Ана өлеңінің мазмұнын білу
5-сынып әдебиет пәні: қысқа мерзімді жоспар
Бұл жоспар 5-сынып оқушыларына арналған әдебиет сабақтарын жүйелі ұйымдастыруға көмектеседі. Негізгі назар ана бейнесін көркем мәтін арқылы тануға, қоғамдағы әйел рөлін пайымдауға және оқушының өз ойын сауатты жеткізу дағдыларын дамытуға бағытталады.
Тақырыптар
- 1 Қадыр Мырза Әли — «Ана» өлеңі
- 2 Қабдеш Жұмаділов — «Қозыкүрең» әңгімесін оқыту
- 3 «Қозыкүрең» әңгімесінің көркемдік ерекшелігі
- 4 Қозыкүрең бейнесі
Мақсаты
Білу
«Ана» өлеңінің мазмұнын біледі.
Түсіну
Ананың және әйел азаматшалардың қазіргі қоғамдағы рөлі туралы түсінік қалыптастырады.
Қолдану
Мәтін мазмұны бойынша ой қорытып, дәлел келтіре отырып өз пікірін білдіреді.
Күтілетін нәтиже
- Өлеңнің мазмұнын толық түсініп, жүйелі түрде айтып бере алады.
- Ана мен Отан ұғымдарын қатар қоя отырып, «ана» түсінігінің кең ауқымды екенін ұғынады.
- Әйел азаматшалардың қоғамдағы рөлі туралы өзіндік пікір қалыптастырады.