Жүйрік тазы

Балалар, Сағи қайда? Ол «Қазына іздеушілер» фильмін өте жақсы көретін еді ғой. Мүмкін, тағы да қазына іздеуге кеткен шығар.

Мен мына қазына толы сандықшаны жасырып қояйын. Сағи келгенде сұрақ қоя отырып, бұл заттың не екенін өзі анықтауға тырыссын.

Қазынаның сипаттамалары

  • Ол жеті санымен байланысты.
  • Ол алтын түсті.
  • Оны теңіздің астынан іздейді.
  • Ол бәрінен де қымбат.
  • Оны қарақшылар іздейді.

Ойланайық

Ендеше, балалар, «қазына» дегенді қалай түсінесіңдер?

Қазақ халқы жеті санын қасиетті деп таныған. Сол себепті халық дүниетанымында «Жеті қазына» ұғымы ерекше орын алады.

Жеті қазына: дәстүрлі түсінік

Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Халық бұл ұғымды ер жігіттің өмірімен байланыстырып, тіршілікке қажет құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастырған.

1) Жүйрік ат

Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты.

2) Қыран бүркіт

Қыран бүркіті — қуаты.

3) Құмай тазы

Абыройын асқақтатар сенімді серігі.

4) Берен мылтық

Қаһарлы оты.

5) Қанды ауыз қақпан

Серті.

6) Майланғыш ау

Әдіс-айласы.

7) Өткір кездік

Сұсы.

Халық Жеті қазынаны өмір қажеттілігіне негіз еткен. Сондықтан да бұл ұғымды кейде «жеті ырыс» деп те атайды.

Сабақтың құрылымы: «Аптаның жеті күні»

Сабақ басталарда тойдан келген әженің түйіншегіндегі конфеттер арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді: «Қыран бүркіт» және «Жүйрік ат». Бүгінгі сабақ «Аптаның жеті күні» атауымен өтеді.

Дүйсенбі — Бастапқы сөз

«Жеті қазынаны ата» тапсырмасы:

  1. Ер жігіт
  2. Сұлу әйел
  3. Ақыл-білім
  4. Жүйрік ат
  5. Қыран бүркіт
  6. Берен мылтық
  7. Жүйрік тазы

Сейсенбі — Домбыра дастан

Домбыра — қазақ халқының қасиетті аспабы. Оқушыларға домбыраның суреті бейнеленген кеспелер таратылады. Тапсырманы мүлтіксіз орындаған оқушыға домбыра кескіні естелікке қалады.

Атауға арналған ұғымдар

Жеті жетекші, Жеті ғашық, Жеті ғалам, Жеті күн, Жеті жұт, Жеті жоқ, Жеті жетім, Жеті ата, Жеті қат көк, Жеті амал.

Сәрсенбі — «Кім жылдам?»

«Бес жолды өлең» құрастыру тапсырмасы.

Бейсенбі — Топтық жұмыс

«Графити» әдісі бойынша топтар ойларын флипчартқа түсіріп, постер қорғайды.

Жұма — Топ басшылар сайысы

Топ басшылары мақал-мәтелдер бойынша сайыс өткізеді.

Сенбі — Қонақ кәде

Қазақта «қонақ кәде» деген жоралғы бар: келген қонаққа сый ретінде ауылдың алты ауызы айтылады, ал қонақтар тарапынан қонақ кәде жасалады.

Өткен сабақта келесі оқылымға Жеті қазынаға қатысты жұмбақтар дайындау тапсырылған еді. Екі топ жұмбақтарын бір-біріне жасырып, қонақ кәде ретінде орындайды.

Жексенбі — Демалу

Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтаға іледі.