Жаңа сабақты таныстыру

Табиғатты аялауға үндеу

Жайқалтса жасыл желек жапырағын, аймағым ажарлана түседі. Табиғаттың осындай сұлулығын сақтауға барша жанды шақырамын.

Жапырақ — таза ауаның қоймасы. Таза ауа — жанға дауа, баға жетпес қазына. Ағаш егіп, оны ұрпаққа мирас етсек, сауапты іс жасаймыз.

Жапыраққа зор мән берейік: ол Күн нұрынан нәр алып, фотосинтез үдерісі арқылы оттегін бөледі. Жапырақтан бөлінетін оттегі ауаға таралып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлес қосады.

Таза ауа Жапырақтың маңызы Ағаш егу Фотосинтез

Р. Сәтімбеков

Ашық сабақ: §20 — Жапырақтың түрөзгерістері

Бұл сабақта оқушылар жапырақтың түрөзгерістерінің пайда болу себептерін және олардың негізгі түрлерін меңгереді. Материал табиғаттағы бейімделу құбылыстарын түсінуге және өсімдіктер дүниесіне қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды жапырақтың түрөзгерістерінің пайда болу себептерімен және түрлерімен таныстыру.

Сабақтың түрі мен әдісі

  • Түрі: аралас сабақ
  • Әдісі: интерактивті әдіс

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Жапырақтың тікенге, қабыршаққа және мұртшаға айналуына байланысты білім беру.

Дамытушылық

Шырынды, жетілмеген және аулау құралына айналған жапырақтарды түсіндіру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік

Биология пәніне қызығушылықты арттырып, өсімдіктерді сүюге және оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

  • География
  • Экология
  • Тарих

Көрнекілік құралдар

  • Слайдтар, кестелер
  • Интерактивті тақта, электронды оқулық
  • Үлгілер: қырықжапырақ, пияз, картоп, кактус және т.б.

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқушыларды түгендеу
    • Кезекшілер міндетін орындау
  2. II. Үй тапсырмасын пысықтау

    • «Кім жылдам?» — меннен сұрақ, сізден жауап
    • «Ойлан тап!» — суреттермен жұмыс
    • «Миға шабуыл!» — логикалық сұрақтар
  3. III. Жаңа сабақты таныстыру

    Жапырақтың түрөзгерістері, олардың қызметі және бейімделудегі рөлі бойынша негізгі түсініктермен жұмыс.

  4. IV. Сабақты бекіту

    • Бекіту сұрақтары
    • «Біліміңді тексер» тапсырмалары
  5. V. Үй тапсырмасы

    §20 тақырыбын оқу және жапырақ түрөзгерістеріне мысалдар келтіру.

  6. VI. Бағалау

    Оқушылардың жауаптары, белсенділігі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау.