Жаңаөзен қаласының әкімі кім

Мұнайлы қала – Жаңаөзен

Білімділік

Оқушылардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, еліне деген мақтаныш сезімін ояту.

Дамытушылық

Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

Туған өлкенің табиғатын қорғауға баулу, үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Интербелсенді тақта
  • Буклеттер
  • Слайд-презентация

Тәрбие сағатының барысы

Ұйымдастыру

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жаңаөзен қаласының 45 жылдығына орай ұйымдастырылған 1 «Б» сынып оқушыларының «Мұнайлы қала – Жаңаөзен» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Сұрақ-жауап

  • 1 Біздің қаламыз қалай аталады?
  • 2 Жаңаөзен қаласының әкімі кім?
  • 3 Облысымыз қалай аталады?
  • 4 Біз қай мектепте оқимыз?

Кіріспе: Туған жер туралы қысқаша мәлімет

Жаңаөзен қаласы — Маңғыстау облысындағы қарқынды дамып келе жатқан жас қала. Ол облыс орталығы Ақтау қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан. Қала 1968 жылы қаланған. Биыл қаламыздың құрылғанына 45 жыл толып отыр. Тұрғындар саны шамамен 130 мыңға жуық.

Қала құрылымы

Қалада 17 шағын аудан бар: оның 6-ауы — көп қабатты үйлер, ал қалғаны — жер үйлерден тұратын шағын ауылдар. Сонымен қатар, қалаға іргелес Теңге атты үлкен ауыл орналасқан.

Инфрақұрылым

Қаламызда 22 мектеп, 20-дан астам балабақша, «Мұнайшы» мәдениет үйі, 2 спорт кешені, музыкалық мектеп, қалалық және аудандық емханалар, медициналық колледж, 4 кәсіптік оқу орны, кітапханалар жұмыс істейді.

Табиғаты мен шаруашылығы

Қаланың табиғи-экологиялық сипаты — шөлейтті, жазық дала. Негізгі тіршілік көзі — мұнай және газ өндірісі.

Ауыл шаруашылығында түйе, жылқы, қой өсіру дамыған. Сонымен бірге тігін фабрикалары, сүт және нан зауыттары сияқты кәсіпорындар да бар.

Оқушылардың тақпақтары

Келесі кезекті оқушылардың тақпақтарына берейік (слайд арқылы).

Ақбота (тақпақ)

Жаңаөзен — мұнайшылар астанасы,

Өлкемнен мұнай мен газ табылады.

Жаңаөзен — қара алтынның бас қаласы,

Қоймаға қара алтындар ағылады.

Ақару (тақпақ)

Жаңаөзен, Елбасы өзі қамқор болған,

Еңбекқор аймақтағы ағалардың.

Жаңаөзен — жаңа ғасыр бастамасы,

Бар әлем куә болар бағына әлі.

Маңғыстау туралы шумақтар

Елімнің құты — мұнай берекелі,

Маңғыстау — маң дала, белгілі.

Теңізге төнген сән қала,

Мұнайшы еңбеккерлер тойлап өтпек.

Мұнайлы биік мұнара,

Егемендік мерекесі — елге ортақ.

Отан, өлке, табиғат

Өзім туған өлкеме

Маңғыстау деген өлке бар.

Құлшына мен қараймын,

Маңғыстауым — Отаным.

Мұнайымен танылады,

Мен кішкентай баламын.

Кеңейтілген поэтикалық үзінді

Маңғыстау — туған елім, өскен елім,

Үстірт қорық — мекені талай аңның.

Каспийдей шалқып жатқан теңізім бар,

Газ бен мұнай — қос қазынам, егізім бар.

Маңғыстау — киелі өлкем бұл дүниеде,

Бекетім деп сыйынам әр жүргенде.

Қаратау, Ақтауларым тізбектелген,

Қойнауы бұлақтармен өрнектелген.

Түгі шыққан боз жусан жайылымында,

Ырысты төрт түлікке толы өңірім.

Тарихы бар өзіндік шоқы-қырдың,

Еңбегін бағалаймын Серікболдың.

Туған жер туралы мақал-мәтелдер

  1. 1 Ел мен жер — егіз.
  2. 2 Ел іші — алтын бесік.
  3. 3 Жері байдың — елі бай.
  4. 4 Елің — панаң, жерің — анаң.
  5. 5 Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас.
  6. 6 Өз елің — алтын бесігің.
  7. 7 Өз елім — өлең төсегім.
  8. 8 Туған жердің түтіні де тәтті.
  9. 9 Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
  10. 10 Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.

Музыкалық бөлім

Жүргізушінің сөзі

Жүргізуші: «Құлақтан кіріп, бойды алар әсем ән мен тәтті күй, жүрекке жылы ой салар…» — деп Абай атамыз жырлағандай, ендігі кезекті әнге берейік.

Орындаулар

  • Ән: Ақарудың орындауында «Достық» әні.
  • Ән: «Жас дәрігердің түлегіміз».
  • Гимн: «Менің Қазақстаным».

Қорытынды

Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!