Әділқазылардың бағасы
«Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайыс
Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған эстафеталық жарыс. Бағдарлама балалардың қимыл-қозғалысын дамытуға, спортқа қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Формат
Эстафеталық жарыс
Өту барысы
Сайыс үш бөлімнен тұрады: ұйымдастыру, негізгі бөлім және қорытынды. Барлық кезеңдер балаларға түсінікті, қауіпсіз және көңілді форматта ұйымдастырылады.
I. Ұйымдастыру бөлімі
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма — арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ, жарысқа түсіп қалай да!
Спортшылар әуенмен қарсы алынады. Қатысушылар сап түзеп, өз орындарына орналасады.
II. Негізгі бөлім
Құрметті қонақтар, сайысқа қатысушылар және жанкүйерлер! Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа ортанғы топ балалары және ертегі кейіпкерлері қатысады. Сайысқа 3 топтан 12 бала және топ жетекшілері қатысады.
Қатысушылар
Жалын тобы
Топ басшысы: Аю
- Марғұлан
- Адияш
- Байкен
- Мансур
Шымыр тобы
Топ басшысы: Күшік
- Жалғас
- Самад
- Бақдаулет
- Сағындық
Қыран тобы
Топ басшысы: Түлкі
- Нұртілеу
- Нұрали
- Фархад
- Ж. Әлихан
Әділқазылар алқасы
- Балабақша меңгерушісі: Гүлнара Төлтайқызы
- Балабақша есепшісі: Жанар Жұмажанқызы
- Пән мұғалімі: Айгерім Сапарбекқызы
Таза ауа мен спорт — басты серігіміз. Алға деген ортақ мақсатпен сайысымызды бастайық!
Сайыс кезеңдері
1-тур: Өз тобыңды таныстыр
Әр топ кезекпен өзін таныстырады, ұранын айтады. Әділқазылар мазмұн мен орындау мәнерін бағалайды.
Жалын тобы
Жалындаймыз, жанамыз, біз спортшы боламыз!
Әрқашан біз мықтымыз, бәрін жеңіп шығамыз.
Шымыр тобы
Шынықсаң шымыр боласың, сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл, жақсы азамат боласың.
Қыран тобы
Шымыр, сергек денеміз, спорт сүйер өренбіз!
Біз биіктен самғаймыз, қарсыластан қалмаймыз.
Кезең соңында:
Әділқазылар бағасы жарияланады
2-тур: «Кенгуру»
Топ мүшелері үлкен резеңке доптың үстіне отырып, кедергілер арасымен секіре жүріп айналып өтеді де, кері қайтады.
Кезең соңында әділқазылар ұпай береді.
3-тур: «Хайуанаттарға су бер»
Бір қатысушы үлкен шелектің қасында отырады. Қалған балалар кішкентай шелекпен су тасып, үлкен шелекті толтырады.
Кезең соңында әділқазылар ұпай береді.
4-тур: «Көңілді старт»
Қатысушылар екі-екіден жұптасады. Шығыршықтың ішіне бірге кіріп, кедергілер арасымен айналып өтіп, өз орнына қайтады.
Кезең соңында әділқазылар ұпай береді.
5-тур: «Қырықаяқ»
Балалар бірінің артына бірі тізіліп, «қырықаяқ» болып қозғалады: кедергілерді айналып өтіп, белгіленген жерге дейін барып, кері қайтады.
Кезең соңында әділқазылар ұпай береді.
Ойнайық та ойланайық! Қатардан қалып қоймайық, ортада белсенді болайық, уақытты текке өткізбейік!
III. Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болудың шарты — еңбектену, жалықпау. Біреу озады, біреу кейін қалады. Ең бастысы — жеңілгендер ренжімей, бәрі достықпен тарқаса, ол да үлкен жеңіс.
Барлық турдың ұпайы есептелгенше, қатысушылар «Көңілді жаттығу» биін билейді. Содан соң жеңімпаздар марапатталады.
Нәтижелер
I орын
Шымыр тобы
II орын
Қыран тобы
III орын
Жалын тобы
Құрметті ұстаздар, ақ тілегіміз: берекелі заман болсын, балаларымыз аман болсын! XXI ғасырда, ашық аспан астында денсаулықтарыңыз мықты болып, жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
«Шынықсаң шымыр боласың» жарысы осымен аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рақмет! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!