Өсімдіктердің қозғалу ерекшеліктері
Сабақтың оқу мақсаттары
7.1.6.1 — өсімдіктердің қозғалыс себептерін түсіндіру және қозғалыстың маңызын сипаттау (тропизмдер, таксистер).
Басталуы
Ұйымдастыру кезеңі: топтарға бөлу
Оқушылар заттар арқылы топтарға бөлінеді. Әр оқушы мұғалімге (немесе жүргізушіге) бір ұсақ затын тапсырады: қаламсап, дәптер, кілт, көзілдірік және т.б. Жиналған заттар сөмкеге салынып, әр партаға оқушы санына қарай ретсіз орналастырылады. Оқушылар өз заттары тұрған партаға барып отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сиқырлы жұмыртқа» ойыны
Әр оқушыға жұмыртқа бейнесіндегі форма беріледі. Оқушылар оны жалғастырып салып, жұмыртқадан жаңа зат «пайда болғандай» етіп суретті аяқтайды.
Білу және түсіну
«Уақыт шеңбері» әдісі
Оқушылар берілген мәтінді оқиды. Содан кейін ортаға шығып, шеңбер құрып тұрады. Әр оқушы оқыған мәтіні бойынша 1–2 сөйлем айтып бөліседі.
Өсімдіктердің қозғалыс ерекшеліктері
Өсімдік жасушалары қатты жасуша қабықшасына байланысты пішінін өзгерте алмайды және жиырыла алмайды. Сондықтан жануарлардан айырмашылығы, өсімдік ағзасында бұлшық ет элементтері болмайды және ол белсенді түрде орын ауыстырып қозғала алмайды.
Дегенмен, бұл өсімдік кеңістікте мүлдем қозғалмайды деген сөз емес.
Енжар қозғалыс
Тозаң мен тұқымның жел арқылы тасымалдануы.
Өсу арқылы қозғалыс
Өсімдіктің қажет бағытта өсуі, яғни ортаға бейімделуі.
Өсімдік не үшін қозғалады?
-
Ең алдымен, өсімдік өзіне қолайлы қоршаған орта жағдайларына бағытталуға ұмтылады.
-
Жапырақтар фотосинтез үшін жарықтың мүмкіндігінше көп мөлшерін алуға бағытталады.
-
Тамыр топырақта оңтайлы тереңдікке дейін өсіп, суды және қоректік заттар ерітіндісін сіңіру үдерісін жеңілдетеді.
Өсімдіктердің қозғалысын енді толығырақ қарастырайық.