Өлкелік материалды қолдана отырып, оқушыларға өмірмен байланыстыра оқуды үйретіп танымдық дағдысын қалыптастыру
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, А. Қоңқабаев атындағы орта мектебі (мемлекеттік мекеме)
География пәні мұғалімі: Абилов Айдын Байжанұлы
«Өлкетану» курсы бойынша «Ақкөл ауылының географиялық орны және табиғаты» тақырыбындағы әдістемелік көмекші құралға арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар.
Алғысөз
Бұл жинақта «Өлкетану» курсының жоспары мен сабақ құрылымдары ұсынылады. Берілген үлгілерде сабақтың тиімді ұйымдастырылуы жан-жақты қарастырылып, әртүрлі шығармашылық және деңгейлік тапсырмалар енгізілді.
Негізгі мақсатым — оқушылардың өзіндік ізденісін арттыру арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар «Өлкетану» курсы аясында оқушылардың бойына туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіру көзделеді.
Сабақ құрылымдарында оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін байытуға, логикалық ойлауын дамытуға және танымдық қабілетін жетілдіруге бағытталған тапсырмалар қамтылды. Жаңа білімді оқушының өз бетінше алуына бағдарланған дамытушылық сипаттағы сабақ үлгілері мұғалімнің жеке іс-тәжірибесінен алынған әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Негізгі басымдық
Оқушының өздігінен ізденуі, шығармашылық ойлауы және қорытынды жасау дағдысы.
Тәрбиелік бағдар
Туған жерді сүю, Отанға құрмет, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру.
«Өлкетану» курсының бағдарламасы
Жалпы білім беретін мектептердегі өлкетану жұмыстарының сапасын арттыру үшін оқушыларда Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін нығайту, нағыз қазақы патриотизмге тәрбиелеу деңгейін көтеру және оқытуды күнделікті өмірмен тығыз байланыста ұйымдастыру қажет.
Курсты өтудегі негізгі мақсат
География пәні бойынша білім деңгейін көтеру үшін оқушылардың туған жері мен өлкесін тереңдете оқыту.
Оқыту тәсілі
- Өлкелік материалды пайдалана отырып, білімді өмірмен байланыстыра оқыту.
- Оқушылардың танымдық дағдыларын жүйелі қалыптастыру.
- Қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеуге бағыттау.
Тәрбиелік және зерттеушілік міндеттер
- Өлкені сүюге және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
- Өлкенің зерттелу тарихын және геологиялық құрылысын қарастыру.
- Климат, ішкі сулар, табиғи ресурстар, экология тақырыптарын меңгерту.
- Жергілікті өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы туралы білімді кеңейту.
- Өз бетінше талдау жасап, қорытынды шығаруға үйрету.