Қатені тап

Шығыс Қазақстан облысы · Үржар ауданы · Үржар ауылы

КММ Крупская атындағы орта мектеп-балабақша

Информатика пәні мұғалімі: Рахимова Майра Жексембайқызы

Сынып: 7

Сабақ тақырыбы және мақсаттары

Тақырыбы

Құрал-саймандар және пішімдеу тақтасы.

Мақсаты

  • WordPad бағдарламасындағы құрал-саймандар тақтасын пайдаланып жұмыс істеуді меңгерту.
  • Мәтінді бояу, қаріпті өзгерту, жартылай қалың, курсив және асты сызылған түрлерін қолдану.

Тәрбиелік мәні

  • Пәнге қызығушылық пен оқу ынтасын арттыру.
  • Практикалық дағдыларды қалыптастыру.
  • Адамгершілікке және имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

ДК-де жұмыс Таратпа материалдар Плакаттар Жұмыс дәптері

Жаңа сабақ: құрал-саймандар және пішімдеу тақтасы

Құрал-саймандар тақтасы

Құрал-саймандар тақтасында жиі қолданылатын командаларды жылдам шақыруға арналған батырмалар орналасады.

Әр батырманың қызметін білу үшін маус нұсқағышын батырманың үстіне апарып тұрыңыз: аз уақыттан соң батырманың қысқаша атауы жазылған шағын терезе (көмекші белгі) пайда болады. Батырма атауы оның атқаратын қызметін білдіреді.

Пішімдеу тақтасы

Терезеде орналасқан екінші тақта — пішімдеу тақтасы. Бұл тақта мәтінді пішімдеу командаларына тез қол жеткізуге мүмкіндік береді.

  • Қаріп түрін және өлшемін өзгерту
  • Жартылай қалың, курсив, асты сызылған мәтін қолдану
  • Мәтін түсін өзгерту

WordPad-тағы меңзерлер

WordPad бағдарламасында екі меңзер қолданылады: кірістіру нүктесі және I-меңзер.

Кірістіру нүктесі

Өшіп-жанып тұратын тік сызықша. Ол мәтін енгізілгенде символдың қай жерде пайда болатынын көрсетеді.

I-меңзер

Жұмыс аймағында маус нұсқағышы латынның I әрпі түрінде көрінеді.

Сабақ барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру
  3. 3 Жаңа сабақ
  4. 4 Ойындар мен тапсырмалар
  5. 5 Қорытынды және бағалау
  6. 6 Үйге тапсырма: 5.1 тақырып (жұмыс дәптері)