Орталығы қай қала

Сабақтың тақырыбы

Ақ Орда (ХІV–ХV ғасырдың басы)

Сабақтың түрі

Аралас

Пәнаралық байланыс

География, қазақ тілі

Көрнекілік

Карта, слайд, топшамалар, плакаттар

Сабақтың мақсаты

Білімділік мақсаты

  • Ақ Орданың XIV–XV ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында өмір сүргенін және орта ғасырларда Қазақстан жерінде құрылған алғашқы мемлекеттердің бірі екенін түсіндіру.
  • Ақ Орданың тарихы, ішкі және сыртқы саясаты, экономикалық жағдайы туралы жүйелі мәлімет беру.
  • Ақ Орда тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстыра талдату.

Дамытушылық мақсаты

  • Оқушыларды тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыландыру.
  • Топпен жұмыс істеу және пікір алмасу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

  • Отанға деген патриоттық сезімді қалыптастыру.
  • Тарих пәніне қызығушылықты арттыру, белсенділікті көтеру.
  • Өз бетінше талдау жасай алатын тұлға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Блум таксономиясы Деңгейлеп-саралап оқыту СТО Серпілген сауал Ойлан–Бірік–Жұптас Аристотель әдісі Түйінді сөздер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, сыныптың дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен жұмыс форматын қысқаша таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Қарлы кесек» ойыны

Маусымға байланысты сұрақ-жауап арқылы оқушылардың дайындық деңгейі анықталады.

  1. Алтын Орданың алғашқы орталығы: Сарай-Бату.
  2. 1227–1255 жж. Алтын Орданы билеген хан: Батый хан.
  3. Батый хан: Алтын Орданың негізін қалаушы.
  4. Әзірбайжан жерінде мешіт салдырған хан: Берке хан.
  5. Мұсылман діні мемлекеттік дін деп жарияланған кезең: Өзбек хан.
  1. Тоқтамыс Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеген жыл: 1382.
  2. Алтын Орданың соңғы ханы: Шейх-Ахмед.
  3. Алтын Ордада салық жинауға жауапты адамдар: даруға.
  4. 1342–1357 жж. Алтын Орданы билеген хан: Жәнібек хан.
  5. «Алтын Орда» атауының түсіндірмесі: алтын босағалы Ақ Орда ұғымымен байланыстырылып түсіндіріледі.

III. Қызығушылықты ояту (2 минут)

  • Суреттегі ғимарат таныс па?
  • Қайда орналасқан?
  • Қалай аталады?
  • Неге Президент резиденциясы «Ақорда» деп аталған?

IV. Жаңа сабақ: Ақ Орда (ХІV–ХV ғасырдың басы)

«Ақорда» — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Алайда бүгін біз «Ақ Орда» атауының тарихи мәнін ашып, XIV–XV ғасырлардағы мемлекет ретінде оның орны мен рөлін қарастырамыз.

Сабақтың ерекшелігі: тапсырмалар деңгей бойынша ұйымдастырылады. Әр оқушы тапсырманы жеке орындап, нәтижесіне қарай 5 / 4 / 3 бағасын алады.

1-топ: «Алтын Орда»

Жоғары деңгейлік тапсырмалар

2-топ: «Көк Орда»

Орта деңгейлік тапсырмалар

3-топ: «Боз Орда»

Қарапайым деңгейлік тапсырмалар

V. Мәтінмен жұмыс: топтық жұмыс және постер қорғау

Әр топқа қима қағаздар немесе суреттер беріліп, оқушылар сөздерді құрастыра отырып тақырыпты ашады. Нәтижесінде плакат әзірленіп, топтар бір-біріне түсіндіреді.

1-топ (қызыл)

Ақ Орданың ішкі және сыртқы саяси жағдайы

Ерзен Мүбәрак Ұрұс хан 1327–1328 1368–1369 1374–1375 Түй-Қожа Тоқтамыс Әмір Темір Темір-Мәлік 1379 1380 Барақ 1428 Әбілқайыр хан

Қорытынды идея: XV ғасырда Ұрұс хан ұрпақтары Ақ Орда жерінде Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына негіз қалады.

2-топ (көк)

Ақ Орданың құрылуы және жер аумағы

Қыпшақтар Қоңырат Арғын Алшын Қаңлы Керей Үйсін Найман Түркі тілдес тайпалар Сығанақ Орда Ежен Шайбан ХІV–ХV ғғ.

