Салтанатты жиынға арнайы келіп отырған қонақтар
Білім күніне арналған салтанатты жиын
Жүргізуші Мереке: Зор қуаныш – Білім күні! Сыңғырла, қоңыраудың алғашқы үні. Қош келдің, құтты болсын қадамдарың, балдырған, балғын жандар – өмір гүлі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қадірлі ата-аналар! Салтанатты жиынға арнайы келген қонақтар! Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен құттықтаймыз!
Білім есігін ашар жас бүлдіршіндер, алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын! Дархан даламызға білім нұрын таратушы Ыбырай Алтынсариннің қоңырауы бүгінде жүздеген, мыңдаған қоңырауға қосылып, кәусар бұлақтай сыңғырлайды. Біз де бүгін білімге сапар шегеміз.
Мемлекеттік рәміздер және жиынның ашылуы
Жүргізуші:
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл туы көкті тіреп,
Қарағым, сен қашанда тұғырдасың.
Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын.
Рапорт және құттықтау сөзі
Алғашқы әскери дайындық жетекшісі Б. Құлжанов мектепті сапқа тұрғызып, «Армысың, алғашқы қоңырау!» атты жиынға дайындығы туралы рапорт береді.
«Ажырамай мектептен бір ел сіз, жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Сөз берелік құрметпен өзіңізге, шәкірттерге арналсын тілегіңіз», – дей отырып, жиынды ашу үшін мектеп директоры Калменов Манақбай ағайға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Құттықтаулар және арнайы баяндамалар
Жүргізуші:
Әлемге ұлылығын мойындатқан,
Тәуелсіз, егемен ел – Қазақстан!
Осынау жылдар ішінде таңғажайып,
Қарқынмен болашаққа қадам басқан.
Барша Қазақстан халқын Тәуелсіздігіміздің 24 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Құтты болсын, ағайын!
Қазақ халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып жазылған ұлағатты ұстаз Иноятова Салтанат апайдың баяндамасын оқу үшін ортаға шақырамыз.
Қонақтарға сөз кезегі
Жүргізуші: «Қонақ деген – ырысың мен мерейің. Білім күні мерекесі ортақ болған қонақтарға сөз кезегін берейік».
-
1) Дербісек елді мекенінің әкімі ________, орынбасары ________
-
2) ҚР-ға еңбегі сіңген еңбек ардагері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Мырзабайұлы
-
3) Облыстық мәслихат депутаты, ел ағасы Шонабаев Сәрсен
-
4) Аудандық мәслихаттың III шақырылым депутаты, бастауыш «НұрОтан» партиясының төрағасы Нұрбеков Полат
-
5) Ұлағатты ұстаз Майрихова Анапия
-
6) 2011 жылдан бері ата-аналар комитетінің төрағасы болған, мектеп іс-шараларын ұйымдастыруға үлес қосқан Төлешов Боранбай
Шығармашылық бөлім
Ән орындау
«Ұстазым» әнін 9-сынып оқушылары Ізтұрған Айжан мен Оштан Арай орындайды.
Оқушылардың өлеңдері
Бастауыш 1–3 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. Олар Білім күні, Тәуелсіздік және Ұстаз тақырыптарында өлең оқиды.
Хабарландырулар
Түрлі хабарламалармен таныстыру үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұмаділлаев Жолдас ағайға сөз кезегін береміз.
Алғашқы қоңырау
Жүргізуші:
Қағылмақ міне, әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғашқы қоңырау.
Нұр толып жүзің, гүл толы құшақ,
Шаттыққа толы омырау.
Алғашқы қоңырауды соғу үшін ортаға 1-сынып және 11-сынып оқушылары шығады.
Салтанатты жиыннан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын.
Алғашқы Білім күні құтты болсын! Ендеше, бүгінгі салтанатты жиынымызды аяқтай отырып, қонақтарымыз бен шәкірттерімізді «Қазақстан–2050 жолы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы алғашқы ашық тәрбие сабағына шақырамыз.