Білімді бақылау

Сабақ жоспары Жаңа сабақ Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ана тілі

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі

Бұл сабақтың мазмұны қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар оқушылар туған жердің табиғатына «саяхат» жасап, ел тарихына қатысты мағлұматтарын толықтырады.

Білімділік

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі туралы білімін кеңейту.

Дамытушылық

Әңгімелеу, сипаттау, талдау, тәжірибе жасау және бақылау қабілеттерін; оқушылардың белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік

Отанды сүюге, табиғатты қорғауға және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар мен тәсілдер

Көрнекіліктер

  • Схемалар
  • Карта
  • Суреттер

Әдіс-тәсілдер

  • Жұптық жұмыс
  • Талдау
  • Бақылау

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Жақсылықты жақтаймыз,
Әріптерді жаттаймыз.
Кітаппенен дос болып,
Сенімдерді ақтаймыз.

  • Оқушылардың құралдарын түгелдеу.
  • Сабаққа даярлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Отаным менің, байтақ өлкем» тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын сұрау және өз туған жері туралы эссе жазған жұмыстарды тыңдау. Оқушылар мәтінді мазмұндап, жазған эсселерін оқиды; жұмыстар талданады.

Білімді бақылау сұрақтары

  • «Отан» дегенде ойыңа нелер оралады?
  • Алматыдан Үрімшіге қатынайтын пойыз неге «Жібек жолы» деп аталады?
  • Жер көлемі жағынан Қазақстаннан да үлкен қандай мемлекеттерді атай аласың?

Ой ашар: картамен жұмыс

Картадан Каспий теңізін, Батыс Сібір жазығын, Іле Алатауын, Алматы қаласын және өзің туып-өскен жеріңді көрсет.

III. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру

Топтастыру

Негізгі ұғым: батыр. Оқушылар ұғымға қатысты ассоциациялар мен мысалдарды жинақтайды.

Кіріспе

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі туралы негізгі мағлұмат беріледі.

Оқулықпен жұмыс

  • Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
  • Оқушылар тізбектеп оқиды.
  • Мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді.

Суретпен жұмыс

Оқушылар суретке қарап, көргенін сипаттап, өз ойларын айтады және қорытынды жасайды.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы оқушылар назарын қайта шоғырландырады.

Жұптық жұмыс (картамен)

Мәтінде аталған жер-су атауларын картадан тауып, көрсет.

Шығармашылық тапсырма

Неліктен қолбасшылар жекпе-жекке батырлар дайындады?

Сол батырларды білесің бе? Өз ойыңды дәлелмен айт.

Жаңа білімді бекіту: «Мен не үйрендім?»

Білемін

Негізгі ұғымдар мен деректерді жазады.

Мен үшін түсініксіз

Қиын болған тұстарын белгілейді.

Мен үшін жаңа ақпарат

Жаңа білген мәліметтерін қорытындылайды.

Үй тапсырмасы

Тақырып бойынша оқу материалы мен тапсырмалар мұғалімнің нұсқауымен беріледі.

Бағалау

Оқушылар бір-бірінің жұмысын салыстыра отырып, өзара бағалайды.