабақ)

    Әр оқушы өзіне қажетті жемісті таңдап, көрсетілген бағамен «сатып алады». Жемістің артында жасырын тұрған тапсырманы орындаса, банк есепшотына ұпай/қаражат түседі.

    Алма

    • 23 + 7
    • 60 − 4

    Апельсин

    • 56 + 4
    • 30 − 7

    Банан

    • 67 + 3
    • 100 − 7

    Жүзім

    • 48 см + 2 см
    • 9 дм − 8 дм

    Құлпынай

    • 8 дм 8 см + 2 см
  4. 4) Сергіту сәті: «Жарнама» (ауызша жұмыс)

    Оқулықтағы №5 есептерге шапшаң әрі дұрыс жауап берген банк өзін «тегін жарнамалауға» құқық алады.

    №5. Сұрақтарға жауап бер

    1. Кәмила әженің үйінде 1 апта 3 күн болды. Барлығы неше күн?
    2. Асқар жазда теңіз жағасында 1 ай 1 апта демалды. Барлығы неше күн?
  5. 5) ОБСЕ Саммитіне сапар

    Жақында Қазақстанда өткен ОБСЕ Саммитіне қатысқан елдерді табу және жасырын есептерді шығару арқылы оқушы тиісті қаражатты өз банкінің есепшотына қосады.

    Ресей

    500 тг

    Дүкенде 64 қорап қарындаш болды. Бірінші күні 10 қорап сатылды, ал екінші күні тағы 30 қорап әкелінді. Дүкенде енді неше қорап қарындаш болды?

    Шарты

    • Бар еді — 64 қорап
    • Сатылды — 10 қорап
    • Әкелінді — 30 қорап
    • Болғаны — ?

    Қытай

    500 тг

    Дүкенде 64 қорап қарындаш болды. Бірінші күні 10 қорап, ал екінші күні 30 қорап қарындаш сатылды. Сатылмаған неше қорап қарындаш қалды?

    Шарты

    • Бар еді — 64 қорап
    • Сатылды — 10 қорап және 30 қорап
    • Қалғаны — ?

    АҚШ

    600 тг

    Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:

    Халық банкі

    • 1 сағ 5 мин = … мин
    • 1 дм 5 см = … см

    АТФ банкі

    • 83 мин = … сағ … мин
    • 83 см = … дм … см

    Темір банк

    • 1 сағ 30 мин = … мин
    • 94 см = … дм … см
  6. 6) Оқулықпен жұмыс: «Азияда–2011»

    Алматы → Атырау → Орал → Ақтөбе → Астана маршруты бойынша алау топтан топқа ауысады. Теңіз бетімен кемеде «саяхаттау» үшін әр топ жолдама-билет сатып алады. Билет құны — 200 теңге.

    Қала Тапсырма
    Алматы №7 (а)
    Атырау №7 (б)
    Орал №7 (ә)
    Ақтөбе №7 (в)
    Астана №7 (г)
  7. 7) Бағалау

    Алдымен әр банктің есепшотындағы жалпы қаржысы есептеліп, топтық нәтиже шығарылады. Кейін әр оқушының сабаққа қосқан үлесіне (қаншалықты тапсырма орындағанына және қанша «пайда» әкелгеніне) қарай бағаланады.

  8. 8) Қорытынды

    Эйлер–Венн диаграммасы арқылы қосынды мен айырманың ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталады. Оқушылар өз бетінше қорытынды жасайды.

  9. 9) Үй тапсырмасы

    Оқулықтан: №2 және №6 есептер.