Көктемгі ауа райындағы өзгеріс

Сабақ тақырыбы

Адамның көктемгі еңбегі.

Сабақтың мақсаты

  • Жыл мезгілдері туралы қайталап, көктем мезгіліндегі адамдардың еңбегімен таныстыру.
  • Ұжымдық еңбекке баулу.
  • Білім мен дағдыларды дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын сұрау және қысқаша талқылау.

III. Өткен сабақты еске түсіру

  • Қыста өлі табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Ағаштар мен бұталардың қандай мүшелері сақталады? Олардың аттарын атаңдар.
  • Қыста жапырағы түспейтін өсімдіктерді атаңдар.
  • Адамның қысқы еңбегі туралы не білесіңдер?

IV. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, күтілетін нәтижелерді нақтылау.

Жаңа сабақ

1) Жыл мезгілдері мен айлар

Оқушылар жыл мезгілдерін және олардың айларын атап шығады.

Тапсырма

Жыл мезгілдерін ата.

Тапсырма

Айларды ретімен айт.

2) Көктемгі ауа райындағы өзгерістер

  • Күннің жылынуы, қардың еруі, өзен-судың тасуы.
  • Табиғаттың жаңаруы, құстардың оралуы.
  • Өсімдіктердің бүршік атуы, жердің көгеруі.

3) Адамдардың көктемгі еңбегі

Көктем — еңбек қызатын мезгіл. Дала жұмыстары басталып, егін егуге, жерді өңдеуге, бақ пен аула күтіміне ерекше мән беріледі.

Егістікте

Жер жырту, тырмалау, тұқым себу, суару.

Бақта

Ағаштарды күту, бұтақтарын қырқу, көшет отырғызу.

4) Көшет қалай дайындалады?

  1. 1 Тұқым таңдалып, топырақ дайындалады.
  2. 2 Тұқым себіліп, дер кезінде суарылады.
  3. 3 Көшет көктеп шыққан соң күтіліп, шынықтырылады.
  4. 4 Дайын көшет ашық жерге отырғызуға әзірленеді.

Жаңа білімді бекіту

Мақал-мәтелдер

  • Жері байдың — елі бай.

  • Еңбек етсең емерсің.

  • Еңбек түбі — зейнет.

  • Жер саулығы — адамның денсаулығы.

Сұрақ-жауап

  • ? Егісті қалай күтеді?
  • ? Бақта қандай жұмыс түрлері орындалады?
  • ? Өз ауылыңдағы көктемгі еңбек туралы не білесің?

Оқу тапсырмасы

Ә. Дүйсенбиевтің «Көктем» өлеңін оқып беру.

Сабақты қорытындылау

Қорытынды сұрақ

Бүгін біз не туралы білдік?

Оқушылар көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін және адамдардың көктемгі еңбегінің түрлерін қайталап, негізгі ұғымдарды бекітеді.