Көңілді кеш

Көңілді кеш

Жоғары сынып оқушылары арасында химия пәнінен ұйымдастырылатын сайыс-кеш. Мақсат — алған білімді тереңдетіп, оны шығармашылықпен қолдану дағдысын қалыптастыру және пәнге қызығушылықты арттыру.

Білімділік

Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтыру, оны іс жүзінде шығармашылықпен қолдануға үйрету.

Дамытушылық

Танымдық қабілет деңгейін байқап, көзқарасын қалыптастыру, ойлау мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік

Химия пәніне қызығушылықты арттырып, ұжымда жұмыс істеу мәдениетін нығайту.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Химияның ғажайып әлеміне үңіліп, құдіретін сезіну үшін бүгін біз жоғары сыныптар арасында «Көңілді кеш» сайысын өткізгелі отырмыз.

Кешімізді Ғали Ормановтың химия кереметтерін суреттейтін өлең жолдарымен бастауға рұқсат етіңіздер:

Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия,
Жаңарып бірі жаралған.

Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге.

«Көңілді кеш» сайысына қош келдіңіздер! Жарысымыз жемісті болсын, озып шықсын — кім білімді, кім күшті!

Әділ бағасын беретін қазылар алқасымен танысуға кезек берейік.

Кештің жоспары

  1. 1 «Сәлем — сөздің анасы»
  2. 2 «Ойлы болсаң — тауып көр»
  3. 3 «Формула жаза білесің бе?»
  4. 4 «Полиглот»
  5. 5 «Құрастыру» (топтық жұмыс)

I кезең: «Сәлем — сөздің анасы»

Қазақ даналығы: «Сәлем — сөздің анасы». Бұл кезеңде топ басшылары өз топ мүшелерін қысқаша таныстырып, қарсыластарына химия тілінде құттықтау айтып, сәттілік тілейді.

Бір қызықты дерек: Дармштадт гимназиясының директоры Юстус Либихтен болашақ мамандығын сұрағанда, ол: «Мен химик болғым келеді!» — деп жауап берген екен. Ол заманда мұндай жауап көпшілікке тосын көрініп, күлкі тудырған. Өйткені химияны жаратылыстану ғылымының қолданбалы бөлігі ретінде ғана қабылдап, оған жеткілікті көңіл бөлмейтін. Бүгінде бұл мамандыққа ешкім таңданбайды — химияның заманауи дамуы қуантады. Демек, химик болу үшін ең алдымен ойлы болу маңызды.

II кезең: «Ойлы болсаң — тауып көр»

Бұл кезеңде әр топ ұяшық таңдап, сұраққа жауап береді. Ұпай ұяшық нөміріне сәйкес беріледі. Сұрақтардың ішінде бейнесұрақтар да бар.

Ескерту

  • Егер топ жауап бере алмаса, қарсыластар тек қол көтеру арқылы жауап береді.
  • Тәртіп бұзылған жағдайда, тәртіп бұзған оқушының тобынан 5 ұпай шегеріледі.

1-баған

  • 10: Оксидтер дегеніміз не? Мысал келтір.
  • 20: Негіздердің түрлері (суда еритін, суда ерімейтін, екідайлы).
  • 30: Бейнесұрақ.

2-баған

  • 10: Қышқылдар дегеніміз не? Мысал келтір.
  • 20: Сүйекті қаптайтын элемент? (кальций)
  • 30: Бейнесұрақ.

3-баған

  • 10: Тұздар дегеніміз не? Мысал келтір.
  • 20: Қандай ұннан нан пісіруге болмайды? (фосфор ұны)
  • 30: Бейнесұрақ.

4-баған

  • 10: Гидроксидтер дегеніміз не? Мысал келтір.
  • 20: Ең жеңіл металл? (литий)
  • 30: Бейнесұрақ.

Білмейтінін білем деп олжа қуар,
Кейбіреудің әр заттан болжамы бар.
Химияны болжаммен ұға алмайсың —
Формуланың оң жағы, сол жағы бар.

III кезең: «Формула жаза білесің бе?»

Интерактивті тақта арқылы оқу бағдарламасына сәйкес заттардың формулаларын жазу тапсырмасы беріледі (мұғалім формулаларды өз қалауынша таңдай алады).

Зат атауы Формула
1 Күкірт(IV) оксиді SO2
2 Кальций оксиді CaO
3 Магний гидроксиді Mg(OH)2
4 Азот қышқылы HNO3
5 Кальций силикаты CaSiO3
6 Натрий дигидроортофосфаты NaH2PO4
7 Магний гидрокарбонаты Mg(HCO3)2
8 Аммиак NH3
9 Фосфин PH3
10 Метан CH4
11 Аммоний сульфаты (NH4)2SO4
12 Күкіртсутек H2S
13 Патша арағы HCl + 3HNO3
14 Фосфор қышқылы H3PO4
15 Натрий гидроксиді NaOH
16 Алюминий оксиді Al2O3