Пәні: математика
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Математика
Тақырып
Уақыт өлшемдері туралы білімдерін қайталау
Білімділік мақсаты
Уақыт, сағат және жыл мезгілдері туралы бұрын алған білімдерін тереңдету және пысықтау.
Дамытушылық мақсаты
Тез ойлауға, жылдам есептеуге дағдыландыру; ой-өрісті кеңейту және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Ұжымшылдыққа, ептілікке, табиғатты қорғауға және мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Кесте, сызба
- Қарлығаштар, өрмекші торы
- Тақта, жыл мезгілдерінің бүктемесі
- Слайд-шоу
Сабақтың форматы
Сабақ түрі: Қорытынды сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, сурет, ана тілі, өзін-өзі тану, музыка.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
1–5 минут- Амандасу, сыныпты түгендеу.
- Күнді нақтылау: «Қай күн? Нешесі?»
- Психологиялық дайындық: «Сабаққа дайынсыңдар ма?»
Ширату өлеңі
Сабаққа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
2) Үй жұмысын тексеру
2 минутАуызша тексеру
Екі оқушы тапсырманы ауызша оқиды.
Тақтамен жұмыс
Екі оқушы кері есеп құрастырады.
Дәптермен жұмыс
3 минут4 есепті салыстыру.
3) Үй жұмысын бекіту
Математикалық диктант
Негізгі ұғымдарды жедел қайталау.
«Тор көзді толтыр»
Уақыт пен сағатқа қатысты жаттығу.
4) Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу: сюжеттік тапсырма
Балалар, менің құлағыма бір дауыс естілгендей болды — тыңдайықшы. Көбелек көмекке шақырып жатыр: өрмекші өзіне тор құрып, бейшара көбелек сол торға түсіп қалыпты.
Көктем мезгілінде құстар қайта оралады ғой. Міне, келіп жеткен қарлығаштар көбелекті тордан босату үшін өрмекшінің тапсырмаларын орындауға көмектесуімізді сұрайды.
Маңызды шарт
Өрмекші өз торына қайта оралғанша үлгеруіміз керек. Сондықтан әр тапсырманың нақты уақыты бар. Тапсырмалардың барлығы уақыт, жыл мезгілдері және сағат тақырыптарына байланысты.
Өрмекшінің тапсырмалары
Уақытпен орындалады-
1-тор: Кластер жасау
3 минут · жекешеУақыт өлшемдері мен сағатқа қатысты ұғымдарды жүйелеу.
-
2-тор: «Кубизм» сызбасы
топпен · қорғауТақырыпты әр қырынан талдап, топтық жұмысты қорғау.
-
3-тор: Логикалық сұрақтар
жекешеСұрақ 1
Мына әріптер нені білдіреді: Б, Е, Ү, Т, Б, А, Ж, С, Т, О?
Мұғалімдерден сұрауға да болады; әріптер жазылған парақ таратылады.
Сұрақ 2
Балаларға түскі асқа 20 минут уақыт берілді. Түскі ас дәл 12:00-де басталды. Қағаздағы сағаттарға түскі астың басталу және аяқталу уақытын белгіле.
Сұрақ 3
Әкеңнің әкесі саған кім болады?
-
4-тор: Ассоциация құрастыру
топпен«Уақыт», «сағат», «жыл мезгілдері» ұғымдарына ассоциациялар құру.
-
5-тор: Жылдам есептеу
жекеше«Ойлап қос» тапсырмасы және нүктелерді қосу жұмысы.
-
6-тор: Құпия сөзді шығару
оқылымҚұпия сөзді шешіп болған соң, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқу.
Нәтиже
Абай атамыз айтқандай, рақымшылық жасап, уақытты үнемдей отырып, қарлығаштарға көмектестіңдер. Осылайша көбелек те тордан босады. Сол сәтте қарлығаштардың «Рақмет!» деген даусы естілгендей болды.
Бұл сабақ бізге уақытты тиімді пайдалануды, өз еліне қамқор болуды, табиғатқа жанашырлық танытуды және бір-бірімізге көмектесуді парыз деп білуді еске салды.
7) Қорытынды, бағалау және кері байланыс
Кері байланыс
Оқушылар «кері байланыс кестесін» толтыру арқылы өз жұмыстарын бағалайды. Қажет болса, сабаққа қатысқан мұғалімдерге де таратуға болады.
Бағалау
Сабақ барысындағы белсенділік пен орындалған тапсырмалар негізінде қорытынды баға қойылады.
Үй тапсырмасы
Оқушылар күн тәртібін жазып келеді.