Анаграмма шешу
Сабақ тақырыбы
Информатика: «Алгоритм және программалау» (практикалық жұмыс).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Алгоритм және оның түрлері туралы білімді қайталау және қорыту.
Дамытушылық
Алған білімді әр түрлі бағыттағы есептерді шешуде қолдануға үйрету; есте сақтау мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке және әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың типі
- Қайталау сабағы
- Сабақтың түрі
- Практикалық сабақ
- Оқыту формалары
- Жеке, жұптық жұмыс
- Пәнаралық байланыс
- Ана тілі, математика, бейнелеу өнері
- Көрнекіліктер
- Компьютер, слайдтар, таратпа қағаздар
Пайдаланылатын әдебиеттер
- Н. Т. Ермеков — «Информатика»
- «Информатика: 30 сабақ»
- «Информатика негіздері»
- «Ақпараттық мәдениет негіздері»
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгелдеу.
- Сыныптың белсенділігін ұйымдастыру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы «Алгоритм» тарауы бойынша таратпа қағаздар арқылы тексеріледі. Қосымша тапсырма ретінде анаграмма шешу ұсынылады.
Ескерту
Таратпадағы тапсырмалар деңгейіне қарай сараланып беріледі.
III. Практикалық жұмыс
Оқушылар берілген жұмбақтардың шешуін табады, шешіміне сәйкес суретті Paint графикалық редакторында салады және WordPad мәтіндік редакторында жұмбақ шешуіне байланысты қысқа эссе жазады.
1-жұмбақ
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңайға» дейді.
Жауабы: бағдаршам
2-жұмбақ
Әлсін-әлсін «шыр-шыр» еткен бөпесін,
Бір қолымен көтереді көкешім.
Жауабы: телефон
3-жұмбақ
Ұзынды-қысқа қос тіл,
Он екі цифрмен дос бұл.
Жауабы: сағат
Сергіту сәті
Көзге және қолға арналған қысқа жаттығулар орындалады (1–2 минут).
IV. Сабақты бекіту
«Жұбын табу» ойыны арқылы ұғымдарды сәйкестендіру.
Пернетақта
Перне аппараты
Ақпарат
Мәліметтер
Файл
Мәліметтер блогы
Жүйелік диск
Қатты диск
Қосымша жұп
Фото — сақтау (сәйкестендіру тапсырмасы ретінде беріледі).
V. Сабақты қорытындылау
«Ауыстырмақ» ойыны: әріптердің орнын ауыстырып, дұрыс сөзді табу.
| Берілгені | Дұрыс жауабы |
|---|---|
| қаншыт | тышқан |
| такедис | дискета |
| сорцеспро | процессор |
| магрампро | программа |
| ретпьюком | компьютер |
VI. Үй тапсырмасы
«Алгоритм» тарауын қайталау.
VII. Бағалау
Оқушылардың жұмысы практикалық тапсырмаларды орындау сапасына, дәлдігіне және уақытты тиімді пайдалануына қарай бағаланады.
- Paint-тағы суреттің тақырыпқа сәйкестігі.
- WordPad-тағы эссенің мазмұны мен сауаттылығы.
- Белсенділік және жұптық жұмыстағы ынтымақтастық.