3-топ (жасыл)

Шаруашылығы

  • Егіншілік (отырықшы аймақтар).
  • Көшпелі мал шаруашылығы.
  • Жартылай көшпелі мал шаруашылығы.

VI. Жеке жұмыс: Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар

Білу

I-топ

Ақ Орданың ішкі және сыртқы саяси жағдайы қандай? Елді кімдер, қай жылдары басқарды? Тізбектеп ата.

II-топ

Ақ Орданың жер аумағы қайда орналасқан? Мемлекеттің құрылу барысын сипатта.

III-топ

Ақ Орда халқының негізгі шаруашылық түрлерін ата.

Түсіну: «Сұрақтар түймедағы»

I-топ — нақтылау сұрақтары

  1. Елді басқарған хандарды нақтылап ата.
  2. Ақ Орданың жер аумағын картадан көрсет.
  3. «Ақ Орда» атауының себебі неде?
  4. Қазақ хандығының құрылуына қай мемлекет негіз болды?
  5. Ақ Орда тұрғындарының жер өңдеумен айналысқанын дәлелде.

II-топ — түсіндірмелі сұрақтар

  1. Неге Тоқтамыс Әмір Темірге тәуелді болудан бас тартты?
  2. Ақ Орданың этникалық құрамын нақтылап ата.
  3. Қай ханның тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан оқшаулана бастады?
  4. Неге Мүбәрак пен Ұрұс хан өз атынан теңге соқтырды? Ойыңды негізде.
  5. Ерзен хан қай қалаларда мешіт салдырды?

III-топ — қарапайым сұрақтар

  1. Ақ Орда мемлекеті қай ғасырларда өмір сүрді?
  2. Орталығы қай қала болды?
  3. Қай хан тұсында қалалық мәдениет дами түсті?
  4. Халқы қандай шаруашылықпен айналысты?
  5. Ақ Орданың алғашқы ханы кім?

Қолдану

I-топ — математикалық есептер

  • (286 + 2368) : 2 = 1327 — Мүбәрак хан Сығанақта теңге соқтырды.
  • (1345 − 1003) × 4 = 1368 — Ұрұс хан Сығанақта теңге соқтырды.
  • (3966 + 318) : 3 = 1428 — билік Шығыс Дешті Қыпшақта Шайбани әулетінің өкілі Әбілқайыр ханға өтті.

II-топ — бос орынды толтыр

Ақ Орда — ________ аумағында ________ кейін құрылған алғашқы мемлекеттердің бірі. Орталығы ________ өзенінің орта ағысы бойындағы ________ қаласы болды.

Ақ Орда ________ өзенінен ________ ойпатына дейінгі, Сырдарияның ________ және ________ ағысы аралығындағы кең-байтақ аумақты алып жатты.

________ жылдары мемлекеттің астанасы ________ қаласы болды; бір жылдың ішінде ________ хан ауысты. Осы талас-тартысты дер кезінде пайдаланған Орда Ежен ұрпағы ________ хан билікті өз қолына алып, мемлекеттің күш-қуатын нығайтты.

III-топ — ассоциация құру

«Ақ Орда» ұғымына қатысты негізгі ассоциациялар мен кілт сөздерді жазыңдар (аумақ, астана, тайпалар, шаруашылық, хандар, саяси үдерістер).

Талдау

I-топ

Алтын Орда мен Ақ Орда арасындағы айырмашылықтарды талда.

II-топ

Алтын Орда мен Ақ Орда арасындағы ұқсастықтарды талда.

III-топ

Неліктен мемлекет «Ақ Орда» деп аталды? Дәлелдер келтір.

Жинақтау

I-топ

Астанадағы «Ақорда» резиденциясы атауы мен XIV–XV ғасырлардағы Ақ Орда мемлекеті атауының арасында байланыс бар ма?

II-топ

Тақырыптың түйінді сөздерін жинақта (негізгі ұғымдар мен есімдер).

III-топ

Ақ Орда билеуші хандарын тізбектеп жазып, қысқаша қорытынды жаса.

Бағалау

  • Бүгінгі сабақтағы жетістіктеріңді ата.
  • Оқыған материалдың құндылығы неде?
  • Өз ойыңды қысқаша тұжырымда.

VII. Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Екі ұнаған тұсты және бір жақсартуға болатын ұсынысты жазыңдар.

«Бағдаршам»

Түсіну деңгейін белгіле: жасыл — түсіндім, сары — сұрағым бар, қызыл — қосымша түсіндіру керек.

Үй тапсырмасы

«Ақ Орда мемлекеті» тақырыбында эссе жазу.