Сергіту минуты
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой ауылы
Бастауыш сынып мұғалімі: Мухтарова Гүлмира Танжарбаевна
Сабақ тақырыбы
Негізгі және туынды зат есім
Сабақ түрі мен типі
- Түрі:
- білім мен іскерлік дағдыны қалыптастыру
- Типі:
- аралас сабақ
Сабақ мақсаты
Білімдік
Оқушылардың негізгі және туынды зат есім туралы білімін тереңдету; сауатты жазуға және мәнерлеп сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық
Тілдік қорын байыту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Еңбекқорлыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы
-
1. Ұйымдастыру
-
2. Психологиялық дайындық
-
3. Өткенді пысықтау (үй тапсырмасын тексеру)
-
4. Жаңа сабақ
-
5. Ой шақыру
-
6. Мағынаны тану
-
7. Сергіту минуты
-
8. Тақтамен жұмыс
-
9. Қорытынды
-
10. Үйге тапсырма
-
11. Бағалау
І–ІІ. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Ұран
1 Мақсатымыз — білім алу.
2 Міндетіміз — еңбектену.
3 Нәтижеміз — «5» бағасына қол жеткізу.
ІІІ. Өткенді пысықтау (үй тапсырмасын тексеру)
Қайталау сұрақтары
- Зат есімнің сұрақтарын ата.
- Зат есімнің түрлерін атап бер.
4-жаттығуды тексеру
Берілген сөздерді толықтырып жазу:
IV–VI. Жаңа сабақ: ой шақыру және мағынаны тану
Ой шақыру
- Негізгі және туынды зат есім туралы бастапқы түсінік қалыптастыру.
- Н әрпінің көркем жазылуына назар аударту.
Мағынаны тану (оқулықпен жұмыс)
1-жаттығу
Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Мағынасын түсіндіріп, әр сөзге сөйлем құрастыр:
Туынды зат есім жасау
Төмендегі жұрнақтарды қолданып, бірнеше туынды зат есім құрастыр:
VII. Сергіту минуты
Қимыл-қозғалыс арқылы қысқа сергіту жаттығуларын орындау.
VIII. Тақтамен жұмыс
Сөздерді толықтырып, түбір мен қосымшаны ажырат:
Біл…
Бас…
Су…
IX. Қорытынды
Венн диаграммасы арқылы негізгі және туынды зат есімнің ортақ және айырмашылық белгілерін анықтау.
Негізгі зат есім
Түбір сөзден тұрады.
Екеуіне ортақ
Екеуі де зат есім болады.
Туынды зат есім
Жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
X. Үйге тапсырма
5-жаттығу.
XI. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне, тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау.