Табиғат сөзінен бірнеше сөздер шығару
Сабақтың тақырыбы
Жаттығу жұмысы
Сабақ түрі
Саяхат сабақ
Қолданылған технология
Блум таксономиясы
Көрнекілігі
Оқулық, суреттер, слайдтар
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Зат есім туралы алған білім, білік, дағдыларды еске түсіріп, қорытынды мен тұжырым жасау.
- Білімді бір жүйеге келтіру, жинақтау.
- Сөйлем ішінен зат есімді тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
2) Дамытушылық
- Сөйлеу тілін, ой-өрісті дамыту.
- Берілген сұраққа нақты әрі тиянақты жауап беруге дағдыландыру.
- Танымдық қабілетті арттыру, өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.
3) Тәрбиелік
- Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
- Жан-жануарларды қорғауға, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу және назар аударту
- Сәлемдесу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2) Психологиялық дайындық
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбектену арқылы
«5»-ке қол жеткізу.
Мұғалімнің қолдауы: бүгінгі сабақта «5» алатындарыңа сенімдімін.
Жұмбақ арқылы қызығушылық ояту
Аң-құстың мекені,
Ағашы оның көп еді.
Шешуін кім біледі?
Жауабы
Орман
Осылайша сынып «қысқы орманға саяхат» сабағын бастайды.
Саяхатқа немен барған ыңғайлы?
Автобуспен — себебі бәріміз бірге барамыз.
Үй тапсырмасын тексеру
306-жаттығу.
Сюжеттік байланыс
Қоян жолды бөгеп, тапсырмаларын орындасақ қана жол ашылатынын айтады.
«Ойлы болсаң озып көр»
Өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтарға жауап беру.
Жаңа сабақ (Блум таксономиясы бойынша)
Білім
Жаңа түсінікті ұғыну, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру.
Слайд 1: Еменшіл сұлыкеш
Бұл құстар Солтүстік және Шығыс Қазақстанды мекендейді. Ұясын жердегі шұңқырға салып, бетін шөппен жауып жасырады.
Сұрақ: «Құстар» сөзіне қандай сұрақ қойылады?
Жауап: Нелер? Зат есім
Слайд 1: Қызыл кардинал
Тұмсығы жуан әрі жалпақ. Дәндермен және жемістермен қоректенеді. Қалың қопаны мекендейді; көбіне ашық естілетін даусынан ғана қай маңда екенін аңғаруға болады.
Сұрақ: «Кардинал» сөзіне қандай сұрақ қойылады?
Жауап: Не? Зат есім
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын нақтылау
Бүгін зат есім туралы білімдеріңді тереңдетіп, жаттығу жұмыстарын орындаймыз.
Дәптермен жұмыс
- Күннің жадын жазу.
- Сабақтың тақырыбын жазу.
- Көркем жазу жұмысын орындау.
Түсіну
Жаңа материалды түсіндіру, өз сөзімен баяндау, болжам жасау.
Слайд 2
Марал
Тапсырма
308-жаттығу.
«Кім шапшаң?» ойыны
- Берілген сөздерге -шы/-ші жұрнағын жалғау.
- Сөздерге сұрақ қою.
- «Кім?» және «Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бағанға бөліп жазу.
Қысқаша мәлімет
Марал Еуропа мен Сібір ормандарында тіршілік етеді. Көк шөппен қоректенеді, алма мен алмұрт сияқты жемістерді және жидектерді ұнатады. Иіс сезуі мен естуі жақсы дамыған, суда жақсы жүзеді. Үріккенде 6 метрге дейін секіріп қаша алады.
Слайд 3
Бөлтіріктер және қасқыр
Сұрақтар арқылы жұмыс:
- Мынау нелер? — бөлтіріктер
- Бөлтіріктің енесі қалай аталады? — қасқыр
Тапсырма
309-жаттығу.
Сергіту сәті
Орманның біз емшісіміз,
Тоқ-тоқ-тоқ.
Құрт біткенді жоқ етеміз,
Жоқ-жоқ-жоқ.
Тоқ-тоқ-тоқ,
Жоқ-жоқ-жоқ.
Қолдану
Жаңа білімді жіктеу, салыстыру, байланысты анықтау, талдау.
Слайд 4: Тиін
Тиін немен қоректенеді? — бүрлермен.
Тапсырма
310-жаттығу: «себеттерге бүр жинау» арқылы орындалады.
Шығармашылық жұмыс (Слайд 5: Ақкіс)
Ақкіс тапсырмалары және ол туралы қысқаша мәлімет беріледі.
1-қатар
Зат есімді тауып жаз:
2-қатар
«Табиғат» сөзінен бірнеше сөз құрастыру.
3-қатар
Қысқы табиғат құбылыстарын қатыстырып шағын әңгіме құрастыру.
Сабақты бекіту
Талдау
Ақкістің тапсырмалары сәтті орындалғаннан кейін, сынып «автобусқа мініп» кері қайтады. Жол бойы бекіту тапсырмалары беріледі.
1-тапсырма: «Адасқан суреттер» ойыны
Адасқан суреттерді өзіне тиісті сұрақ жазылған бағанға орналастыру.
2-тапсырма: Тест жұмысы
Өтілген тақырып бойынша қысқа тест орындау.
Жинақтау
Жеке ұғымдар мен бөлшектерді біріктіріп, тұтас қорытынды жасау.
Сабақты қорытындылау
Рефлексия сұрақтары
- Бүгін қайда бардық?
- Не білдік?
- Не үйрендік?
- Не көрдік?
Табиғатты қорғау туралы ой
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңының 38-бабында табиғатты қорғау және оны таза ұстау — әр адамның міндеті екені айтылған.
Ауылды көркейту бағытындағы «Жасыл ел» бағдарламасы ауданымызда да жүзеге асуда.
Үндеу
Келешекті көркейтетін — сендер. Айналамызды көгалдандыруға қатысайық. Табиғатты қорғайық!
Уәде
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты қорғаймыз,
Жаман бала болмаймыз!
Үйге тапсырма
311-жаттығу.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.