Менің Отбасым тақырыбында сурет салу

Сабақ туралы мәлімет

Сыныбы

1-сынып

Пәні

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы

Отбасы. Сенің отбасың

Сабақтың түрі

Білім, білік, дағдыны қалыптастыру

Сабақтың типі

Дәстүрлі емес

Оқыту технологиясы

Дамыта оқыту технологиясы

Пәнаралық байланыс

  • Дүниетану
  • Музыка
  • Ана тілі
  • Бейнелеу өнері

Білімділік мақсаты

Оқушылардың отбасы туралы түсінігін қалыптастыру; отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс әрі анық атауға үйрету; әр отбасының өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту; отбасы мүшелерінің міндеттері мен өзара қарым-қатынасы жайлы әңгімелеу. Түрлі тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту.

Дамытушылық мақсаты

Ой-өрісін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін; мәдени ұқыптылық пен әдептілік қасиеттерін; топта жұмыс жасау дағдысын; пәнге қызығушылығын және дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Сауаттылыққа, үлкендерді сыйлауға, жинақылыққа, бірін-бірі тыңдап қадірлеуге, еңбексүйгіштікке және шығармашылыққа тәрбиелеу; жан-жақтылық қасиеттерін шыңдау.

Сабақтың әдістері мен көрнекілігі

Әдістері

  • Көрнекілік, түсіндіру, сөздік әдістер
  • Шығармашылық жұмыс, әңгімелесу, баяндау
  • Өз бетінше жұмыс, нұсқау беру, топтастыру

Көрнекілігі

  • Көрнекі және көркем суреттер
  • Үлестірмелі материалдар
  • Бағалау фишкалары
  • Прожектор

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сабаққа даярлау.
  • Назарларын сабаққа аудару.
  • Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру.

II. Мотивациялық кезең

Бүгінгі дүниетану сабағымыздың тақырыбы — «Отбасы. Сенің отбасың». Адам дүниеге келген сәттен бастап ең жақын, ең қымбат орта — отбасы. Отбасында біз тәрбие алып, адамгершілік құндылықтарды меңгереміз. Сондықтан сабаққа белсене қатысып, ой бөлісуге шақырамын.

Сәлемдесу (қимылмен орындау)

«Қайырлы күн» деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

III. Жаңа сабақ: «Отбасы. Сенің отбасың»

Топтастыру

Отбасы мүшелері туралы ойды жинақтайық:

  • Атасы
  • Әжесі
  • Әкесі
  • Анасы
  • Балалар

Суретпен жұмыс

Суреттерге қарап, отбасындағы әр адамның рөлі мен жақсылығын сипаттаймыз. Тақырыпты ашу үшін төмендегі өлең жолдарын оқимыз.

Өлең: «Менің атам»

Жүзі жарқын, жаны ізгі,

Жан бар ма екен атамдай?

Бірақ бала тәрізді,

Тұрады әкем бата алмай.

Мәнді әрі маңызды,

Толған ылғи ой басы,

Ертегі мен аңыздың

Таусылмайтын қоймасы.

Ой толғау

Өзіңнің отбасың туралы айтып бер.

Бағыттаушы сұрақтар

  • Сені кешке ұйықтатып, таңертең оятатын кім?
  • Отбасында сені қалай еркелетеді?

Өлең: «Менің әжем»

Менің әжем — ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем — гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі — әжем.

Менің әжем — нар әжем,

Көп жасаған қария әжем.

Ауырғанда мен үшін

Әр мейірімі — дәрі әжем.

IV. Оқулықпен жұмыс

Негізгі түсінік

Отбасы — әр адамның шағын отаны. Адам отбасында өсіп-өніп, тәрбие алады. Біз жастайымыздан қамқор болуды, ата-ананы және үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Ең жақын, ең қымбат жандар — жанымыздағы отбасымыз.

Отбасы ата мен әженің ұрпағынан тарай отырып, бірлігі жарасқан шағын мемлекетке айналады.

Мәтін үлгісі (Маржан)

Менің есімім Маржан. Мен 1-сынып оқушысымын. Мен анама үй жинауға көмектесемін. Менің оқуыма ағам және ата-анам көмектеседі. Біз тату-тәтті отбасымыз. Киімдерім шкафта тұрады, ал ойыншықтарымыз бәрімізге ортақ.

Тапсырма

Әр оқушы Маржанның үлгісіне сүйеніп, өз отбасы туралы қысқаша әңгімелейді. Кейін «Мен қолғабыс етемін» тақырыбында пікірлесеміз.

V. Сергіту сәті

Кел, санайық екеуміз:

Бас бармағым

— атам

Балаң үйрек

— апам

Ортан терек

— ағам

Шылдыр шүмек

— мен

Кішкене бөбек

— сен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде бесеуміз.

VI. Дәптермен жұмыс

Тапсырма

Дүниетану жұмыс дәптеріне «Өз отбасым — менің туған үйім» тақырыбында сурет сал.

Талдау

Оқушылар салған суреттерін көрсетіп, қысқаша түсіндіреді: суретте кімдер бар, әрқайсысы не істеп жатыр, отбасыдағы қандай жылылық көрініс тапқан.

VII. Қорытындылау

Сұрақтар

  1. 1Отбасы мүшелерін ата.
  2. 2Үйіңдегі отбасы мүшелерінің міндеттері туралы айтып бер.
  3. 3Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?
  4. 4Ата-анаң қайда жұмыс істейді?

Біз не білдік?

  • Ата мен әже — отбасының тірегі. Оларды сыйлау керек.
  • Ата, әже, әке, ана, ұл, қыз — бәрі отбасы деп аталады.
  • Жылы сөз бен қамқорлық отбасыны жақындастырады.

Қорытынды сөз

Отбасы — әр адамның шағын отаны. Отбасы — шағын мемлекет.

VIII. Үй тапсырмасы

1) Оқу

Мәтінді оқып, түсінігін айтуға дайындалып келу.

2) Шығармашылық тапсырма

«Менің отбасым» тақырыбында сурет салу.

IX. Бағалау және мадақтау

Бағалау

Оқушыларды жұлдызшалар арқылы бағалау.

Мадақтау

Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау және қолдау көрсету.