Мынау көкөністер

Білім беру саласы

Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тіл дамыту

Тақырыбы

Дидактикалық ойындар еліне саяхат

Мақсаттары: білімділік

Дидактикалық ойындар арқылы балалардың алған білімдерін кеңейту.

Мақсаттары: дамытушылық

Сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорды байыту. ТТШТ (ТРИЗ), Луллия шеңбері (Кольцо Луллия), түрлі-түсті суреттер мен интерактивті тақтадағы ойындар арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын жетілдіру.

Мақсаттары: тәрбиелік

Балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.

Қостілділік

Fruits
жемістер
Vegetables
көкөністер

Пайдаланылған көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Мольберт
  • Слайд-презентация
  • Луллия шеңбері
  • Топ балаларының физминутка видеосы
  • Музыка
  • Түрлі-түсті суреттер

Сабақ барысы

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері

Амансың ба, алтын күн,

Амансың ба, жер-ана.

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!

Әңгімелесу

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі

Күз мезгілінде неше ай бар? Үш ай: қыркүйек, қазан, қараша

Ойын ойнағыларың келе ме? Бүгін көптеген қызықты ойындар ойнаймыз.

Күз туралы тақпақтар

Нұрзат

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау,

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Қанатұлы Абдолла

Аспанды сұрғылт бұлт

Жан-жақтан жабады,

Күн бірте суытып,

Жауын көп жауады.

Аниса

Көк майса көрікті,

Алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Айдина

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ,

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Іздену-ұйымдастырушы кезең

Балалар, тақтаға назар аударайық. Күз мезгілі болғандықтан, бақ пен бақшаға саяхатқа шығамыз. Алдымызда бірнеше дидактикалық ойын бар.

1) «Бақта ма, бақшада ма?»

Интерактивті тақта · слайд-шоу

Мақсаты

Жемістер мен көкөністерді ажырату, атауларын дұрыс айту, сөйлеуді суреттер арқылы дамыту.

Тапсырмалар

  • Жемістер мен көкөністерді ажыратып, атауын айту.
  • Алманың түсіне қарай себеттерге орналастыру (сары, қызыл, жасыл).
  • Көлеңкесі арқылы жемісті анықтау.
  • «Не артық?» тапсырмасы: жеміс пен көкөністен артық суретті табу.
  • Қиынды суреттер арқылы слайдтағы бейнені табу.
Өтеш Ералы

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Самира

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып,

Тұрған ол — мен қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Гүлназ

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай қақтырар бар дәмім.

Алина

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Ауыздамын бар жұрттың.

2) Ағылшынша сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс · санау

One potato, two potatoes, three potatoes, four.
Five potatoes, six potatoes, seven potatoes, more.

3) «Луллия шеңбері»

Сөз тіркесі · жай сөйлем

Мақсаты

Әртүрлі суреттерді байланыстырып, сөз тіркестері мен жай сөйлемдер құрастыруға үйрету.

Сұрақ-жауап үлгілері

  • Балық қайда жүзеді? Балық суда жүзеді.
  • Дәрігердің көлігін не деп атаймыз? Жедел жәрдем.
  • Көбелек қайда қонады? Көбелек гүлге қонады.
  • Қайық қай жерде жүреді? Суда (қайық — судың көлігі).
  • Көкөністер қай мезгілде піседі? Күз мезгілінде.
  • Сиырдың төлін қалай атаймыз? Бұзау.
  • Қыста қыстап қалатын құс? Торғай.
  • Үлкен-кішкентай салыстыру: Бұл — кішкентай балық.

4) «Қай жануар артық?»

Слайд · жасырылған суреттер

Мақсаты

Слайдта жасырылған жануарларды табу арқылы сөздік қорды және сөйлеуді дамыту.

Жануарлар

  • Аю
  • Кірпі
  • Суыр
  • Борсық
  • Түлкі
  • Қасқыр
  • Қоян
  • Тиін

5) Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс · өлең

Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен,
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Три медведя шли домой,
Папа был большой, большой.
Мама чуть поменьше роста,
А сынок — малюська просто,
Погремушками играл:
«Цинь-цинь-цинь».

6) «Түрлі-түсті суреттер»

Мольберт · түстерді ажырату

Қызыл

  • қызанақ
  • қолшатыр
  • күрек
  • бесбұрыш/жұлдыз
  • ащы бұрыш
  • қарақат
  • көлік

Жасыл

  • шырша
  • бақа
  • алма
  • жапырақ

Көк

  • кесе
  • доп
  • дельфин
  • галстук
  • жейде
  • ойыншық
  • гүл

Сары

  • банан
  • үйректің балапаны
  • күн
  • балапан
  • гүл
  • қолшатыр
  • саңырауқұлақ
  • лимон
  • балық

7) «Көп пе, аз ба?»

Слайд · санау дағдысы

Мақсаты

Ойыншық суреттері арқылы сөздік қорды дамыту, санау, «аз-көп» ұғымдарын ажырату.

Ойыншықтар

  • қайық
  • доп
  • ұшақ
  • қуыршақ
  • кубик
  • пирамида

Балалардың күтілетін жауаптары (үлгілер)

«Бақта ма, бақшада ма?»

  • Жемістер мен көкөністерді ажыратады, атауларын атайды.
  • Алманың түстерін айтады: сары, қызыл, жасыл.
  • «Не артық?» тапсырмасында артық жемісті табады: апельсин.
  • Сурет бойынша айтады: вазада алма мен алмұрт бейнеленген.

«Луллия шеңбері»

  • Балық суда жүзеді.
  • Дәрігердің көлігі — жедел жәрдем.
  • Көбелек гүлге қонады.
  • Қайық — судың көлігі.
  • Көкөністер күз мезгілінде піседі.
  • Сиырдың төлі — бұзау.
  • Қыста қыстап қалатын құс — торғай.

«Қай жануар артық?»

Балалар жоғалған жануарларды кезекпен тауып, тақтадан көрсетеді: аю, кірпі, суыр, борсық, түлкі, қасқыр, қоян, тиін.

«Түрлі-түсті суреттер» және «Көп пе, аз ба?»

Балалар суреттерді түстеріне қарай мольбертке орналастырады, интерактивті тақтадағы ойыншықтардың атауын атап, санын санайды және «аз-көп» ұғымын ажыратады.

Рефлексивті-коррекциялаушы кезең

Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Біз қандай ойындар ойнадық? Тақтамен және әртүрлі суреттермен жұмыс жасадық.

Енді интерактивті тақта арқылы өзіміздің физминуткамызды бірге орындайық. Қане, билейміз!

Бүгін сендер ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте белсенді қатыстыңдар. Жақсы қатысқандарың үшін көңіл-күй смайликтерін беремін.

Қорытынды

Қонақтармен қоштасамыз: Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже

Білуі

Тіл дамытуға арналған дидактикалық ойындар арқылы сөз тіркестерін құрастырады.

Меңгеруі

ТТШТ (ТРИЗ) әдістері арқылы дидактикалық ойындарды ойнай біледі.

Жасай алады

Берілген дидактикалық ойын тапсырмаларын мұқият орындап, нұсқауды сақтайды.