Бесікке салу дәстүрін көрсетейін

Оқу жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық картасы

Ортаңғы топ «Сәулетай»

Білім беру салалары: Таным, Шығармашылық. Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу, Жапсыру.

Тақырып

Қазақтың салт-дәстүрі: «Бесікке салу».

Мақсаты

  • Балаларды өз елінің дәстүрі мен тұрмысымен таныстыру.
  • Салт-дәстүрді білуге қызығушылығын арттыру және сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
  • Елінің сұлулығына сүйіспеншілігін қалыптастыру.
  • Салт-дәстүрді құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Тілдік және материалдық база

Сөздік қоры

бесік сәби бесікке салу

Билингвальдық компонент

бесік
колыбель
сәби
ребенок
әже
бабушка
кесе
пиала

Технологиялық қамтамасыздандыру

Суреттер, презентациялар, ноутбук.

Сабақ барысы: кезеңдер мен мазмұны

1) Мотивациялық-қозғаушы кезең

Амандасу, жылулық шеңбері

Мұғалімнің әрекеті

  • Балаларды қарсы алып, амандасады.
  • Қол ұстасып, алақан жылуы арқылы бір-біріне «Қайырлы таң» тілетеді.
  • Қимыл-қозғалыспен көңіл күйді көтеріп, сабаққа назар аударады.

Балалардың әрекеті

  • Шеңбер бойымен күлімдеп амандасады.
  • Қимылмен бірге қайталайды, топпен жұмысқа дайындалады.

Жылыту өлеңі

Күндей жарқырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Бүгінгі оқу әрекетімізді бастайық.

2) Іздену-ұйымдастырушы кезең

Таныстыру, диалог, көрнекілік

Сабаққа кіріспе

Мұғалім балаларға бүгінгі сабақта қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысатынын айтады және: «Қандай дәстүрлерді білесіңдер?» деген сұрақ қояды. Түсіндіру презентация арқылы жүргізіледі.

Сюжеттік сәт: әженің хаты

Балаларға ауылдағы әжеден хат келгені айтылады. Хат мазмұны:

Құрметті балалар, менің немерелерім!
Сендерді қатты сағындым. Сағыныштан сарғайып, сендерге қонаққа келе жатырмын.
Бір-екі күннен кейін жандарыңда боламын!
Сағынышпен, әжелерің.

Қонақпен диалог

Әже: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Құлыншақтарым, сендерді қатты сағындым.»

Балалар: «Әже, сіз қандай қазақ салт-дәстүрлерін білесіз?»

Әже: «Қазақ халқында дәстүр өте көп, қарақтарым.»

Балалар: «Әже, бізге бір дәстүрді көрсетіп бересіз бе?»

Әже: «Көрсетейін, келінжан. Бүгін бесікке салу дәстүрін таныстырайын.»

Дәстүрді көрсету: «Бесікке салу»

Музыка: «Әлди-әлди»

Рәсімнің негізгі әрекеттері

  • Әже баланы бесікке бөлейді.
  • Бесікті адыраспанмен аластайды (тазарту, жамандықтан сақтау ниеті).
  • Сәбидің бас жағына айна, тарақ, тұмар және қайшы сияқты бұйымдарды ырымдап қояды.
  • Түбекке тәттілер салып, қонақтарға үлестіреді.

Аластау сөзі

Алас, алас баладан алас.
Иесі келді, пәледен көш.
Алас, алас баладан алас.
Көзі жаманның көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас.
Қырық қабырғасынан алас.

Түсіндіру

Бұл сөздер сәбиді жамандықтан сақтап, аман-сау өссін деген ниетті білдіреді.

Негізгі ой

Қазақ халқы жаңа туған сәбиді бесікке бөлейді. Бесік — киелі бұйым. Бесіктегі бала таза болып, тыныш ұйықтап, жақсы өседі деп сенген.

Ортақ ән

Балалар бәрі бірігіп, сәбиді ұйықтату үшін «Әлди-әлди, ақ бөпем» әнін айтады.

Сергіту сәті

«Көңілді күн» атты презентация/қимылды жаттығу қосылып, балалар денесін сергітеді.

Шығармашылық жұмыс: әжеге сыйлық

Балалар орындарына отырып, әженің шай ішуіне арнап оюлы кесе жасап береді (жапсыру жұмысы).

Әженің алғысы

«Немерелерім, көп рақмет!»

Қимылды ойын: «Ханталапай»

Екі бала ортаға шығып, асықтарды жинайды. Кім көп асық жинаса, сол жеңімпаз болады.

Шапшаңдық Зейін Топтық қарым-қатынас

3) Рефлексивті-коррекциялаушы кезең

Қорытынды, сұрақ-жауап

Қорытындылау

Мұғалім сабақ мазмұнын жинақтап, балалардың түсіну деңгейін анықтау үшін сұрақтар қояды (дәстүрдің атауы, бесіктің мәні, рәсімдегі әрекеттер).

Балалардың белсенділігі

  • Сұрақтарға жауап береді, қызығушылық танытады.
  • Суретпен және слайдпен жұмыс жасайды.
  • Тыңдайды, әңгімелейді, өз ойын жеткізеді.

Күтілетін нәтиже

Жаңғыртады

Балалар салт-дәстүрлермен қысқаша танысып, «бесікке салу» дәстүрінің мәнін меңгереді.

Түсінеді

Мазмұнын дұрыс түсінеді, тыңдайды және әңгімелей алады.

Қолданады

Кітапша, слайд, сурет және компьютер сияқты құралдарды оқу үдерісінде қолданады.