Венн диаграммасы арқылы ауыл балалары мен Әлкейді салыстыру
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы
Бұлан орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Хамедиева Жанаргүл Максимқызы
Сабақ тақырыбы
Б. Соқпақбаев — «Менің атым Қожа»
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Көрнекіліктер
- «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді
- Автордың суреті
- Слайд материалдары
Сабақтың мақсаты
Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын таныстыру және мәтін мазмұны арқылы оқушылардың ойлау, талдау, сөйлесу дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтижелер
Пәндік нәтиже
- Мәтін мазмұны мен идеясы арқылы баланың шындыққа көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беру.
- Сыни ойлау дағдысын дамыту.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі
- Мәтінді талдау арқылы шығармашылық қабілеттерін ұштау.
Тұлғалық нәтиже
- Мәтіннің көңіл күйі мен авторлық көзқарасты тану қабілеттерін жетілдіру.
- Көркем сөйлеу тілін, ойды және шығармашылық қиялды дамыту.
- Қоршаған ортаға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Амандасу:
— Көңіл күйлеріңіз қалай?
— Керемет! (қолдарын жоғары көтереді)
— Сабаққа дайындықтарың қалай?
— Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
Сабаққа дайындық тексеріледі.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Ахат Жақсыбаев — «Оқымысты бала»
- Әңгімеде кім туралы айтылған?
- Әлкей бейнесінен нені үлгі етуге болады?
- Әңгімедегі Әлкей есейгенде кім болған?
Тірек дерек
Әлкей Марғұлан 1904 жылы 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол — ғалым, әдебиеттанушы, археолог.
Ұғымдарды нақтылау
- Ғалым — ізденіп, зерттеп, жаңалық ашатын адам.
- Ғылым — зерттелетін білім салалары және жаңалықтар жүйесі.
- Қандай адамдар ғалым болады деп ойлайсыңдар?
- «Оқымысты» деп қандай адамды айтамыз?
Венн диаграммасы
Ауыл балалары мен Әлкейді салыстыру.
«Бес жолды өлең» әдісі
Не? Білім
Қандай? Терең, маңызды
Не істейді? Ұмытылмайды, молайтады, алға жетелейді
Сөйлем: Білім адамды көкке көтереді
Синоним: Ғылым
Қорытындылау
-
Әңгіменің аты
«Оқымысты бала»
-
Авторы
А. Жақсыбаев
-
Кейіпкерлер
Автор, балалар, Әлкей
-
Негізгі ой
Әлкейдің кітап оқуға, білімге құштарлығы
Ойтұжырым: Дана Абай адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез сияқты қасиеттерімен ғана озатынын айтқан. Әлкейдің айрықша жақсы қасиеті — кітап оқуға құмарлығы.
3) Қызығушылықты ояту
Сұрақ
Сендер қандай шет тілдерін оқисыңдар?
«Танысу» ойыны
Екі оқушы тақтаға шығып, орыс және ағылшын тілдерінде қысқа диалог құрайды.
Талқылау: Диалог дегеніміз не?
Байқау: біз диалог арқылы сөйлескенде, бүгінгі басты кейіпкеріміз монолог арқылы сөйлеуді ұсынады.
4) Мағынаны тану
Бүгін Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасымен танысамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген.
Белгілі шығармалары:
- «Менің атым Қожа» (өзім туралы повесть)
- «Жекпе-жек»
- «Қайдасың, Гаухар?»
- «Өлгендер қайтып келмейді»
- «Аяжан»
- «Балалық шаққа саяхат»
- «16 жасар чемпион»
- «Алыстағы ауылда» және т.б.
Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді тізбектей оқыту.
- «Талқылау әдісі» арқылы мәтінді талдау.
Жұптық жұмыс алгоритмі
- Оқушылар көршісімен жұп құрайды.
- Мәтінді қайта шолып, тірек сөздер тізбегін жасайды.
- Жұпта біреуі — мұғалім, біреуі — оқушы рөлін алады; кейін рөл ауыстырады.
- «Мұғалім» оқушыны 5 балдық жүйемен бағалайды.
- «Мұғалім» жауапты мәтінмен салыстырады, ал «оқушы» тек өз жазбасына сүйенеді.
- Келесі кезеңде «мұғалім» рөлін басқа жұптан оқушы атқарады.
- Қойылған бағалар бойынша сабақтың үздік оқушысы анықталады.
Негізгі сұрақтар
- Басты кейіпкеріміз бізге қалайша «қарсы шықты»?
- Монолог деген не?
Анықтамасы оқылады, дәптерге жазылады.
Фильмнен үзінді
«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.
5) Талдау және салыстыру
Венн диаграммасы (тақтамен жұмыс)
Қожаның жағымды жақтары
- Өз ісіне есеп бере алады.
- Жағымсыз іс-әрекетін түзетуге талпынады.
- Өзін-өзі тәрбиелейді.
- Үлкенді сыйлайды.
Қожаның жағымсыз жақтары
- Тәртіпсіз.
- Аңқау.
- Өтірік айтуы мүмкін.
- Сотқар.
«Кіші дөңгелек үстел» стратегиясы
Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Тентек Қожа» және «Ақылды Қожа». Әр топқа қағаз және түрлі фломастер беріледі.
- Әр оқушы тақырып бойынша бір сөйлемнен жазады.
- Топ жұмысының нәтижесін бір оқушы оқып береді.
6) Қорытынды
Автор ойы
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы: «Шығарманы жазудағы ең басты мақсатым — жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа — есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға жаман бала, қиын бала болып көрініп, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес», — деген.
Тілек
Өмірде адаспай, өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін.
7) Үй тапсырмасы
«Мен әдепті баламын» тақырыбында эссе жазу.
8) Бағалау
Критериалды бағалау әдісі арқылы 5 балдық жүйемен бағалау жүргізіледі.