Мақалды жаз

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Сан есім

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік
  • Іздену

Көрнекіліктер

Мазмұнды суреттер

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Сан есім туралы түсініктерін пысықтау, сұрақтарымен таныстыру; сан есім жөніндегі білімдерін саралап, жинақтау және әрі қарай тереңдету.

Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын байыту; сауатты жазу дағдыларын жетілдіру; сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілік және экологиялық тәрбиеге баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау.

Адамның күлкісі — әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс сезіміміздің сырын ашуға жол береді.

Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер: бір-біріңе қарап жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет!

II. Үй тапсырмасын тексеру

56-жаттығу: «Марқакөл қорығы» тақырыбы бойынша жазылған әңгімелерді оқыту.

III. Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

IV. Жан-жақты білімдерін тексеру

  • Сан есім дегеніміз не?
  • Мысал келтір.

V. Жаңа материалмен жұмыс

Оқулықпен жұмыс: 57-жаттығу

  • Мәтінді түсініп оқы.
  • Сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
  • Сан есімдерге сұрақ қойып, астын сыз.
  • Сан есімдердің түрін анықта: есептік пе, әлде реттік пе?

58-жаттығу

  • Анаграмманы шеш.
  • Сан есімдерді тап және түрін анықта.
  • «Қос» сөзін қандай сан есіммен алмастыруға болатынын айт.

59-жаттығу

Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

61-жаттығу

  • Мәтінді түсініп оқы.
  • Мәтіннен сан есімдермен байланысқан сөздерді бірге теріп жаз.

VII. Қорытындылау

Талқылау сұрақтары

  • Бүгін біз не үйрендік?
  • Сан есімнің сұрақтарын ата.
  • Сан есімнің түрлерін ажырат.

Негізгі ой

Сан есімнің мағынасы, сұрақтары және түрлері (есептік, реттік) бойынша білім бекітіледі және сөйлем ішінде қолдану дағдысы дамытылады.

VIII. Үйге тапсырма

60-жаттығу: ребусті шеш. Қандай мақал шығатынын анықта. Мақалды жазып, сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

IX. Бағалау

Оқушылардың жұмысы тапсырмаларды орындауы, жауаптарының толықтығы және жазу сауаттылығы бойынша бағаланады.