Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Оқу мақсаты

5.2.3.4 — Мәліметтерді жинақтау.

Оқу мақсаты

5.3.1.2 — Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну.

Сабақ мақсаты

Бұл сабақта оқушылар ертеден келе жатқан халық даналығы, ата-баба мұрасы, салт-дәстүр, көсем сөздер мен шешен сөздердің рухани тағылымы туралы түсінік қалыптастырып, ақпаратты жинақтап, оны презентация түрінде ұсынады.

Оқушылардың барлығы

  • Халық даналығының, ата-баба мұрасының, салт-дәстүрдің тәрбиелік мәнін түсінеді.
  • Көсем сөздер мен шешен сөздердің рухани тағылымын адамгершілік құндылық және даналық ретінде қабылдайды.

Оқушылардың көпшілігі

  • Ақпаратты құрылымды түрде қолданады.
  • Презентацияда таныс әрі түсінікті ақпарат ұсынады.
  • Сыныптастарының назарын өзіне аудара алады.

Оқушылардың кейбірі

  • Ақпаратты жүйесіз қолдануы мүмкін.
  • Презентациядағы ақпаратты өңдеп, мазмұнын жақсарта алады.
  • Сыныптастарының назарын толықтай өзіне аудара алмауы мүмкін.