Қаз нешеу
Тақырыбы
Көңілділер тапқыштар клубы
Мақсаты
- Математикалық-логикалық есептерді шығара білуге үйрету.
- Математикаға деген қызығушылықты арттыру.
Көрнекілігі
Үшбұрыштар мен төртбұрыштар сызылған плакаттар, сандар, есептер жазылған дидактикалық материалдар және т.б.
Барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: «Балалар, бүгін біз “Көңілділер тапқыштар клубы” ойын-сайысын екі топқа бөлініп өткіземіз. Төрешілер алқасын сайлап, ортаға шақырып, сөз кезегін берейік».
Төрешілер алқасы сайыс шарттарымен таныстырады:
- Сұраққа жауап беру үшін 10 секунд беріледі.
- Дұрыс жауап берген командаға — 5 ұпай.
- Дұрыс, бірақ толық емес жауапқа — 3 ұпай.
- Жауап бере алмаған топқа — 0 ұпай.
- Орнынан айқайлаған, тәртіп бұзған топтан — 2 ұпай шегеріледі.
- Төраға шешімі талқыға салынбайды.
«Енді ортаға жүргізушілерді шақырып, сайысымызды бастайық».
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Уа, жарандар, жарандар, Мына бізге қараңдар! Мінеки, залда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. Ғылымдардың ғылымы — математика жайында ойын-сайысымызды бастаймыз!
2-жүргізуші
Жас достарым, мұны жақсы ұғайық, Математика құрметтеуге лайық. Дүниедегі құбылыстың мәніне, Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де Есептерсіз түсіну мүмкін емес — Есеп — дүние кілті әлі де.
Жүргізушілер екі топты сапқа тұрғызып, сайыстың шарты бойынша сөз кезегін командаларға береді.
2) Сәлемдесу сайысы
1-топ
Алғырлар
Ұраны
Жарыс десе жанамыз, бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемі
Кластас, ерігіп жүрме бос, Қол ұстас, бірігіп тізе қос. Жеңіспен мәреге барайық, Жеңістің ұранын салайық.
Әні
Дос болайық бәріміз! Әрқашан дос біргеміз, Ажырамас іргеміз. Бері жүріңдер, Достық жырын біліңдер. Ту ғып ұстап бірлікті, Еңбекті сүйіңдер! Қайырмасы: Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.
Төрешілер алқасына сәлем
Қолына қалам алатын, Әділ баға беретін, Еңбекті әділ бағалар, Армысыздар, ағалар!
2-топ
Тапқырлар
Ұраны
Қандай сынақ болса да беріспе, әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемі
Біз дайынбыз бұл сайысқа, достарым, Көрсетеміз бізде қандай күш барын. Алға қойған мақсатымыз бір екен, Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
Әні
Дос болайық бәріміз! Әрқашан дос біргеміз, Ажырамас іргеміз. Бері жүріңдер, Достық жырын біліңдер. Ту ғып ұстап бірлікті, Еңбекті сүйіңдер! Қайырмасы: Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.
Төрешілер алқасына сәлем
Алдарыңда — білім жолын қуғандар, Қателессек, көрмеңіздер. Әділ баға беріңіздер!
3) Бапкерлер сайысы
Бапкерлер кезекпен текшені домалатып, түскен беттегі сұрақтарға жауап береді.
4) Байқағыштық
Плакаттағы суреттер бойынша санау, орналастыру және есептеу жұмыстары орындалады.
- 6, 5, 4, 3, 2, 1 цифрларының қосындысы 12 болуы керек.
- Неше үшбұрыш бар?
- Неше шаршы бар?
5) Мықтылар сайысы (халық ауыз есептері)
«Жүз торғай»
ЕсепМектеп ауласына бір топ торғай қонып отыр еді. Басқа жақтан бір торғай ұшып келіп, «мұнда 100 торғай отыр» деп ойлайды. Сөйтсе, ол жүз емес екен: осы топқа тағы сондай топты, тағы оның жартысын және сол жартының жартысын, әрі өзін қосқанда ғана жүз болады екен. Ауладағы торғай нешеу?
Шешуі
Ауладағы торғай санын x дейік. Сонда: x + x + 0.5x + 0.25x + 1 = 100. Бұдан x = 36.
Жауабы: 36 торғай.
«100 қаз»
ЕсепБір топ қаз ұшып келіп қонады да, жолай бір жалғыз қазға жолығады. Топтың бастаушысы: «Ассалаумағалейкум, жалғыз қаз!» дейді. Жалғыз қаз: «Сәләумалейкум! Сіздер нешеусіздер?» деп сұрайды. Бастаушы қаз: «Біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартының жартысын және өзіңді қоссаң — бәріміз 100 боламыз. Өзің есептеп шығар», — дейді. Қаз нешеу?
(Бұл есептің шешуін оқушылар өздері шығарады: берілгені теңдеу құруға ыңғайлы.)
«Төрт жиырма»
ЕсепБаласы әкесінен: «Әке, маған жұмбақ үйретші», — дейді. Әкесі: «Сенің жасыңды үш есе көбейтсе, менің жасым шығады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса, 20 қалады. Мен нешедемін, өзің нешедесің?» — дейді.
Шешуі
Баласы — x, әкесі — 3x. 3x − x = 20 ⇒ x = 10, демек әкесі 30.
Жауабы: баласы 10 жаста, әкесі 30 жаста.
6) Шапшаңдық
«Мықтылар» есеп шығарып жатқанда, әр топтан екі оқушы орындыққа келіп отырады. Алдарында 0-ден 9-ға дейінгі цифрлар жазылған карточкалар болады.
Көбейтіндіні екі цифрмен тез көрсету керек. Мысалы: 5 × 9 = 45. Кім бұрын көрсетсе — сол шапшаң. Ойынды үш рет қайталауға болады.
7) Ойымды жалғастыр
Анықтама, теорема және формулалардың тұжырымдарын үш-үштен қайталау арқылы жалғастыру ойыны өткізіледі.
1-топ бастайды, 2-топ аяқтайды (кезектесіп жалғастырады).
8) Тапқырлық
-
1. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Жауап5
-
2. Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер әрқайсысы екі партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды?
Жауап3
-
3. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады?
Жауап1 сағ. 20 мин. = 80 мин.
-
4. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?
Жауап4 мысық
-
5. Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрды. 72 сағаттан кейін күн көруге бола ма?
ЖауапЖоқ. 72 сағат = 3 тәулік, ол кезде де түн болады.
-
6. Үш әке және алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Әрқайсысына 6-дан алма тиді. Бұл қалай болғаны?
Жауап1 ата, 2 әке, 4 немере.
Қорытынды
Сабақ соңында мұғалім кешті қорытындылайды.
Кешке белсенді қатысқан оқушылар марапатталады.